Жанат Ахмади
ӘДЕБИЕТ – ЖАН НҰРЫ
(Рецензия, әдеби сын мақалалар, эсселер)
«Сөздік-Словарь»
Алматы
2014
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
А 94
Ахмади Ж.
Әдебиет – жан нұры:
(Рецензия, әдеби сын мақала лар,
эсселер). – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014. – 320 б.
А 94
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
ISBN 9965-822-87-5
ISBN 9965-822-87-5
© Ахмади Ж., 2014
© «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014
Көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сый-
лығының лауреаты Жанат Ахмадидің «Әдебиет жан нұры»
аталатын бұл кітабы «Тіл – ділдің атқосшысы» және «Поэзия
діл нәрі» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім
проза, соңғысы поэзия жанрына арналған: рецензия, эссе, әде-
би сын зерттеулер жиынтықтары тоғысқан.
Көркем шығармада халықтық афоризмге, бейнелі тір-
кестер мен қазы-билерге тән шешендік үлгіге ден қой ған жа-
зушының әдебиет тануы, оның қыр-сырына қызы ғу шылы-
ғының өзіндік қалам өрнегін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
3
Әдебиет – жан нұры
БАЛА ЖҮРЕКТI, БАБА ТIЛЕКТI ТЕКТIМIЗ
«Мыңның қамын бір ойлар,
бірдің қамын кім ойлар»
(Халық даналығы)
Зейнолла Серiкқалиев деген есiм естiлген жерде кешегi
заңғар Мұхтар Әуезов, зәулiм Ғабит Мүсiрепов, алып Сәбит,
даңғайыр Ғабидендер тәрiздi бiрегей абыздарымыздың тебе-
рiк кө зiндей болып, бүгiнге қалған бiр тектi тұлға елестейтін.
Жұртшылықтың көкейiнде бар нәрсенi, көпке мәлiм түйсiктi
одан асырып көрiктендiре, келiстiре айту қиын. Дегенмен
бүгiнгi көзi тiрi әрбiр қалам иесiнiң, күні кеше қасымызда
жүр ген хан-қараға бiрдей сүйiктi, абзал сыншы Зекеңе де-
ген iлтипаты, қақ жарылған ақ тiлек-құрметi бар екенi
бесе не ден белгiлi жайт. Солар қатарында З. Серікқалиевке
деген біздің де шарға бойымызды кернеген шалқар ойым
бар едi. Еркiмiзге би болып, борышымызға құл болып, соны
қысқаша жеткiзудi парыз санаймын. Олай дегенде Зекеңнiң
қазақ оқымыстылары ой елегiнен өткiзiп болған, әдеби сын
жөнiндегi тасқа қашап жазғандай шығармашылық ауқымын
талдап жатпақ емеспін. Ол – иі қанық терiнiң пұшпағын
қайта уқалап әуреленумен бірдей болмақ. Тек Зекеңнiң ай-
нала жұртты тәнтi еткен, туылыс, жарылысы жөнiнен ой
қозғағанда қазақ атамыздың «отырса от басында, көшсе көш
басында көсем» деген арнауын теңеп айтқың келiп тұрады. От
басында көсем болатыны қазақ әдебиетiнiң сыны жөніндегі
сiңiрген қыруар еңбегiн от басында отырып бiтiретiнi. Ал
көш басында дейтiнiмiз өз-өзiнен түсiнiктi.
і б ө л і м
ТіЛ – ДіЛДіҢ АТҚОСШЫСЫ
«Ділің жетпегенге тілің жетпейді»
(Халық даналығы)
4
Жанат Ахмади
Бала жүректi, баба тiлектi, мiнезге бай Зейнолла Серiк-
қалиев өзінің салауат ұясындай, дарқан табиғатында еш-
қандай табысқа, қошемет-құрметке желп ете қоймайтын,
бағы заманның ор қарасұр, алпамса биiндей берекелi қал-
пы
нан бұлжымайтын. Сол тұрпатына қарап, өз-өзiңнен
жүрегiң жұмсарып, оған дегенде iшiң жылып-ақ тұратын.
Кейде осындай биiк парасаттылықты данышпан қазақтың
салыстырмалы сөзiмен еске алып: «аузы кiшi, қарны үлкен
қой семiрсе көтерер, қарны кiшi, аузы үлкен, ит семiрсе құ-
тырар» деген ұлағатымен өлшегің келедi. Ал «менменсiнген
жiгiт азынаған айғыр мiнедi» демекшi, бiтiргенi бiр тоғыз,
бiтiрмегенi тоқсан тоғыз бола тұрып, тындырған еңбегiнен
бұрын өзін дәріптеп, уағыздағысы келетiндер жоқ емес.
Шығармасынан бұрын алдыға түсiп өзi жүретiндер бар.
З. Серікқалиевтің салауат ұясындай дарқан табиғаты адамды
өзіне тартып тұратын.
Зекең мiнезге бай едi. Мiнез байлығы ұдайы жұмсақ,
жай
дарылықтан, үнемi кең-байтақ, жайма-шуақтықтан
тұр майды ғой... Мейiрбандық әманда жылы алақаннан ға-
на емес, жаны ашығанын қатқыл сынға алудан да тұ рады.
Серiк қалиев күнделiктi өмiрде былайғы сырт көзге көп тұста
«Мамырайхан» заманының адамындай жай
дарман көрін-
генмен, әдебиет мәселесiнде қисықтың тезiн табатын кешегi
қазақтың бет-жүзiңе қарамас, теріс азу қазыларындай бөк-
серiп түсер жағы бар. Әрбiр қазақ қаламгерiмен iлiк-шаты-
сы бар аса көреген де, қарымы кең сыншы «істің көзін,
қисықтың тезін тапқан», демекші әде биетiмiздiң кедiр-бұдыр
тезiн тамыршыдай басып табатын. Әрi тек рецензияшыл,
мақалашыл сыншылардан ғана емес, Зекеңнiң қуат ауқымы
өте үлкен еді. Оның алымды ша быт аумағында қапысыз зар
күйiндегi қырандай төнетiн ұлылы-кiшiлi жазушылардың
кiтаптары iшек-қарынына де йiн ақтарылып, операциядан
өтетін. Кiнәрат қай тұста автор мен оқырманға күдiк-кү-
мәнсыз, жеріне жеткізе көрсетiп, аршып, ашып тастайтын.
Және оларды тiзбелеу арқылы ғана емес, шығарманың не-
гiзгi тiрек фоны арқылы әдебиетiмiздiң көсегесi қайткенде
5
Әдебиет – жан нұры
көгеретiндiгi жағынан келiп сылып алатын. Мақтайтын
адамының тізімі қойын дәптерінде жүретін, ал өшіккен
адамына «сені ме!..» деп тісін басатын біразымыздан мүлде
бөлек еді. Атақ-даңқын бұлдап өзгені менсінгісі келмей,
өзін-өзі би сайлап жүретін, іштей шіреншек «лауреаттарға»
ұқсамайтын. Аналардай дүмкеуде емес, сонысымен сүйкімді
де еді. Кез келген ақын-жазушымен қалайда бір ілік-шатысы
болып жүретін.
Ол жеке жазушыны сынап қадалмай, көркем шығар ма-
шы
лығымыздың әлеуметтiлiгiн қатыстыра қарастырып,
ұлт тық рухани азықтық құнын (колоритын) iздеп, сол үшін
сар саңға түсетін. «Ақ жол» (1990, «Жазушы»), «Дүние тану
даналығы» («Бiлiм» 1994), «Тағдыр және бiз» (1996 «Ана
тiлi») және 1997 жылы «Жазушы» баспасынан шық
қан
«Сын кiтабы» аталатын еңбектерiнiң қай-қайсысын оқы-
са ңыз да жоғарыда айтқан көркем әдебиетiмiздегi дана лық
ой-өрiске куә боласыз. Бiздiң заманымыздағы қазақ шығар-
машылығының қауымдық, қоғамдық, ұлттық рухани өре-
сiнен асу сайын iз шалып отыратын.
Айтарын сақаға құйған қорғасындай тас бекiте, мұқият-
тап айтатын Серiкқалиевтiң қаламынан шыққан лебiзге
наразы болған авторды ұшырата алмайсыз. Риза болып ал-
қағаны ананың ақ уызындай да, «мына бiр тұстарың...»
деп, көкей көзiңе көлденең тартқаны кез келген ұлылардың
лебiзiндей дуалы. Айтқаны айтқандай, қори қалады. Артық
кетпей, кем соқпай, әулие деген жазушыңның өзiн де бiр
сүрiндiрiп, екi ұғындырып отырып өресiне жеткiзерi бар-ды.
Серiкқалиев сынаса, байбаламшыл деген жазушының өзi
мойнына бұғалық түскен асаудай жуасып тұрады. Өйткенi,
Зекең, әлдекiмдерге тiсiн басып жүретiн қайбiр айыр тiл
сыншыларша шымбайыңа батырмай, жаныңды ауыртпай,
санаңа сиятын келелi ойлармен майдай сылап отырып, жұ-
лын-тұтаңды қауып, буыныңа түсетін. Көркем шығармадағы
желiмдей тұтып жатқан құяң жел, кiнаратың болса дәупірім
тәуiптей қағып, ұшықтап құлан-таза айықтырып алып шы-
ғады. Ақау бар тұсты ауыртпай сылып алады. Екiншi сөз-
6
Жанат Ахмади
бен айтқанда Зекеңнiң жалпы әдебиетшiлерге деген мейiр-
бандығы ғажап еді. Ол операция үстелiндегi хирургтiң
адам шама салмағына қарай қолданатын наркозы тәрiздi
мүлт кетпей, аялы алақанмен емдейтін. «Ер – жетпейiн де-
мейдi, бақ жеткiзбейдi, су – жетпейiн демейдi, жар жет-
кiзбейдi» демекшi, қолына қалам ұстаған ақын-жазу
шы
атаулы классик болмайын демейдi. Қаламгерлiк жол жеңiл
жол емес. Ол азабы ауыр – жүрек жолы. Соның ауырт-
палығына төзген бесаспап ақыл иелерi ғана жақсы ақын-
жазушы болмақ. Солардың біздің заманымызда шыққан
қам қор сыншы кiм еді десе, екiнiң бiрi-ақ кешегі Зейнолла
Серікқалиевті көз алдыға келтiрер едi. Әрине қалай сипап,
қасылап айтсаң да сын жанрының ауыр жағы да болмай
тұрмайды. «Сыбаға үлестiрген не өзі мақұрым қалады, не
қарғыс алады» демекшi, Зекең бiздiң заманымыздағы қазақ
әдебиетi әлемiнде сол сыбаға үлестiрушiнiң үлкенi. Сонан
соңғы Сайлаубек Жұмабековтен былай қарайғылар да не
алғыс алады, не наразылыққа қалып жатады. Бұрынғы
даналар айтқандай «талқыдан өтпеген хан тұрақтамайды,
таласқа түспеген пән тұрақтамайды» дейтiн болсақ, бiр ғана
Зекеңнiң талқы дүкенiнен өткен кiтап егер қайта жазылар
болса, тұрақтап бекiп шығар едi. Сыншы жолы ауыр жол
дейтiнiмiз «шыбыш желiндегендi бiлмей, лақтағанды бiле-
тiнi» сияқты, кінәрат-кінәмшіл көркем әдебиетке дайын-
дық сыз тәуекелмен келетiн кеудемсоқ жазушылар да ұшы-
распай қалмайды. Әрине, әлi ашылмағанмен түбiнде бiр
нәрсе шығаратынына сенетiн олардың да талабы таудай.
Көр кем әдебиетке көзiн ендi ашқанмен оның тайды басып
жей тін бөрiдей дәмесi бар. Дәрменi аз, дәмесі үлкен. Мүмкін
ол әзірше солай шығар. Соның бәрiн кең толғап, таланттарды
дер шағында аңдап отыру өз басын әдеби сынға бәй тiккен,
Зекең тәрiздi нар сыншыға да жеңiл жүк емес. Соның бәрiне
басын байлаған бiрден-бiр сабаз маманымыз осы Серiкқалиев
болатын. Бұрынғы көшпендi кезеңнiң ел ағаларына арналған
бiр сөз «мал бақсаң өрiсiн, ел бақсаң қонысын сайла» де-
ген болса, бiздiң жазушыларымыздың бүгiнгi қаламға
7
Әдебиет – жан нұры
бағынып, қағазға табынған, құлдай істеп, бидей шалқыған
заманымызда сол нысана Зейнолла ағамызға да арналғандай
еді. Олай дейтiнiмiз ақын-жазушы атаулыны халықтың
ақы лы, миы, өз ұлтының рухани өресi санасақ, оған бағыт-
бағдар бере алған ұлт әдебиеті данасының бiрi Зекең –
Зей нолла Серiкқалиев деп айта аламыз. Басқаша жорысақ,
әлгi «қонысымыз бен өрiсiмiз» Зекеңнiң көп жылдардан
бергi жазған кiтаптарында мекендеген.
Тегiнде Зекеңнiң жалпы өмiрдегi күнделiктi жай, қа-
ра пайым орнын алып қарасақ та, ол, нәпсi тiзгiнiн тартып
ұс
таған ар-ұждан жағынан санаулы тектiлерiмiздiң бiрi.
«Нәпсi тiзгiнiн тартпаса адамдық кетедi». Ол тiптi соңғы
жыл дары шығып жатқан кейбiр кiтаптарына қаламақы да
алмаған. Зекең сонау бір жылдары қаламақысыз шығарған,
мыңдаған таралымды, жүздеген бума текшелер баспаханадан
шыққан бойы Майра жеңгейдiң «қазынасы» ретiнде үйiнде
жиюлы тұрғанын көргенбіз... Ол кезде Жоғарғы Кеңесте
бөлiм мең герушiлiк қызметте отырған шенеунiк Зекең ау-
дан
дардағы кез келген әкiмге емеуiрiн аңдатса, ойнап
айтқаны шындап орындалмас па едi. Майра жеңгей бұрыш-
бұрышта үйдiң ауасын тарылтып тұрған әлгi текшелердiң
орнына уыстап көкала қағаз ұстамас па едi, дегендей. Кейін
соны жұртқа те гін таратып берді.
Тегi қай-қашан да ел елден қалса ерге сын, сол елдiң
ал дыңғы қатарлы, бап талғамас ерлерi елiнiң басын оң ға
қаратуға әрекет етiп жүредi. Қазақ көркем әдебиетi Ор та
Азиядағы көр
шiлес жұрттардың қай-қайсысымен салыс-
тырғанда да шоқтығы анағұрлым биік деңгейде десек, оған
әсiресе проза жанрындағы сыншымыз Зейнолла Серiк-
қалиевтiң үлесi жоқ дей алмаймыз. Әр буын алдыңғы келелi
сынға қарап аяқ басатыны кәмiл. «Бала қыран парлап
ұшады, баба қыран барлап ұшады». Әдебиет әлемi солай
өрбiп дамымақ. Олай болса мына жалған дүниеден өтіп кетсе
де, біздің күні бүгін қауым боп мақтан тұтар Зейнолламыз;
романшы, хикаятшы, әңгiмешi, жазушыларымыз үшiн қа-
натының асты саялы, халықтық дәреже, ұлттық рухани
8
Жанат Ахмади
биiгiмiздiң деңгейiн танытатын әдебиеттегi бiр сом тұлғамыз
демекпiз.
«Қазының әдiлдiгiн көрген, ханнан сескенбес» деген
бар. Олай десек, өз шығармасын Зекеңнiң алдынан бiр
өткiзiп алған, жөнi түзу, жазушы ешкiмнен де сескенiп,
жасқанбауына болатын еді. Адам мен адамның табысуы ақыр
түбi айырылысудың басы болса, Зейнолла Серiкқалиевпен
табысқан әрбiр жазушы мына өмiрде қапы кетпей, қайта
сыбағалы, олжалы боп айырылысты.
Осынау бейнеттi еңбегiмен нағыз ақ иық, ел ағасы болған
Зекең бұрынғы қызметтiң бәрiн қойып, соңғы жылдары ғана
қағаз бетiне алаңсыз шүйiлiп отырар күнге iлiнген болатын!..
«Жүк ауырын нар, ел ауырын ер көтереді» болып, қа-
сиетті проза сынына жауапты бола, басын байлаған бірден-
бір нар тұлғалы сыншы ортамыздан кетті!
...Сөйтіп, біздің ғасырымыздағы қазақ көркем әде бие-
тінің майталман білгір сыншысы Зекеңді езіле еске алып
отырмыз.
Соңғы айтарымыз кеме құрғақ жерде арбаға түсіп барып,
суға жеткен соң арбаны өзі көтеретініндей, көзі тірісінде
ұлттық әдебиетіміз үшін жанын жалдап өткен Зейнолла
Серікқалиевтің соңында оның сүйікті ел-жұрты, қаламгер
қауымы қалды... Ендігі жерде Зекеңнің еңбегін бағалап,
оның орнын жоқтатпайтын артында қалған Тәуелсіз елі міз-
дің ақын-жазушы азаматтары бар.
Өкінішке орай, З. Серікқалиевті есте сақтау – естелік
кітабын шығарғанда бізден гөрі пысықтар және олардан гөрі
лауазымдылар алдымызды орап кетті... Бірақ кейбірінің
осындай бір міндет атқару үшін ғана амалсыздан бірдемелер
айтқаны, әрі соны айтамын деп Серікқалиевті өз деңгейінен
төмен түсіріп алғаны есінде жоқ. «Шыдай алмаған буаз
қаншығын жүгіртеді» дегеннің керін келтіріп (өзгелер аңға
жақсы ит, тазыларын қосқанда шыдай алмаған) әлгі біреу-
дің қылығы тәрізді тәуекелге басқан.
9
Әдебиет – жан нұры
IСТIҢ ЖҮЙЕСIН БIЛГЕН, ТҮЙIННIҢ
ШИЕСIН ШЕШЕДI
«Мың жолдас жақсы, мың жолдастың
ішінде бір жолдас жақсы»
(Халық даналығы)
Белгiлi журналист, ғалым әрі жазушы Сапекең – Сапар
Байжанов ағамыздың 1997 жылы «Ғылым» баспасынан
шыққан «Құштарлық қуаты» және 1998 жылы «Қазақстан»
баспасынан жарық көрген «Өткеннен – мұрағат, өркенге –
ұлағат» атты кiтаптары қалайда оқырман назарын аударуға
тұрарлық қомақты еңбек жемiсi. Автор аянбай тер төккен,
бұл туындыларында бүгiнгi көзi тiрiлерден гөрi қазiр
арамызда жоқ, бiрақ ұлтымыздың күнi кешегi қадау-қадау
саңлақ өкiлдерi жайлы ой қозғайды.
Аталмыш екi кiтап мұның алдында шыққан «Архив
айғақ» (Жазушылар Одағының Ахмет Байтұрсынов атын-
дағы сыйлығына ие болған) бәрi де негiзiнен өлiлер рухын
жаң ғыртуға арналған, салихалы дүниелер деуге болады. Сiз
бұл кiтаптарды оқып отырып «Опалылық» дейтiннiң не екенi
жайлы ойға қаласыз. Адам-пенде өмiрi – тарих алдында,
уақыт алдында түкке тұрғысыз; тек таусылмас арманмен
әбiгерленiп жүрiп я оның үддесiнен шыға алмай «дат!» деп
өте шығар баянсыз уақыттық нәрсе екенiне көзiңiз жете
түсетiндей. Кiтаптағы қимас кейiпкерлерiнiң қым-қуыт
болмысын ерекше қызыға отырып, ынтазарлықпен жазған
автордың достыққа деген шынайы опалылығын танисыз.
Сiз де кезiнде өз көңіліңізбен қарыздар болған; тiрлiгiнде
шындап сүйiп сыйласқан, парасатына бас иген әлдебiр ғазиз
дос-жарларың туралы осынау мұршаңыз бар кезде бiр нәрсе
айтып қалдырмай жүргенiңiзге iшiңiз ашиды, өкiнгендей
боласыз. Белдi байлап отыра қалып, жазғыңыз-ақ келеді.
Бірақ «байлауға келсе де, күрмеуге келмейтін» тірлік
бар, сол билеп кетеді.Сонда да мына алмағайып тiрлiктегi
қайырымдылық дегеннiң алтынға айырбастағысыз орнын
өлшейсiз.
10
Жанат Ахмади
«Құштарлық қуаты» кiтабында: Ұзақ Бағаев, Кәкiм-
жан Қазыбаев, Әубәкiр Смайлов, Кекiлбай Несiпбековтар
бастаған алуан саланың адамдарына тоқталады.
«Көптiң қамын ойласаң өз қамың соның iшiнде» деген
бар. Өмiрдi өлшеусiз сүйетiнi, Адам ұлын жайбарақат пен-
делерше емес, адамша ұғып құрметтейтiнi осы еңбектерiнен
бiлiнетiн, Сапекеңнiң «Өткеннен – мұрағат, өркенге – ұлағат»
ата
латын мына кiтабы: Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев,
Бауыржан Момышұлы, Жамбыл Жабаев, Зейiн Шашкин,
Нұртас Оңдасынов, Ермұхан Бекмаханов тағы сол сияқты
хал қымыздың маңдайына бiткен бiртуар перзенттерi тура-
лы жан-жақты терең ойға шөгiп, егжей-тегжейлi ауқымды
әңгiме қозғайды.
Бұл орайда кiтаптың қысқа сілтеме-аннотациясына жү-
гiнсек: «...туған өлкемiздiң арғы-бергi тарихындағы келелi
кезеңдер мен құбылыстар, ерен де, еңселi тұлғалардың
бастан кешкен тағдыры мен қам-қарекетi, әдебиетiмiздің
тәрбиелiк мәнi, азаматтық пен өршiлдiк, әдiлетсүйгiштiк
пен қаһармандық қасиеттер жайлы сыр толғайды» делiнген
болса, бiз қазiр зиялы қауым атаулыны қатты толғандыратын
осы үш-төрт сөйлем мағынасының әр бiреуiне өте зәру, өте
iңкәрлi кезеңде тұрмыз.
«Әдiлетсүйгiштiк пен қаһармандық қайда?!» «Азамат-
тық пен өршiлдiк» қайда?! кiмде?! «Әдебиетiмiз бен өне-
рiмiздiң үрдiстерi» не күйде?! «Олардың әлеуметтiк-тәр-
биелiк мәнi» қай деңгейде?! Қане, кеуде керiп, кiм мақтана
алады? Атамыз қазақтың «қаза сөйлесең қайғы шығады»
дейтiнi осындайдан. Әсіресе қазақ тілі дегенде ұлылардан
қалған «заңы әлсіздің зары бітпейді» дегеннің кері келіп,
басымызды тауға-тасқа ұрамыз.
Жұрт үшiн маңдай терiн аямайтын, айналамыздағы
игi-жақсылардың және дүниеден өткен айтулы жайсаң да-
рымыздың алуан-алуан қырын ашу жолында көп уақытын
сарп ететiн, жалықпай еңбек ететін Сапекең тектес жаны
iзгi жазушылар жайлы айту ешқашан артықтық етпес едi.
11
Әдебиет – жан нұры
Бiрақ бiз керенаулықтан кенде емеспiз, әрiптестер жайлы
айтар тұста әр түрлі тәсіл ойлап, ауыз бағып, тырс етпей
мылқау болып қаламыз. Ананы айтсам, анаған жақпай
қаламын деумен күніміз өтеді. «Сыланайын десем байдан
қорқам, сыланбайын десем тоқалдан қорқам» деген жылпос
малайдың таз кебін басымызға кептеп жүреміз.
«Жұрттың бәрiн киiндiрген, киенiң өзi жалаңаш» де-
ген... Қайырымды, опалылар сол ине орнында болғаны.
Сапар Байжан-атаның жоғарыда аталған кiтаптары; естелiк,
эссе, очерктер жанрындағы ғалым, журналист-жазушының
қаламынан қапысыз туған мазмұнға бай, еңсесi биiк, өрелi
дүниелер деп айтуға болады. Әсiресе қазақ атамыздың өлi-
лер жайлы ауыз баға, имене, ибамен сөйлеп: «тiрiнiң мы-
ңынан өлiнiң бiрi...» дегенi, тiрiлерге қарағанда өлiлер
«пәк», «таза» дегендi меңзегенi. Пендешiлiк кiнәдан пәк
өлiлер рухы өзге нәрсемен iсi болмай, тек жақсылықты ғана
күтумен сарылып, сарғаймақ. Оларға арналған кiмде-кiмнiң
iзгi ниетi, арнаған дұғасы құдiреттiң күшiмен жалғасып
жатпақ. Олай болса бұл кiтаптарды үрдiс сауапкершiлiктiң,
әрі опалылықтың ісі десек болмас па.
Айтпақ адамының тұлғасын мүлтiксiз тартымды сом-
дап, қалайда жұрт назарын аударарлық дүние етiп шығару
(екi-үш томдаған кiтаптар бойынша) дегеннiң өзi қаншама
еңбек? Автордың еңбекқорлығы мен жеке басының ерек-
шелiгi толғандырып ойға қалдырады.
Өзгенiң жақсы жағын айтудан, осындай кітап етіп
жазудан ешқашан ерiнбейтiн Сапекең – Сапар Байжан-ата-
дай кісі көп емес.
Автордың бұл кiтабын яғни, «Өткеннен – мұрағат,
өркенге ұлағатын» оқып шыққаннан кейiн оның жеке
басының жаралысы бұрынғыдан гөрi де толғандыра түстi.
Ежелден Алматыда барлығы бірге тұрып келе жатқан,
бiте қайнап бiрге өскен зиялы қауым үшiн, Сәбеттiк Қазақ-
стан екшеп шығарған Сапекеңдей саңлақ журналистердiң
өзi де таңсық болмауы мүмкiн. Ал бала жасымызда мешеу
12
Жанат Ахмади
сая
саттың бұғауынан, Қытайдан өтiп «Қазақстан» деген
жаннат өлкенiң барлық мәдениетiн ауылда жүрiп, газет-
журнал, радио хабарларынан (ертеректе ауылда теледидар
да жоқ) бiртiндеп тани бастаған бiздер үшiн, қаламгерліктің
орны бөлек болатын. Жазушы, ғалымдығының сыртында
Сапекең сияқты журналистиканың iрi маманын жоғарыда
айтқанымдай, әбден есейгенде, күні кеше, тоқсаныншы
жылдарға таяу көрдік. Бiр жағынан соның да әсерi бар
шығар, сөз етiп отырған кейiпкерiмiздiң жалпы болмысына
(көреген еңбекқорлығы өз алдына, байыпты пайымы,
байсалды ұстамы, шаршап-шалдықпас қуат-қарымы, ақыл-
парасатына бағынған iзгi жан әлемi т.б.) қызыға қарайсыз.
Өзiн күнделiктi көрiп жүрген былайғы лауазымдылармен
іштей салыстырып байқайсың. Ол өмiрге шексiз құштар еді.
Аспан – Жер арасындағы осынау табиғаттың, жаратылысқа
деген «құштарлық қуат» сүйiспеншiлiгiнде сiрә, өлшем
бол
мас деп ойлайтынмын. Қызуы басылмайды. Лап етiп
жанып, тез суыйтындардан емес. Бiрде көл, бiрде шөл болып
құбылмайды, бедерi берiк. Ешқашан айнып-аумайтын пейі-
лінің жайсаңдығына сенесiң. Жүрегiн арнай алмайтынға
жүрiгіңдi сен де тарту етпейсiң. Өзгелермен достасуға жа-
ралған кісі еді. «Дос iздемес адам, сүйе де бiлмейтiн адам»
деп О. Бальзак текке айтпаған. Тегiнде Сапекеңнiң ұстаз
көрегендiгi, бойына қанша iлiм-білім сiңiрсе, сонша тәлiм-
тәрбие қабылдағанының иiсi білініп тұратын. Сондай қал-
пымен аталмыш кiтапта С. Байжанов қағаз бетiне қаншама
ой өрнегін түсiрген. Мәселен атақты суретшi Әубәкiр Ыс-
майылов жайлы екi баспа табақ көлемiндегi толғау-эссесi.
Оқырман қазақ зиялыларының сонау жиырма-отызыншы
жылдардан бергi өкiлдерiнiң ең негiзгi, сөлдi шоғыры
туралы бiраз әңгiме бiлгiсi келсе, сол «Туған жердiң мен
де бiр бозторғайы» атты Әубәкiр Ысмайыловқа арналған
толғауды оқыса өкiнбес еді. Әубәкiр ақсақал өзi бiр жатқан
қазына десе болғандай «Арғымақ аттың белгiсi» толғау-
13
Әдебиет – жан нұры
эссесiнде автор өзінің спортқа бар жан-тәнiмен құмар адам
екенiн байқатады.
Кiтаптың «Қоламтаны көсегенде», «Алыптар шоғы-
рының кенжесi», «Балғын жүрек – балаң жүрек емес» және
басқа толғау-эсселер қаншама ойлар өрбiтiп, адам жанына
жарқын шуағын түсіреді.
Яғни, бұл кiтаптар автордың өз болмысы.
* * *
«...қайтыс болып кетiптi!», – дегендi естiгенде төбемiзден
жай түскендей болдық! Бұрынғылар: «Еңсесi қататынның
досы өледi, есесi қайтатынның қасы өледi» деп кеткен екен.
Аң-таң болып, еңсемiз қатты да қалды. Ары ойлап, берi
ойлап миға салған боламыз. Ақылымыз жетпейдi!
Мұндайда бiр сәт қыбыр ете алмай, ой ұшығына жете
алмай, тас мүсiндей қатып қалатын кезiң болады екен. Өте
сыйлайтын қимас адамың. Ойың сенбейтiн тәрiздi. Өйткенi
осынша жаманатқа көңiлiң көнбейдi. Иә, бұл Сапекең –
Сапар Байжанов ағамыздың қазасы едi! Қайғыруымыздың
жөнi бар, жүрекке жақын мәнi бар. Өйткенi, атамыз қазақ
«Ауыра ғой, мен үшiн, мен өлейiн сен үшiн» дегендi босқа
айтпаған. Айналадағы ағайын-бауырдың айналып соғар
қазығы, дiлi мен дiтiнiң азығы едi – Сапекең! Таныс-бiлiс,
дос-жолдаста: қамыққанның қасында, жәбiрлiнiң басында
болушы едi, Сапекең! Басына бәле салып, iсiне кедергi
жасап жатса да; елдiң шетiн жау етпей, жаудың шетiн ел ете
жүрудi жөн көрушi едi, қайран сабаз-ер ағамыз. Адамның
аяулы мiнезi бүгiнгi ашуын ертеңге сақтай бiлген сабыры
болса; ашушаңның анты болмайды, өйткенi, ашуын жұтуы
у жұтумен бiрдей болса; Сапекең сабырын жұтуы у жұтумен
бiрдей сырбаз кiсi едi.
«Пайданың зоры дос-жарың үшiн шеккен зияның»
де
мекшi, айнала жұртты өзiнiң мүлт кетпес байыбымен
пайымдайтын Сапекең уақыт жағынан өзi ұтылып жат-
қанына қарамай, өзгенiң көңiл олқысын толтыруға келгенде
14
Жанат Ахмади
рухани нар едi, жалтақ кезiңе «жар!» едi. Барлығына уақыт
тауып, бәрiне үлгерушi едi. Жаз бар, қыс бар, сәтiмен бiтер
iс бар деп кiм не айтса, нар көңiлiмен мойнына алушы едi.
Бес емес, он емес, сан адамның олқысын жүйрiк қаламмен,
саналы көкiрек сандығынан шығарған маржан ойларымен
толтырып сүйеушi едi. Артып қойған сол жүгiмiз ауыр тиiп,
кiнәратқа ертерек шалдығуыңызға бiр табан жақындата
түскен болсақ кешiрiңiз, қасиеттi рух, әз аруақ! Бiр ба-
сыңыздан өз жүгiңiз де асып-төгiлiп жататын қаламгер
едiңiз! Мынау жарық дүниедегi ғұмырыңызға мұрат тұт-
қан ақ қағаздың бетiнде күлкi тыйып, сиқыңызға әсер
еткен, ұйқы тыйып, сұрқыңызға әсер еткен күндерiңiз аз
болмағанын жалпақ қазақ елiңiз бiледi. Зиялы қауым, дос-
жарыңыз біледі.
Адал, бекзат кiсiнiң «Анасының басқан жерiнде бейiш
бар» десек, ол – рас... Ести сала сенетiн, көре сала күлетiн –
ауыз бағып, сөз қуған, бiрiншi орынға iсiн емес, өзiн қойған,
нығызсыған «жақсыларға» ұқсамадыңыз. Топырағы сусы-
ғыштың пиғылы тайғақ. Бүгiнгi айтқаны ертең жоқ, сырты
жiбек, iшi кебек ағайындардан әу баста алынған топы-
рағыңыз басқа болар.
«Ойламай айтып, көздемей атсам да менiкi жөн» дейтiн
кейбiр шiреншек әрiптестерiңiздiң таразы салмағын iштей
танып тұрсаңыз да, «Мұсылманның айыбын бетiне баспа»
дейтiн қағидамен соның барлығын, табиғи зандылық ретiнде
қабылдап өттiңiз.
Шешiм күткен төрелiк хан алдына жетпесе де, қазы
алдынан өтетiнi сияқты; аяқ жетер жердегi сыйлас аға-
йыныңыздың қуанышы мен қайғысы өз алдыңыздан өтпей
қалмаушы едi. Сол жақын-жарандарыңыз дидарыңызды
аңсап сағынуда, сiздi, ұмыта алмай ойлауда; Өмiрге әдiл-
дiк керек екенiн өлерiнде ойлайтындардан запы шегiп,
жәбiрленген кездерде сiздiң қайырымды рухыңызды ойлап;
мезгiл-мезгiл сiлкiнiп алушылардың бiрiмiз десек, әбестiк
емес. Адалдыққа, әдiлдiкке бас ию намыс емес.
15
Әдебиет – жан нұры
Қолымызға бiр кiтап тидi... Қазынасы кең Алла пен-
десiн қалай жылатса, солай жұбатады. Жылаған көзiң
жұбаныштың да ұясы. Тiрлiгiнде сыйлас болған қимас
жұрттың қамығып қалған рух-жiгерiне аталмыш кiтаптың
сыртындағы баданадай жазулар тоқтау салып, көңiл айтқан.
«Өмiрге өкпесi жоқ адам», – дейдi тақырып. Ендi соны
медеу тұтамыз, амалсыз. Өлiмдi естiртушi, жан алушы –
Әзiрейiлмен тең сезiлсе, мына көңiл айтушы сынығыңды
сылап жазып, сәлде болса, жанынды жай таптыра бiлген-
дей. Он сөз, жүз сөз орнына бiр ауыз сөз. Сапекендi шын
қимайтындарға осы лебiз медеу. «Бiр құзғынның жасында
талай шаһар абат та болады, апат та болады, бiр адамның
жасында талай шаһарға алма-бау өсiп, абат болады» дейтiн
тәмсiл бар. Ал, шаһардың абат болуынан адам баласының
рухани дүниесi абат болуы кем соқпақ емес. Жетпiске тарта
жасының елу шақты жылында Сапекең кiмдердiң көңiлiн
раушан қып, кiмдердiң жан-дүниесiн жадыратып, көңiлiн
абат етпедi дерсiз. Тiрiлердi ғана емес, өлгендердi де қатар
ойлап, «Түсiме кiрмей тыныш жат, басқа да iсiм аз емес»
дейтiн кiсi Сапекең емес едi. Бұрынғы он бес шақты кiтабын
қоспағанда, кейiнгi он-он бес жылда жазған «Архив айғақ»,
«Құштарлық қуаты», «Өткеннен – мұрағат, өркенге – ұла-
ғат» және «Алакөбеде оят менi» атты роман кiтаптарында
қазақ қауымының ең-ең ұлтжанды толыққанды мәдениет,
қоғам қайраткерлерiнен кiмдер айтылмай қалды. Сапекең
ешнәрсеге немқұрайды қарамайтын. «Келемiн десең –
ықы ластық, кетемiн десең – жол ашық» дейтiн бейтарап,
сүйейсал көңiл ол кiсiде болмайтын. Әшейiн көңiл үшiн
«себепсiз сұрап, сүлесоқ тындау» ол кiсi үшiн жат едi.
«Өмiрге өкпесi жоқ адам» атты бұл кiсiге деген естелiк арнау
кiтап Сапекеңнiң санап алғысыз қасиеттерiн ашқан, баға
жетпес құнды еңбек болғанына шүкiршiлiк етемiз. Кiтап
iшiндегi екi кiсiнiң: – Күләш Бейсенбiқызы мен Зейнеп
Исатай келiнiнiң жоқтауын iштей езiлiп, шiмiркенбей, көз-
ге жас алып, көңiл босамай оқу мүмкiн емес. Ағаға айтарын
16
Жанат Ахмади
тап басып шерлене жылаған жан-сөзi мен жоқтаған сұңғыла
келiн – Зейнеп:
Төбеден жай түскендей,
Хабардың жанды қинауы-ай!
Езiлiп жүрек қайғыдан
Көңiлдi бұлттың торлауы-ай!
Шуағын жайған баршаға,
Мейiрiм төккен жан аға!
Айырылып сiзден қалғанда
Дүние бостай, айнала!
Сұм ажал неткен суық ең,
Жан аға өттi-ау дүниеден.
Қарс айырылып көкiрек,
Қан жылайды жан-жүрек.
Алатауда түлеген,
Қанаты берiк қыран ең.
Дос-туысқа қадiрлi,
Ерекше тектi аға-екем! –
деп егiлсе, Сапекеңдей саңлақ кiсiнiң аяулы жары Күләш
тәтемiз:
Адал да, абзал сабаз ең,
Еңбекпен бедел жинаған.
Алланың iсi дегенмен,
Ажалға сенi қимағам!
Қимағанмен не шара,
Санаспас тағдыр адаммен.
Iссапар шегiп кеткендей,
Жолыңа жүрмiн қараумен!
17
Әдебиет – жан нұры
Кеткендей жаққа жоғарғы
Келер деп етем жоралғы.
Әлпештеп өткен Сапекем,
Сенсiз де күнiм қараңғы –
деп, екi жоқтаушы да адамның сай-сүйегiн сырқыратқан дай.
Соңынан «тәуба!» дейсiз. Осылайша жоқтайтын ардақты-
ларының барын қанағат еткен боласыз.
Зейнеп келiн өзiне-өзi жұбату айтып:
...Жылама дейдi ағайын,
Жыламай қалай шыдайын...
Iзiңдi қуған ұл-қыз бар,
Денсаулық берсiн Құдайым!
Берiле бермей қайғыға,
Жеңдiрейiн сабырға.
Әкенiң орнын жоқтатпас,
Өмiр берсiн, ұл-қызға! – десе,
Күләш Бейсенбiқызы:
Балалар менiң базарым,
Мамалап тұрған бәрi де.
Амандық берсiн Құдайым,
Жаманат кетсiн әрiге.
Шүкiрлiк етем көбiне,
Ағайын-туыс, құда бар.
«Әжеке» десе немере,
Көңiлге шаттық ұялар.
Сонда да орның ойсырап,
Тұрады жаным құлазып.
Іздеймiн сенi Сапекем,
Көңiлге болып мұң азық! –
18
Жанат Ахмади
деп өз отбастарының тек ендiгi амандықтарын көңiлге медеу
тұтады. Екi жоқтаушы да, өзiн-өзi амалсыздық сабырға
шақыра отырып, сонда да ар жақтарынан лықсып кеп тұрған
көз жас пен көкiрек шерiн жан-жүрекке азық етедi. Күләш
Бейсенбі қызындай, Зейнеп Исатай келініндей сабырлы, естi
кiсiлердiң дана ақылдарын қайғы-шер таразысы еңсерiп-
ақ тұр. Жүрек іштен жыласа, ақыл іштен жұбатқан кү
туған. Ол жүрекке тыртық салардай жаралы, қаралы күн!
Данышпан қазақ: «Өткенiңе жете алмайсың, ертеңiңнен кете
алмайсың» деген. Ол – өмiр заңы. Сапекең ағамыздың барша
дос-жар, жақын жұрағаттарына жұбаныш боларлық бiр зор
мұра «Өмiрге өкпесi жоқ адам» аталатын осы кiтап екенi
даусыз. Ең сүйiктi оқырмандарының бәрiн әлi толық тауып
үлгермеген, не бары, 1000 дана, 30 баспа табақ көлемiндегi
жамылғы қабымен жасанып шыққан жақсы кiтап тағдырға
бағынған талайлардың жан азығы ретiндегi бiр рухани
бұйым, асыл қазына боп қалғаны көңiл көншiтерлiк. Сон-
дықтан марқұмның жақын-жуығының ортасында көздiң
қарашығындай сақталатын «Теберiк» кiтапқа қарап, жа-
зушы, ойшыл ғалым Сапар Байжан атаның асыл рухына бас
ие отырып: «Сiз бiздiң үнемі есiмiздесiз, қазақ халқының
аяулы перзентi, Сапар аға!», – демекпiз.
Қазақ атамыз «Жақсының жаманы өлсе, адам қалмайды,
жаманның жақсысы өлсе, адам бармайды» деген болса, бұ
жолы дүниеден артында жаманы жоқ жақсының жақсысы
өттi.
19
Әдебиет – жан нұры
Достарыңызбен бөлісу: |