Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру. Таным үдерісі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үрдісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үрдісі болып табылады.
Таным дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейлеленуі. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі. Танымдық белсенділік – оқушының іс-әрекет мазмұнына және үрдісіне тұлғаның іс-әрекетінің сапасы. Осы мәселеге қатысты іргелі еңбектер Г.И.Щукинаға тиесілі. Оның анықтауынша оқушының танымдық іс-әрекетін белсендендіру – оқу мен оқытудың қалыптасып қалған түрлеріне деген инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған үрдіс.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары:
Оқыту үрдісінде іс-әрекеттік тұрғыдан оқыту бағытын пайдалану қажет.
Тұлғалық-бағдарлық бағыттың ұтымды идеялары.
Оқытудағы ізденістік тұғыры.
Оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктерін толық пайдалану.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА СЕМИНАР САБАҒЫ БОЙЫНША 1. Қазіргі білім беру жүйесіндегі бағалау тәсілдірі Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, есепке алу және тексеру тақырыбына эссе дайындау 2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.
тақырыбына презентация дайындау НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!