№13 (8320) 18 ақпан, сәрсенбі, 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі16,1 Mb.
#9466
1   2   3

Е.БЕРКІНБАЕВ,

А.СЕЙІЛОВ (суреттер) 

ЕРЛІККЕ – ТАҒЗЫМ, АРДАГЕРЛЕРГЕ – ҚҰРМЕТ 

1979  жылы  желтоқсан  айында  Кеңес 

үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес 

әскерлерін  енгізу  туралы  шешім  қабылданды. 

Соғыс – зұлымдық, жазықсыз төгілген қан. Та-

рих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жыл-

дарымен  орын  алған  зұлматтың  бірі  –  ауған 

соғысы. Он жыл бойы байтақ елдің тыныштығын 

бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны 

пәк сәбилердің ұйқысын бұзған Ауғанстандағы 

сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды. 

Ақжарма  ауылы  №130  Абай  атындағы 

орта  мектептің  АӘД  пәнінің  мұғалімі 

Ғ.Қараевтың  ұйымдастыруымен  10  «а»  сы-

нып  оқушыларымен  Ауғанстан  жерінен  кеңес 

әскерлерінің шығарылғандығына 26 жыл толуы-

на орай «Ауғандағы азап шеккен арыстар» атты 

мектеп  оқушыларының  ардагерлермен  кезде-

су кеші өтті. Атаулы шара әдеттегідей ҚР-ның 

Әнұранымен  басталды.  Кешті  мектеп  дирек-

торы  Б.Әлиев  сөз  сөйлеп  ашты.  Ол  өз  сөзінде 

азаматтық алу, бейбіт өмірге  қол  жеткізу қай 

халыққа  да  оңай  түспейтінін  және  болашақта 

жастардың осы ардагерлерімізді мәңгі ұлықтап 

жүру керектігін атап өтті. 

Кешке  оқушылар  мен  ардагер  ұстаз 

Ж.Әбілдаев және мектеп қызметкері Қ.Жағыпар 

қатысты.  Кездесу  кешінің  құрметті  қонағы 

ауған  соғысының  ардагері  Достияр  Әлсейіттің 

өмір тарихымен танысып өткен соң, оқушылар 

өз  сауалдарын  қойып,  жауабын  алды.  Он  сегіз 

жасында  соғыс  дәмін  татқан  ардагер  қазіргі 

жастарға үлгі боларлық Отанын қорғау үшін от 

кешкен  өр  тұлға,  нағыз  батыр.  Оқушылардың 

қойған сұрағына жауап бере отырып, соғыстың 

қаншалықты қасірет екенін сездіртті. 

Кештің  әсерлі  өтуіне  мектептің  өнерлі 

оқушылары атсалысты. Отан, туған жер жайлы 

патриоттық әндер айтылды.

Кеш  ортасында  мектебіміздің  1998  жылы 

туылған  ер  балалар  салтанатты  түрде  шақыру 

учаскесіне тіркеу туралы куәлік алды. Және де 

олар өз Отанына адал қызмет ету  үшін ант берді.  

Бұл кеш оқушыларға өте үлкен әсерін берді. От-

анымызды қорғар ер азаматтарымыз барда қазақ 

елі әрдайым Тәуелсіздік тұғырынан түспек емес.



Ұлдана ӘБІЛДАЕВА,

№130 Абай атындағы орта мектептің 

11 «б» сынып оқушысы,

Ақжарма ауылы

АУҒАНДАҒЫ 

АРЫСТАР

К

еңес



 

әскерінің

 Ауғанстаннан шығарылғанына – 26 жыл

Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір Кеңес әскеріне бұл елді 

тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

Он жылға созылып, талай боздақтың өмірін қиып, көптеген шаңыраққа қайғы-

қасірет әкелген ауған соғысының аяқталғанына биыл 26 жыл толып отыр. Қызыл 

империяның саяси мүдделерді көздеген әскери қақтығыстарына 22 мыңнан астам 

қазақстандық өрен қатысып,  мыңдаған қазақстандық жауынгер мүгедек болып, 

мыңға  тарта  азамат  елге  табытпен  оралғаны  тарихтан  мәлім.  Ұрыс  даласын-

да хабар-ошарсыз кетіп, ажал тырнағына ілінгендері қаншама... Олардың Отан 

үшін  жасаған  ерен  ерлігі  мәңгілік  өскелең  ұрпаққа  мәңгі  үлгі  болмақ.  Себебі, 

ұрыс  даласындағы  қанды  шайқаста  құрбан  болған  боздақтардың  барлығы  да 

өз елінің, өз Отанының нағыз патриоттары еді. Отан үшін қаймықпай, болашақ 

ұрпақ бейбіт күннің нұрына бөленсін деген аға буынның ерен ерлігі қазіргі жас 

жеткіншектерге патриоттық тәлім-тәрбие беретін бірден-бір сабақ. Сол себепті 

де біз мектеп оқушыларына Отансүйгіштік бағытта тағылымды тәрбие беру үшін 

ауған соғысына қатысып, ерліктің жанқиярлық көрінісін көрсеткен батырларды 

дәріптеуге тиістіміз. Жас өрендер сонда ғана өз елінің нағыз патриоты атанып, 

егемен еліміздің дамуына серпін бермек.

Кеңес  әскерінің  Ауғанстан  жерінен  шығарылғанына  26  жыл  толуына 

орай  аудан  көлемінде  бірқатар  іс-шаралар  ұйымдастырылды.  Барлық  білім 

ошақтарында ашық сабақтар, кездесулер мен ауған соғысының зардабы туралы 

мағлұматтар берілді. Соның бір парасы ретінде №210 О.Әбілпаттаев атындағы 

орта мектебінің «Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімі Ерболат Садықовтың 

ұйымдастыруымен өткен «Біздің Жеңісіміз – Ұлы Жеңіске!» атты Ауған соғысы 

ардагерлерімен кездесу кешін айтсақ болады. Ауған соғысы ардагерлерімен кез-

десу  арқылы  ауған  соғысы  жайында  кеңінен  мәлімет  алу,  қасіретті  соғыстың 

бейбіт халыққа тигізген  әсері жөнінде оқушыларға мағлұматтар беру, жастар-

ды  ерлікке,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу  мақсатында  ұйымдастырылған  кездесу 

кешіне ауданымыздағы ауған соғысының ардагерлері, аудандық қорғаныс істері 

саласының қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. «Біздің 

Жеңісіміз  –  Ұлы  Жеңіске!»    атты  кездесу  кеші  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік  Әнұранының  орындалуымен  басталды.  Содан  соң,  кездесу  кешін 

мектеп директоры Ә.Көшербаева ашып, ауған соғысының мәні мен маңызы ту-

ралы кеңінен айтып өтті. – Бәрімізге белгілі 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айын-

да төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің өз 

ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 

жылы 25 желтоқсанда КСРО қорғаныс министрі бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес 

әскерін енгізу басталды. Командирлер бұл тапсырманы орындаймыз да келеміз 

деп  ойлаған  болатын.  Бүгінгі  кездесу  кешіне  ауған  соғысының  ардагерлері 

қатысып отыр. Олар бейбіт күннің хас батырлары. Ардагерлерге құрмет қашанда 

көрсетіле  береді.  Біз  алдағы  уақытта  да  мектебімізде  ауған  соғысының  зарда-

бы  туралы  көптеген  іс-шаралар  ұйымдастырамыз,-деп  Отан  үшін  отқа  түскен 

боздақтардың ерлігі ешқашан да ұмытылмайтындығын жеткізді. 

Кездесу кеші оқушылардың дайындаған   қойылымға 

жалғасып, 

олар 

ақындардың ауған соғысы туралы жазған өлеңдерін жатқа оқыды. Мұнан соң, кеш 



қонақтары, ауған соғысының ардагерлері Ғалымжан Арғынбаев пен Ғалымжан 

Байтұрғановқа  сөз  беріліп,  олар  қасіретті  соғыстағы  көрген  қиындықтарымен 

бөлісіп,  бүгінде  мемлекет  тарапынан  ауған  соғысына  қатысқан  жауынгерлерге 

деген қолдау көлемінің  артып келе жатқандығын жеткізді. Оқушылардың қойған 

сұрақтарына  тұщымды  жауап  берген  ардагерлер  соғыс  болмасын,  тыныштық 

салтанат құрған егемен еліміз дами берсін деген тілектерін де айтып өтті.

Кездесу  кешінде  аудандық  қорғаныс  істері  бөлімінің  қызметкері  Жәнібек 

Есепбаев  іс-шараны  жоғары  деңгейде  ұйымдастырған  мектеп  әкімшілігіне  өз 

алғысын  айтып,  ауған  соғысы  ардагерлерінің  нағыз  ержүрек  батыр  екендігін 

тілге тиек етті. – «Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін арпалыс, өлмейсің» 

дейді халқымыз. Отан үшін, біздің бақытты шағымыз үшін жан аямай соғысқан 

ауған соғысы ардагерлері ел алдындағы парызын абыроймен атқарған асыл жан-

дар. Бұл кісілердің ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Ауған қаһармандарын біз 

қадірлеп, құрметтеуге тиістіміз. Ауған соғысының тарихы да, табиғаты да өзгеше. 

Себебі, соғысқа қатысушы әрбір сарбаз оқ пен оттың, өлім мен өмірдің арпалы-

сында күн кешкен. Туған жерден жырақта соғысқан сарбаздар ең құрығанда От-

анына тірі орала ма, жоқ па, соны да білмейтін ең ауыр халді бастан кешкен,- деп 

ауған соғысының тарихынан тереңірек сыр шертті.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  27  маусымдағы  №859 

Қаулысымен        бекітілген    жыл  сайын  қаңтар-наурыз  аралығында  тіркеуге 

тұратын  17  жасқа  толған    Қазақстан  Республикасының  азаматтары  әскерге 

шақыру учаскелеріне тіркелетіндігі белгілі. Ауған соғысы ардагерлерімен кезде-

су  кешінде  №210  О.Әбілпаттаев  атындағы  орта  мектебінде  білім  алып  жатқан  

1998 жылы туылған ер азаматтарға әскерге тіркелу кітапшасын тапсыру рәсімі де 

өтті. Оқушыларға ауған соғысының ардагерлері Ғ.Арғынбаев пен Ғ.Байтұрғанов 

әскерге тіркелу кітапшасын тапсырып,  тілектерін білдірді. 

Іс-шара  барысында  «8»  сынып  оқушысы  А.Өтебаев  «Алға,  Қазақстан», 

тәжірибеден  өтуші  ұстаз  А.Тәжібаев  «Ана-әке»,  мектеп  психологы  Ө.Арықов 

«Көк тудың желбірегені» әнін нақышына келтіре орындап, кездесу қонақтарының 

ықыласына бөленді. Шара соңында ауған соғысы ардагерлеріне мектеп әкімшілігі 

атынан естелік сыйлықтар берілді.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 

және  әлеуметтік  даму  министрлігі  хабарлай-

ды.  Контакт-Орталығына  ақысыз  бірыңғай  1411 

шағын  нөміріне  қоңырау  шалып,  Сіз  өзіңізге 

мүдделі  келесідей  мәселелер  жөнінде  кеңес  ала  ала-

сыз:  Еңбек  қатынастары,    Халықты  жұмыспен 

қамту,  Зейнетақымен  қамсыздандыру,  Әлеуметтік 

қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру. 

Сіз қалалық  және ұялы телефон арқылы  қоңырау 

шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.

• Бұдан басқа, Контакт-Орталыққа   электрондық 

пошта (е-mail -  info@info.mintrud.kz)  немесе интер-

нет (Web порталы: www. info.mintrud.kz) арқылы өтуге 

болады. 

Жұмыс  іздеп  жүрсіз  бе?  1411  нөміріне  ақысыз 

SMS  хабарламаны  жолдап,  өзіңіздің  елді-мекеніңізде  

бос жұмыс орындары бойынша ақпарат алыңыз.  

Сұрау салғаннан кейін, сіздің ұялы телефоныңызға 

қажетті мамандық бойынша бос жұмыс орындары  бар 

жұмыс берушілер жөніңде ақпарат жіберіледі.

SMS  хабарламаның  үлгісі:    *жұмыс*  қала  коды 

*мамандық# 

Мысалы: *жұмыс*7172*жүргізуші#  

                 *жұмыс*7282*мұғалім#  

                 *жұмыс*72834*дәрігерлік бикеш#  

SMS хабарламаны жiберу және қабылдау – тегін.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ОТАН ҮШІН ОТҚА ТҮСКЕН – 

КҮЙМЕГЕН...


3

Тiршiлiк тынысы

№13 (8320) 18 ақпан, 2015 жыл

–Ақындық – мамандық емес. Оның оқуы жоқ. Тоқуы бар. 

Мысалы, Олжас Сүлейменов – геолог, Ілияс Есенберлин  мен 

Кәкімбек Салықов – тау-кен инженері, Жұмекен Нәжімеденов 

пен Оспанхан Әубәкіров – консерваторияны бітірген. Софы 

Сматаев  –  металлург,  Иран-Ғайып  –  экскаваторщик... 

Мұндай мысалдар шаш етектен. Атам заманғы Асанқайғы, 

Бұхар  жырау,  Махамбет,  Ақтамберді,  Сүйінбай,  Жамбыл 

сияқты  аузы  дуалы  аталарымыз  тіпті  де  оқымаған.  Бірақ 

дарыған. Айтайын дегенім, сенің ақын боп қалыптасуыңның 

түп-тамыры қайда? Не әсер етті?  

–Арман қумайтын бала бола ма? Мен де көп қиялдайтынмын. 

Үйіміздің  іргесінде  Сырдария  өзені.  Майжарма  каналы. 

Шілденің шыжыған ыстығында салқын суға түсіп рахаттанатын-

быз. Екі жағы табиғи ыспа құмға толы бұл жағалау біздің сүйікті 

мекеніміз. Ыстық құмға шалқамыздан жатып, сонау көз ұшында 

артына  ақ  бояуын  жағып,  зымырап  ұшып  бара  жатқан  ұшаққа 

тесіле қараймыз: «Шіркін-ай, мен де сондай ұшқыш болсам ғой» 

деп  армандаймын.  Бірақ  жаңа  оқу  жылы  басталған  соң  менің 

арман-қиялым  әдірә  қап,    мүлде  басқа  арнаға  түсіп  кетті.  Оған 

не себеп? Ғылыми-техникалық «Білім және еңбек»  журналының  

бас  редакторы  Камал  Смаилов  біздің  мектепке  келіп,  жоғары 

класс  оқушыларымен  кездесу  өткізген  еді.  Бұл  кеш  әлі  күнге 

дейін көз алдымда.  Камал ағамыз оқушыларды ғылым, білімге 

ынталандыратын  қызықты  да  әсерлі  әңгіме  айтты.  Әдебиет, 

өнер туралы  толғанып, бәрімізді «Білім және еңбек» журналы-

на жазылуға шақырды. 

Бұл  кездесу  менің  бүкіл  болмысымды  өзгертті.  Сыныптас 

дос тарым  Асқар  Кіребаев,  Келдібай  Уәйісұлы  үшеуміз  ойын-

ды  доғарып,  сабақтан  тыс  уақытта  әдеби  кітаптарға  зейін  қоя 

бастадық. Сөйтіп, өзіміз де өлең жазуға талпындық.

Қараша айының соңына қарай ауылымызға алғашқы қар жау-

ды. Терезе әйнектерінің  өрнектеліп қалғанын көріп, табиғаттың 

мына  ғажайып  құбылысына  қатты  таңырқадым.  Өз-өзінен 

өлең  туды.  Лирикалық  әсерімді    «Қазақстан  пионері»  газетіне 

(қазіргі «Ұлан») жібердім. Газеттің әр нөмірін асыға күтіп, аты-

жөнімді іздеймін. Бір күні сол өлеңім «Тұңғыш қар» деген атпен 

шығыпты.  Сондағы  қуанышымды  тілмен  айтып  жеткізе  алмас-

пын. Алғашқы өлеңім ғой.

Тұңғыш қар жерге қонды да,

Табиғат ақ тон жамылды.

Білмеймін дала тоңды ма,

Ызыңдап кімге жалынды.

Аязбен әбден алысып,

Салмақты бопты көл де ептеп,

Ақ қырау қатал жабысып

Әйнекті қойды өрнектеп.

–Әлемге әйгілі ғалым Эйнштейн студент шағында үстінен бір 

сарыжолақ костюмін тастамапты. Диплом қорғайтын күні де сол 

сарыжолағын киіп барыпты. Достары:

– Басқа костюм кимейсің бе?- десе, ол:

– Мені кім танып жатыр!- дейді екен.

Кейін Нобель сыйлығын алуға барғанда да сол киімін иығына 

іле салыпты. Достары.

–  Ей,  мынауың  не?  Баяғы  студент  кездегі  шоқпытыңмен 

барғаның ұят қой. Дұрыс нәрсе ки!-десе, ол: 

– Е-е, мені костюмсіз де таниды ғой!- депті.     

 Сен Эйнштейнге еліктемедің. Әлде жазушы Қалдарбек 



Найманбаев  пен  фототілші  Сайлау  Пернебаевқа  ұқсағың 

келді  ме?  Олар  қашанда  мұздай  киініп,    мұнтаздай  боп 

жүретін.  Сен  де  солардан  қалыспадың.  Оспанхан  ағам 

айтқандай, қашан көрсең де «шалбарыңның қырынан қыл 

құлайды». Бұл не? Әсемдікке әуестік пе, әлде... 

–Өн  бойымнан    өзгелер  сүйсінетін  тәуір  нәрсе  табылса,  ол 

әкемнің қаны, анамның жаны деп ойлаймын. Өйткені, әке-шешем 

ел-жұртқа,  ағайын-туысқа  аса  қадірлі  болған  кісілер.  Анам  93 

жасады.  Бір  үйде    сегіз  бала  тәрбиелендік.  Соның  барлығын 

қиын-қыстау  заманда  өсіріп,  оқыту  оңай  ма?  Анамның  бастау-

ыш кластық қана білімі бар. Ол кісі көбіне үй шаруашылығымен 

айналысты. Соғыстан кейінгі жоқшылық, тарығудың тауқыметін 

тарттық. Бірге туған алты ұл, бір-біріміздің киімімізді киіп, бір-

бірімізді жетелеп өстік қой. Ол заманды қалай ұмытарсың?

Сондай  қиын-қыстаудың  өзінде  әкеміз  ылғи  да:  «Таза 

жүріңдер,  киімдеріңді  күтіп  ұстаңдар»  деп  отыратын.  Жаңа 

киімге  қол  жете  бермейтін.  Барымызды  тоздырмай,  таза 

ұстауды үйрендік. Әкеміз бізге үлгі, тап-таза киініп, үстіне шаң 

жұқтырмайтын.  Ұстанымы  –  әділдік  пен  адалдық.  Бізге  үнемі 

«біреудің  ала  жібін  аттамаңдар»  деп  айтып  отыратын.  Әкем 

аудандық милиция бөлімінің бастығы, кейінірек ауыл советінің 

хатшысы қызметін атқарған.

Құдай  бұйыртқан  бүгінгі  жасқа  жетсем  де,  әлі  күнге  дейін 

таза  әрі  жақсы  киініп  жүруге  тырысам.  Мұның  бәрі  сол  бала 

кездегі  тәрбиенің  арқасы.  Отбасын  құрғаннан  кейін  сұлулыққа 

құштар болғасын ба, Күләш менен бастап ұлы мен қызының да 

әдемі киініп жүруіне көп көңіл бөлетін. 

–    Қырыққа  таяған  шағыңда  ажар-көркіңе  лайықты 

қап-қара сақал қойып, өзгеше болып жүргеніңді де білемін. 

Бірде  жазушы  Асқар  Сүлейменовтің:  «Қайырбек,  шикар-

но, сақалыңды алмауыңды өтінемін» деп айтқанын естідім. 

Сақалы  қауғадай  Маркс  болғың  келді  ме?  Біреулерге 

еліктедің бе?

–Заман  ағымына  байланысты  ыңғайына  бейімделіп,  сақал 

қойғаным  рас.  Жалғыз  Асекең  емес,  сақалыма  сол  тұста  көп 

адам қызығатын. Айналама ажарлы көрінемін деп ойлағам жоқ. 

Кезекті еңбек демалысына шыққан кезде күн сайын уақыт кетіріп 

қырынуға еріндім де, сақал-мұртымды емін-еркін жібере салғам. 

Сақал  қою  әрбір  мұсылманның  сүннеті,  оның  ешқандай 

ерсілігі жоқ екенін кейінірек аңғардым. 



–  «Үй  таңдама,  көрші  таңда»  дейді  қазақтар.  «Кілем 

сатсаң көршіңе сат, бір шетіне өзің отырасың» дейді өзбектер. 

Алматының  арғы  шетінде  де,  бергі  шетінде  де  тұрдың. 

Кімдермен көрші болдың?  

–Әрбір іс пенденің пейіліне байланысты. Құдайға шүкір, қай 

жерде  тұрсақ  та  көршілерімізбен  тату-тәтті  болдық.  «Ищай» 

дескен  емеспіз.  Кейбір  көршілерің  туған  бауырларыңнан  да 

артық. Алғаш рет үйді 1976 жылы  «Орбита» ықшам ауданынан 

алдық.  Бізбен  қатар  біраз  ақын-жазушылар  да  пәтерге  ие  бол-

ды.  Мысалы,  Кеңес  Юсупов,  Орысбай  Әбілдаев,  Қуанышбай 

Құрманғалиев, Берік Шаханов, Тынымбай Нұрмағанбетов, Сай-

лаубек  Жұмабеков,    Әміртай  Бөриев,  бәріміз  бір  үйдің  бала-

сындай  жиі-жиі  араласып  жүрдік.  Сол  бір  дәурен  өз  қызық-

қуанышымен әлі күнге дейін есімізден кетпейді.

Кейінірек  қала  орталығына  көшіп,  онда  да  көптеген  ақын 

жазушылармен  қоңсылас  қондық.  Асқар  Сүлейменов,  Ұлықбек 

Есдәулетов, Сұлтанәлі Балғабаев, Шәрбану Құмарова, Қалаубек 

Тұрсынқұлов,  Иранбек  Оразбаевтармен  бір  атаның  баласындай 

араластық. 

Күләш  екеуміздің  өміріміздегі  керемет  кезеңдер  осы 

көршілермен бірге өтті. Әрқайсысының өз мінездері, өз тағдыры 

бар.  Әсіресе,  Асқар  ағамен,  оның  анасы  Айтотыммен  жиі-жиі 

араласып тұрдық. Жалпы, әйел баласының Айтотымнан үйренері 

көп еді. Жұпыны өмір кешсе де, үйіне барсақ жылқының еті мен 

қазы-қартасы қазанында қайнап жататын.  

Бір  аңғарғаным,  ақын-жазушылар  кедей  көрінгенмен,  көл-

көсір  көңіл-пейілі  бай,  дастарханы  да  дархан.  Сол  кездегі 

көршілік  қарым-қатынасымызды  ұмыту  мүмкін  емес.  Сан-

алуан  мерекелерді  бірге  ұйымдастыратынбыз.  Әсіресе,  нау-

рыз  мерекесін  тайлы-таяғымыз  қалмай  бірге  тойлайтынбыз. 

Көбіміздің жақсы кітаптарымыз сол үйде жазылды. 



–Ерлі-зайыпты  қаламгерлер  некен-саяқ.  Ондай  жәйт 

әлем  әдебиетінде  де  көп  кездесе  бермейді.  Курсымызда  он 

бір қыз оқыпты. Солардың ішінен  Күләшқа көзің түсті. Қай 

қырымен тартып кетті?

–Мен  университетке  әскерден  кейін,  еңбекке  араласып, 

оң-солымды  танығаннан  кейін  әрең  түстім.  Оқуға  кетерде  әке-

шешем: «Балам, алысқа бара жатсың, аяғыңды аңдап бас, келін 

алатын болсаң ибалы да инабатты қызды таңда» дегендей ақыл 

кеңес берген.

Күләш  екеуміз  абитурент  кезімізде  таныстық.  Алғаш 

көргеннен-ақ  бүкіл  болмысымен  баурап  алды.  Ауылдың 

қарапайым  қызы  екен.  Шынымды  айтсам,  «Менің  болашақ 

бақытым  да,  жарым  да  осы  қыз»,-  деп  түйдім.  Қателеспеппін. 

Тағдырыма ризамын.

–Біраз  жылдар  бірге  жүрген  ақын  досың  -  Жұматай 

Жақыпбайұлы Ләйлә деген қызға ғашық болып, өмір бойы 

сол  сұлуын  жырлап  өткенін  білеміз.  Қолы  жетпеген  аруын 

армандап  қаншама  өлең  жазды.  Махаббат  жырлары  тұтас 

кітапқа айналды. 

Мен  ойлаймын...  Алда-жалда  Жұматай  ақын  Ләйлаға 

үйленгенде  ғажайып  жырлар  жазылмай  қалуы  мүмкін  еді 

ғой, ә? Сол сияқты егер Күләш саған қарамай қойғанда бұдан 

да  күшті  ақын  болар  ма  ең?  Жылап-еңіреген  жырлар  туар 

ма еді...

–Жас  болғасын...  Өмір  ғой...  талай-талай  қаракөздермен 

ұшырастым. Бірақ солардың ішіндегі үкілісі де үлгілісі де Күләш 

болды.  Онымен  кездескеннен  кейін  жансарайым  ашылғандай, 

шуағым  шашылғандай  сезіндім.  Ал,  отау  тігіп,  от  жаққаннан 

кейін шабытыма шабыт қосылды.  

–Университеттегі  ұстаздарымыздың  тәлім-тәрбиесі  бойы-

мызда,  бет-бейнесі  ойымызда.  Кеңес  Одағының  батыры  Мәлік 

Ғабдуллин мен Сұлтанғали Садырбаев, Тұрсынбек Кәкішев, Мар-

хабат Томанов, Зейнолла Қабдоллов, Рымғали Нұрғалиев, Абдул-

Хамид Мархабаев, Мәрзия Мәженова, полковник Оспанов, Сого-

лович, Тұрымтай апай... Әсіресе қазіргі қайраткер қарындасымыз 

Гүлжан Қарағұсованың әкесі Жанпейіс Қарағұсов ше? Тарихтың 

тамырын  қопарып,  лекция  оқығанда  ұшқан  шыбынның  ызыңы 

естілуші еді-ау!

Біз қандай ұстаздардан тәлім алдық, жұрт біле берсін деп 

айтып отырғаным ғой. Ал, сенің журналистика саласындағы 

ұстаздарың  кім  болды?  Қазіргі  жастарға  сабақ  болсын,  аз-

кем тоқтала кетсең...  

–Алланың маған берген ерекше сыйы шығар, университеттің 

соңғы курсында оқып жүрген кезімде көптеген журналистердің 

қолы  жете  бермейтін  «Лениншіл  жас»  (қазіргі  Жас  Алаш) 

газетіне  жұмысқа  орналастым.  Аты-жөні  сол  кездің  өзінде 

дүркіреп шығып жүрген Оралхан Бөкей, Болат Бодаубай, Ақселеу 

Сейдімбек, Сағат Әшімбай, Серік Әбдірайымов, Жанболат Ауп-

баев, Несіп Жүнісбайұлы, Жарылқап Бейсенбай, Жанат Елшібек, 

Мағира  Қожахметова  секілді  мықты-мықты  журналистермен 

жұмыс істеу мен үшін ең бақытты шақ. Бас редакторымыз жазу-

шы әрі майталман спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов қатаң 

талап қойып, журналисттік өмірімдегі алғашқы ұстазым болды. 

Кейінірек «Қазақ әдебиеті» газетіне қызметке ауыстым. Бас 

редактор  Шерхан  Мұртаза  ағамызбен  бірге  қызмет  істеген  он 

жылдай  уақыт  ішінде  көп  нәрсені  көңілге  тоқыдым.  Ол  кісінің 

бір қасиеті – жұмысты жақсы істесең сені патшадай сыйлайтын.  

Сондай-ақ,  Төлен  Әбдіков,  Ахат  Жақсыбаев,  Болат  Бода-

убаев  сияқты  ағаларымның  азамат  ретінде,  қаламгер  ретінде 

қалыптасуыма орасан зор әсерлері болды. 

– Ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезовтің «Әр қаламгер әдебиетке 

өзінің  талантымен  ғана  емес,  мінезімен  де  сіңісу  керек»  де-

ген  қағидасына  арқа  сүйесең,  сен  кез  келген  ортаға  сіңген 

ақынсың.  Мінезге  бай  азаматсың.  Өзіңді көркем  мінездімін 

деп ойлайсың ба?

–Мұхаммед  (с.ғ.с)  Пайғамбарымыздай  көркем  мінезді  болу 

қайда! Табиғатым жұмсақ болғанмен, көркем мінездімін деп айта 

алмаспын. Бірақ қулық, сұмдығым жоқ. Мінез – мына тіршілікте 

адамдарды бір-бірімен жақындататын байланыс құралы ғой.

– Қайрош-ау, есіңде ме, КазГУ-ді бітіретін жылы Авардың 

1945 жылы 19 ақпанда Қызылорда облысы, Тереңөзек 

ауданындағы  бұрынғы  «Қызыл  орақ»  қазіргі  Асқар 

Тоқмағамбетов ауылында қызметкер жанұясында дүниеге 

келген.  1953-64  жылдары  орта  мектепті  бітіріп,  әскер 

қатарына  шақырылады.  Әскерден  оралған  соң  Тереңөзек 

ауданында  мәдениет  бөлімінің  автоклуб  меңгерушісі, 

«Қараөзек»  совхозы  комсомол  комитетінің  хатшысы, 

аудандық тұтынушылар одағының кадр жөніндегі инспек-

торы болып қызметтер атқарды.

Бала  кезінен  әдебиетке  құштар  Қ.Асанов  1968  жылы 

Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне 

түсіп,  соңғы  курсында  оқып  жүріп-ақ  «Лениншіл  Жас» 

(қазіргі «Жас Алаш») газетіне жұмысқа орналасады. Осы 

газетте  бөлім  меңгерушілігіне  дейін  көтеріліп,  жемісті 

еңбек етті.

Бұдан кейін Қ.Асанов  «Қазақ әдебиеті» газетінде жа-

уапты  хатшының  орынбасары,  жауапты  хатшы  болып  он 

төрт  жылдай  қызмет  атқарды.  Осы  жылдарда  ол  әдеби 

өмірге  белсене  араласып,  мерзімді  басылымдарда  оның 

өлеңдері мен проблемалық мақалалары жарық көріп жат-

ты.  Газеттің  50  жылдығына  орай  1984  жылы  Қазақ  ССР 

Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталады.

1991  жылы  Тәуелсіздігімізді  ең  алғашқылардың  бірі 

болып  мойындаған  Түркия  мемлекеті  еді.  1994  жылы 

Қ.Асанов түрік бауырларымыз Қазақстанда ашқан  «Заман-

Қазақстан» газетінің бас редакторының бірінші орынбаса-

ры болып қызмет атқарды. Газет беделін көтеруге, екі ел 

арасындағы достықты нығайтуға үлкен үлес қосты.

Бұдан  кейін  ол  Қазақстан  Жазушылар  Одағындағы 

Әдеби қордың директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы 

Істер министрлігі жанындағы дипломатиялық академияның 

бөлім меңгерушісі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің салалық 

«Отан» атты саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы 

қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ,  Алматы  технологиялық  университетінде 

«Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары және «Прес-

тиж», «Талапкер» атты көп тиражды газеттердің редакторы 

болып та қызмет істеді.

1987-88  жылдары  Алматы  облыстық  партия  комитеті 

жанындағы марксизм-ленинизм жоғарғы мектебін бітірген.

Іссапармен республикамыздың қай түкпірінде болса да 

Қ.Асанов өзінің адамгершілік ізгі қасиеттерімен жұртшылық 

жүрегінде жақсы із қалдырып жүрген азаматтың бірі. Сая-

си көзқарасы айқын. Президент Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп 

жатқан реформаларын түгелімен қолдайтынын білдіреді.

Қ.Асановтың 

өлеңдері 

аудандық, 

облыстық, 

республикалық  газет-журналдарда  1960  жылдан  бері 

жарық көре бастаған.

Қазір  ол  «Тұңғыш»,  «Сүйемін  сені»,  «Ғашық  ғұмыр», 

«Сен  жанымда  жүрсең»,  «Ағайынға  ақ  тілек»,  «Күннің 

нұры  қуатым»,  «Махаббат»,  «Адалдық  –  асыл  мұратым» 

атты жыр жинақтарының авторы. Оның шығармашылығы 

туралы  әр  жылдарда  жазушы  Шерхан  Мұртаза,  ақын 

Кәкімбек  Салықов,  әдебиетші-ғалым  Сәрсенбі  Дәуітов, 

ақын  Сейфолла  Оспанов,  сыншы  Сайлаубек  Жұмабеков, 

ақын-жазушылар Сәбит Баймолдин, Әділғазы Қайырбеков, 

Қайрат  Жұмағалиев,  Болат  Бодаубаев,  Құрал  Тоқмырзин, 

Шәкизада  Құттыаяқов,  Сейілғазы  Әбдікәрімов,  Қатира 

Жәленова,  Көпен  Әмірбек,  Жұмабай  Құлиев  т.б.  өз 

пікірлерін білдірген.

Абайдың  150  жылдық  мерейтойына  арналған  жыр 

мүшәйрасында  жүлделі  орындардың  бірін  иемденсе, 

жыл  сайын  өткізілетін  Абай  оқуларының  2003  жылғы 

бас  жүлдегері  атанып,  Алматы  қаласы  әкімінің  «Құрмет 

Грамотасымен»  марапатталған.  «Тәуелсіздікке  20  жыл» 

мерекелік медалінің иегері. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2014  жылғы 

желтоқсанның  5-дегі  Жарлығы  бойынша  Қайырбек 

Асановқа  «Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері» 

құрметті атағы берілді.

Қызылорда  облысы,  Сырдария  ауданының  «Құрметті 

азаматы».  Қазақстан  Жазушылар  және  Журналистер 

одағының мүшесі. Таңдауы - «Нұр Отан» партиясы.

Қ.Асанов жақсы жар. Тәрбиелі ұл-қыз өсірген ардақты 

әке. Жұбайы Күләш Ахметова белгілі ақын, Қазақстан Жас-

тар Одағы сыйлығының және республикалық Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты. Қызы – Жазира Асанова 1990 жылы 

өткізілген  Республикалық  «Қыз  сыны»  конкурсының  бас 

жүлдегері.

Қазіргі  кезде  кемеліне  келген  ақын  Қ.Асанов  жаңа 

ізденістер үстінде. 

Қ   А   Й   Р   О   Ш




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет