13. Қазақ тілінің орфографиясы. Орфографияның принциптері Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (грекше орфос дұрыс, түзу және графия -жазу де-ген сөздерден алынған) деп аталады. Дұрыс жазу ережелерін емле



бет2/2
Дата18.04.2023
өлшемі27,14 Kb.
#83860
1   2
Жергілікті

Әдеби

Жергілікті

Әдеби

Құлдану

Қолдану

Пұрсат

Мұрсат

Құрытынды

Қорытынды

Меш

Пеш

Оқсайды

¦қсайды

Челек

Шелек

Мүңірейді

Мөңірейді

Чал

Шал

Дүнен

Дөнен

Мауыздау

Бауыздау

Пысты

Пісті

Берку

Беку

Пышық

Пұшық

Жоңыршқа

Жоңышқа

Таңлай

Таңдай

Бігіз

Біз

Қордық

Қорлық

Егер

Ер

¦рдық

¦рлық

Сүгірет

Сурет

Ешек

Есек

Полат

Болат

Мышық

Мысық

Пұтақ

Бұтақ

Дізе

Тізе

Уалау

Уқалау

Дүз

түз

уату

Жұбату

Сондай-ақ кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Мысалы:




Жазылуы

Айтылуы

Жазылуы

Айтылуы

өлең

өлөң

Айдын көл

Айдыңгөл

өзенге

өзөңгө

Ай қабақ

Айғабақ

Қонған

Қоңған

Алтын кірпік

Алтыңгіріпік

Қонбады

Қомбады

Тас бауыр

Таспауұр

Көзсіз

Көссүз

Тас жол

Ташшол

Тазша

Ташша

Жас бала

Жаспала

Басшы

Башшы

Ақ ешкі

Ағешкі

Сөздерді жазылуынша айту әсіресе жастардың тілінде үй-реншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмай-ды. Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысынан тү-сіндіре беруге келмейді. Графика бойынша: өлөң,құлұн, түлкү, жамбады, жасса, жұмұшшұ түрде жазуға әбден болады және мұның өзі сөздің айтылуында дәл келер еді. Алайда қазіргі қазақ жазба әдеби тілі тілдің тек дыбыстық жағын ғана қамтып қой-майды: сонымен бірге морфология, сөзжасам, лексикология жә-не фонетикалық құрамның тарихи дамуымен де тығыз астасып жатады. Графика дыбысты нақты сөзден, морфемадан тыс беру-дің барлық мүмкіндіктерін қарастырады. Сондықтан оны жазу-дың тым жалпы да дерексіз ережесі десе де болады, ал орфогра-фия – көптеген себептерге байланысты графикадан туындайтын бұрмалар, ерекшеліктер.


Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне-көп басшы-лыққа алынатын принцип жетекші принцип немесе негізгі, бас-ты принцип делінеді. Қазіргі орфографияларда негізінен морфо-логиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданыла-ды. Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін. Морфологиялық принцип сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жанғанда түрде айтылатын сөзформаларға ортақ түбір – жан, сондықтан: жан, жанбады. Жанғанда деп жазылады. Ал: жаз, жазса, жазшы, айтуда; жаз, жасса, жашшы, алайда түбір сақ-талып жазылады. Морфологиялық принципті фонемалық прин-цип деп те атайды. Бұл принцип бойынша сөздердегі дыбыстар-ды әріппен беруде қазақ орфографиясы негізінен фонематика-лық принципке сүйенеді, яғни белгілі бір фонеманың әр түрлі позицияға тәуелді түрленімдері әліпбидегі бір ғана әріппен бел-гіленеді: басшы(башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәу-дегер емес), т.б. Фонематикалық принцип көп жағдайда морфо-логиялық принципке сәйкес келеді. Мұнда бір фонема әр түрлі құбылғанына қарамастан, үнемі алфавиттегі бір-ақ әріппен бел-гіленеді. Бұған жоғарыдағы мысалдан көз жеткізуге болады. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындағыдай жа-зылады, яғни әрбір фонеманы емес, дыбысты білдіреді.Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңар-лары фонетикалық принципке сай жазылады: Ботагөз, Амангелді, т.б.
Тарихи-дәстүрлі принцип сөздің бір кезде жазылып қалып-тасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап жазуға негізделеді., яғни сөздің жазылуы тілдің қазіргі күйіне сәйкес келмейді де, сөз үй-реншікті болып кеткен дағды бойынша жазылады. Бұған қазақ тіліндегі: хат, хабар, халық, қаћар, жаћан сияқты сөздерде х, ћ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Әдетте тарихи-дәс-түрлі принцип жазу-сызу бір графика негізінде қалыптасып, өз-гермей келе жатқан тілдерге тән(ағылшын, француз, т.б.). Әліп-би жиі ауысып отыратындықтан, бұл принцип сирек қолданы-лады. Мысалы, тарих, халық, хикая, қаћарман, т.б. сөздердің жазылуы тарихи-дәстүрлі принципке негізделген. Дәстүрлік принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін.
Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет.
Аталған принциптердің негізінде «Қазақ тілі орфография-ының негізгі ережелері» жасалған.


Бақылау сұрақтары:

1. Орфография нені зерттейді?


2. Орфографияның принциптері қандай?
3. Морфологиялық принцип неге негізделеді?
4. Дәстүрлі принцип бойынша жазылатын қандай сөздер бар?
5. Фонетикалық принцип бойынша жазылатын қандай сөздер бар?
6. Орфографияның негізгі ережелерін кім бекітеді?
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі; Алматы, 2018

  2. Қайдарова Г. Қазіргі қазақ тілі фонетика курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны. А., 2015

  3. 1.https://kk.wikipedia.org/wiki/

  4. 2.https://kk.wikipedia.org/wiki/

  5. 3.http://pps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/

  6. 4.http://www.tbi.kz/pages/kyzmetkerler/fonetika.html-фон-салалары

  7. 5.https://kk.wikipedia.org/wiki/

  8. http://testent.ru/load/ucheniku/kazakhskij_jazyk/aza_tilini_dybysty_zh_jesi/26-1-0-1422


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет