13 дәріс Оқытудағы диагностика және бақылау Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру


Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру



бет3/3
Дата21.12.2022
өлшемі3,03 Mb.
#58668
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ДӘРІС 13 Педагогика

Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру.
Таным үдерісі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үрдісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үрдісі болып табылады.
Таным дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейлеленуі. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі. Танымдық белсенділік – оқушының іс-әрекет мазмұнына және үрдісіне тұлғаның іс-әрекетінің сапасы. Осы мәселеге қатысты іргелі еңбектер Г.И.Щукинаға тиесілі. Оның анықтауынша оқушының танымдық іс-әрекетін белсендендіру – оқу мен оқытудың қалыптасып қалған түрлеріне деген инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған үрдіс.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары:
  • Оқыту үрдісінде іс-әрекеттік тұрғыдан оқыту бағытын пайдалану қажет.
  • Тұлғалық-бағдарлық бағыттың ұтымды идеялары.
  • Оқытудағы ізденістік тұғыры.
  • Оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктерін толық пайдалану.
  • Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
СЕМИНАР САБАҒЫ БОЙЫНША
1. Қазіргі білім беру жүйесіндегі бағалау тәсілдірі Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, есепке алу және тексеру тақырыбына эссе дайындау
2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.
тақырыбына презентация дайындау
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет