13 дәріс Оқытудағы диагностика және бақылау Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру


Жаңартылған оқу бағдарламасындағы оқушыларды бағалау



бет2/3
Дата21.12.2022
өлшемі3,03 Mb.
#58668
түріСабақ
1   2   3
Жаңартылған оқу бағдарламасындағы оқушыларды бағалау. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алуы басты мәселе болып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту керек. Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілеті тұлға қажет. Ондай тұлға жалпы орта білім беру арқылы, немесе мектеп арқылы даярланады.
ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа жетуі үшін, бұрынғыдан да анағұрлым дағдыларды меңгеруін қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бірі – жаңартылған білім беру мазмұнына көшу болып табылады және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде.
Оқудан күтілетін нәтежелер: мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының тұлғалық-бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алып отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік орнының кіргізілуі көзделеді.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалық бағалау жүйесіне өтеді. Мектепті жаңартылған оқу бағдарламасы аясында критериалды бағалау жүйесін енгізудің құралдары: қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеруіндегі қажетті біліммен салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қайсы бір мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін бағалайды. Осы арқылы оқушыны оқытудың дербес бағыт-бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады.
Бұл бағалаудың барлық тұстарының өзара теориялық негіздеме және тәжірибелік байланыс болуын қажет етеді және төмендегідей артықшылықтарын көрсетеді: оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады; оқушының жұмысы оларға алдын ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады; баға оқушылардың нені оқығанына қарай қойылады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды; баға қоюдың нақты алгоритмі оқушыға белгілі, соған сәйкес оқушы өзінің оқу үлгерімін өзі анықтап, ата-анасына хабарлай алады; оқушылардың өзін-өзі бағалауға және оқуға деген ынтасы артады.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
Критериалық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдесінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады).
Сабақтағы қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалауы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
Бағалау критерийі – білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.
Дескриптор — оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
Тапсырма — оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және тағы басқа) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
Кері байланыс — қандай да бір жағдайда немесе әрекетке арналған жауап, пікір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет