126жм назарқұл Еркебұлан



бет74/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Уникальность-93,80%
Бұлшықет тіндері –дегеніміз ағзамыздың бүкіл түрінің жиырылғыштығы,түрлі құрылымдық элементтердің пішінін өзгертіу қасиеттері бойынша бір топқа жинақталған, алайда шығу тегі,құрылысы және жиырылу сипаты әртүрлі болып келетін тіндердің жиынтығын айтамыз.Жиырылғыштық қасиеті тек бұлшықет тіндеріне емес сонымен қатар белгілі бір мөлшерде ағзамыздың барлық жасушаларына тән қасиет. Олардың барлығындағы жиырылғыштық қасиеті қысқартқыш жасушалардың, актин мен миозиннің кездесуіне тікелей байланысты,осы құрлымдардың бір-бірімен әрекеттесуінің арқасында -жиырылу процесі жүзеге асады.Бұлшықет індерінің басқалардан ерекшелігі-жасушалары мен талшықтарында актомиозинді жиырылғыш аппараты жақсы дамығандығының арқасында,механикалық жұмысты жасауды қамтамасыз етеді.
Бұлшықет тіндерінің жиырылу қасиетіне байланысты ең басты функциясы-қозғалысты қамтамасыз етеді.Бұлшықет тіндерінің арқасында адам кеңістікте қозғалады,жүрек бұлшықеттерінің ырғақты жиырылуын,ішектің перистальтикасын,тамырлардағы қан айналымын,сфинктердің жұмысын және т.б функцияларды қамтамасыз етеді.
Бұлшықет тіндерінің гистогенетикалық жіктелуі:
Бұлшықет тіндерін морфофункциялық және гистогенездік деп 2 топқа жіктейді.
-Морфофункционалды жіктелуі-құрылысы мен атқаратын қызметіне сійкес жіктеледі.Морфофункционалды жіктелуге сәйкес:тегіс салалы және көлденең жолақты бұлшықет деп бөлінеді.Соматикалық көлденең бұлшықет тіндері гистологиялық элементтері яғни талшықтары мен жасушаларындағы көлденең жолақтарымен болуымен сипатталады.Олардың пайда болуы миозин мен актин миофиламенттерінің миофибриллардың құрамына және миофибрилдедің жасушаларында және талшықтарында біркелкі орналасуына тікелей байланысты. Тегіс бұлшықет жасушаларының құрамында миофиламенттері миофибрилді құрамайтындықтан, көлденең жолақтары болмайды.Жасушаларының цитоплазмасы тегіс біртекті болып келеді.
-Гистогенездік жіктелуін Хлопиннің жіктемесіне және эмбрионалды даму көзіне байланысты 5 топқа бөліп қарастырады:1)Миотомдық,2)целомдық,3)мезенхималық, 4)эктодермалық,5)Мионейральдық. Миотомды және целомды тип-көлденең жолақты бұлшықет тіндеріне,Мезенхималық,эктодермалық,мионейральдық топтар-тегіс салалы бұлшықеттерді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет