13 дәріс. Мәліметтер қорының қосымшаларын құру технологиясы


Деректер қордың физикалық архитектурасы



бет2/2
Дата02.06.2023
өлшемі50,89 Kb.
#97923
1   2
Байланысты:
13 дәріс (1)

3. Деректер қордың физикалық архитектурасы.
ДҚ-дың файлында мәліметтерді сақтаудың негізгі бірлігі – парақ. Әр парақтың көлемі - 8192 байт, бірінші 96 байт парақтың тақырыбына беріледі. Парақтардың келесі алты типтері бар:

  1. Data –text, ntext, image типтес мәліметтерден басқа деректер сақталады;

  2. Index – индекстер туралы ақпаратты сақтайды;

  3. Text/Image – text, ntext, image типтес мәліметтер сақталады;

  4. Global Allocation Map (GAM) – экстерн (8 парақтан тұратын топ) қолданған жөнінде ақпарат сақтайды;

  5. Page Free Space (PFS) – парақтағы бос орын туралы ақпарат сақтайды;

  6. Index Allocation Map (IAM) – кесте не индекс қолданатын экстерн жөнінде ақпарат сақтайды;

Парақтарды сақтау үшін, яғни Data, Index, Text/Image экстернге бірігеді. Әр экстернде 8 парақ және 64 Кбайт көлемі бар. Әр парақта қолданушы бар. Қолданушыға байланысты экстерннің біреуі пайдаланылады:

      1. Mixed экстерн.

      2. Uniform экстерн

GAM парағы биттік өрістердің екі типін қолданады:
- GAM-өрістер нақты экстерн қолданылуы туралы ақпарат сақтайды. Сонымен қатар, GAM-да әр бит сәйкесінше бір экстернге келеді. Бірлік парақтың бос екендігін тексереді. GAM бір парағы 64000 экстерндер туралы ақпарат сақтайды (яғни мәліметтердің 4 Гбайт).
- Shared Global Allocation Map (SGAM) осы парақтың әр биті экстерннің типіне нұсқау көрсетеді. Бірлік экстерннің типін Mixed екенін көрсетеді. PFS парағында келесі 8000 парақтардағы бос кеңістік туралы ақпарат сақтайды. IAM парағы бір қолданушыға тәуелді парақтар жөнінде ақпарат сақтайды. Әр қолданушы үшін шамамен 1 парақ жасалады.

4. Деректер қордың қисын құрылымы


Деректер қордың қисын құрылымы ДҚ физикалық құрылғаннан кейін қалыптастырылады. Құрылған кезінде әр деректер қоры құрамында бірнеше жүйелік кестелер бар болады. Әр объект бірнеше жүйелік кестелерде сипатталады.
Объекттің толық атауында төрт идентификатор бар:
[сервер атауы].[деректер қор атауы].[қолданушы атауы].[объект атауы]
SQL Server-де объектілердің тоғыз түрі бар:
Table (кесте) – осы объектте ғана деректер қор мәліметтері сақталады. Қалған объектілерде мәліметтер сақталмайды, тек оларға кестеде қатынауға болады. Реляциялық кестеде жолдар мен бағандар бар.
View (көріністер) – сұраныспен анықталатын виртуалды кесте болып келеді.
Index (индекс) – мәліметтерді тездетіп іздеу үшін және кестелер арасында тұрақты байланыстарды орнату үшін қолданылады. Индекс бір немесе бірнеше бағандарда анықталады.
Stored procedure (сақталатын процедуралар) – деректер қор мәліметтермен жұмыс жасайтын командалар жинағы. Сақталатын процедура серверде орындалады. Сақталатын процедураның іске қосуы клиенттік қосымша арқылы жүзеге асырылады.
Trigger (триггерлер) – кестеден мәліметтерді қосқанда, жойғанда, өзгерткенде автоматты түрде іске қосылатын сақталатын процедуралардың арнайы классы. Барлық триггерлер үш категорияға бөлінеді: қосып қою триггерлері, жаңарту триггерлері, өщіру триггерлері.
User Defined data type (қолданушылық мәліметтер типі) – мәліметтердің жүйелік типі негізінде жасалады.
Default (үнсіз келісімдер) – кесте бағанына меншіктеледі, егер қосып қою командасында бұл бағанда мән берілмесе.
Rule (ережелер) – кесте бағанында сақталатын мәндердің жинақтауын шектеу үшін қолданылады.
Constraint (біртұтастықты шектеу) – бұл орнатылған шарттарға байланысты мәліметтерді автоматты түрде тексеретін SQL Server механизмдері болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет