13-дәрі тезисі Неміс романтизмі



бет2/4
Дата20.09.2023
өлшемі25,2 Kb.
#108983
1   2   3   4

Иендік романтизмнің талантты теоретиктерінің бірі Фридрих Шлегель: «Романтикалық поэзия – дамушы, жан-жақты поэзия, ол біресе сапырыстырған, біресе поэзиямен прозаны бір-бірімен қауыштырған, данышпан да сыншыл, табиғи поэзия», – деп жазды. Сөйте тұра оның суреткерлік шеберлігі аса жоғары емес еді. Жазылған көркем туындыларының ішінен «Люцинда» (1799) повесін ғана атап айтуға болады. Бұл шығарма романтикалық эстетиканың тұңғыш әліппесіндей болды.

Өзінің атақты берлиндік және веналық дәрістерінде А.В.Шлегель романтикалық өнерге тән шындықты жасаудың ерекшеліктеріне баса назар аударады. Фр.Шлегель француз революциясын «аса зор тенденция» деп атап, одан тек қана қоғамдық төңкерісті ғана емес, жеке бастың бостандығын көре білді.


Фр.Шлегельдің эстетикалық толғамындағы басты идея – романтикалық ирония теориясы. Ол: «Иронияда барлығы орнымен болуы керек. Айтылатын ой шынайы, қарапайым түрдегі ашықтықпен және терең астарлы мысқылмен толық жеткізілуі тиіс», – деп жазды.
Неміс романтизмінің басты өкілдерінің бірі Фридрих фон Герденберг (1772-1801) өзіне Новалис деген лақап ат алған.
Новалис – иендік романтиктердің арасындағы ең көрнекті ақыны, тамаша жазушысы саналады. Гете оны «романтизмнің әміршісі» деп атаған, себебі алғаш соның туындыларынан ғана ерте романтизм өнерінің озық ойларын тани білген. Шынайы өмірге Новалис аса бағалы, асқақ әуенді рухани тіршілікті қарама-қарсы қояды.
Оның 1802 жылы жарық көрген «Генрих фон Офтердинген» атты аяқталмаған романы неміс романтизмінің бағдарламасы іспетті. Бұл туындысын автор қайтыс болғаннан кейін, оның жақын досы Людвиг Тик бастырып шығарады.
Романның басты идеялық-философиялық бағыты суреткердің ішкі жан дүниесінің қалыптасуымен байланысты. Жас Генрихке табиғатынан ақындық рух берілген. Дегенмен ақын жанды басты кейіпкерге әлі де көп талпынып, сан қилы өмір соқпақтарынан өтуі керек. Осы мақсатта автор тарапынан көптеген романтиктерге тән әдіс – жиһанкездік алынады.
Генрих өз қиялындағы өзгеше өмірді іздеп, қауіп-қатері мол алыс сапарға аттанады. Шытырман оқиғаларды бастан кеше отырып, өз жолында әр түрлі адамдарға жолығады. Олар – саудагер, крест жорықшысы, дәруіш, кен қазушы болып келіп, жиһангезге өздерінің кәсіптері жөнінде, бастарынан кешкен шым-шытырық жайттардан сыр шертіп, өмір мектебінен дәріс бергендей әсерде қалдырады.
Романның бірінші бөлімі – «Күтуде», екіншісі – «Орындалу» деп аталады, бұларда Новалис өзіндік қиялымен дүниені әр қырынан қайта құруға талпыныс жасайды. Мұнда табиғаттың, тарихтың және шынайы өмірдің символ мен аллегорияға топтасып, жинақталуын көрсеткен. Ол поэтикалық қиялдың күші арқылы өзінің писсимизімін жеңбекші болады. Сол себепті туындының соңында философиялық құрғақ қиял шындықтан мүлдем алшақ көрінеді. Автор шетсіз-шексіз дүниенің бейнесін елестете отырып, ертегілік әлемге саяхат шегеді. Бұл әлемде жоқшылық, зұлымдық, өлім секілді жайыттар жеңіліс тапса, барлық тіршілік атаулылар бір арнаға түйісе отырып, қиял қанатында шарықтайды.
Кейіннен бұл туындыға: «Генрих фон Офтердинген» романтикалық прозаның тамаша үлгісі. Өмірдің нақты бейнесі- музыкада деп романтиктер атағандай, әйнектен қарағандай, ән арқылы романның өн бойына үңілгендейсің»,-деп зерттеуші-ғалым Н.Я.Берковский баға береді.
Иен романтиктерінің арасындағы ерекше аталатын тұлғалардың бірі – Людвиг Тик (1773-1853). Ол өзінің шығармашылығында көбінесе новелла, драма, ертегілік сюжеттерге баса назар аударған. Людвигтің шығармашылық өрлеуіне иендік мектептің тигізген әсер-ықпалы мол болды.
1797 жылы жарыққа шыққан «Халық ертегілері» («Народные сказки») жинағына Тик прозалық және драмалық ертегілер енгізеді. Оның біразы неміс фольклорынан алынса, біразы өз туындысы болып келеді. Соның ішінде Людвигтің атын әлем жұртшылығына танытқан туындысы «Аққұба Экберт» новелла-ертегісінде оның романтикалық көзқарасының толысуы байқалады. Ол алғашқылардың бірі болып, адамзатқа жат келеңсіз қылықтар – ұрлық, тойымсыздық, қылмыс, мендіктің бет пердесін ашып, оған қарсы тұрар күш тек адамның ар-ұжданы екенін атап айтады.
Романтикалық ирония желісінде жазылған «Кебісті мысық» («Кот в сапогах») комедиялық туындысында Тик өзінің айлакер де тапқыр кейіпкерлерін қиял-ғажайып ертегіге араластыра бейнелеп, шынайы өмірден алшақ қиял әлемімен ұштастыра, оқырман қауымға бір сәтке болсын күлкі сыйлайды.
Тиктің комедиялары романтикалық иронияның классикалық үлгіде жүзеге асуының нақты көрінісі.
Неміс романтикалық әдебиетіне өзіндік өрнегімен келген тағы бір көрнекті тұлға – Фридрих Гельдерлин (1770-1843).
Ақын француз революциясын қуана қарсы алып, өзінің көптеген туындыларын арнады. Романтикалық асқақ сезімдерден құрылған өлеңдерінде автор барша әлемдік кеңістікті қамтуға тырысады («Диотима», «Емендер» («Дубы»). Бұл ақынның өзіндік ерекшелігі еді. Оның жалғыз «Гиперион» атты романы бар.
Сонымен ерте неміс романтизмі лириканың өркендеуіне орасан зор ықпалын тигізіп, оны әр түрлі көркемдік тәсілдермен, жаңа өлең жүйелері арқылы байыта түсті. Мәселен, Гельдерлин неміс поэзиясына табиғи үнді гректік өлшем әкелсе, Новалис – еркін тынысты жаңаша рухтағы толғаныс, Брентано – халықтық дәстүрмен байланысты бөлігін, ал Тик – поэтикалық метафораны романтикалық дүниетанымды бейнелеуші құрал ретінде пайдаланды.
Романтиктердің басым көпшілігі ақын болғаны белгілі. Олардың көбінесе өз шығармашылықтарында баллада мен испандық романс (Гейне, Брентано) немесе шығыстық лирика (Рюккерт, Платен) түрлерін кеңінен қолданды. Ақындар туындыларында романтикалық поэзияның символы – сұлу табиғатқа жан бітіріп, дүниені құлпыртып, адам өмірімен байланыстыра, өзгеше бір айшықты теңеулермен көз алдыңызға елестетеді. Барлық сезім атаулы бір арнада тоғысып, табиғатпен астасып жатады. Осы бағытта Брентаноның “Кешкі серенада” (“Вечерьная серенада”) өлеңін айрықша атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет