13. Гомогенді және гетерогенді реакциялардағы процестердің өтуіне әсер ететін факторлар


 Ағынды сулар және оларды тазарту



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі22,39 Kb.
#81630
1   2   3
Байланысты:
4сабак охт

15. Ағынды сулар және оларды тазарту.
Ағынды сулар — атмосфералық сулар мен жауын-шашын, оған еріген және жаңбыр сулары, сондай-ақ су қоймаларына өндірістік кәсіпорындар мен елді мекендер аумағынан кәріз жүйесі немесе ауырлық арқылы ағызылатын, адам қызметінің нәтижесінде қасиеттері нашарлаған жасыл екпелер мен көшелерді суарудан алынған сулар жатады.
Ағынды суларды тазарту – құрамындағы заттарды, сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Су қоймаларының өз - өзін табиғи жолмен тазарту барысында ағын сумен бірге түскен затарды да бұзылуға ұшырауы мүмкін. Бұл процесс барысында заттар концентрациясы, құрылымы және құрымы уақыт пен кеңістік бойынша өзгеріске ұшырайды. Сондықтан су қоймаларда табиғи тазарту қондырмалардың маңызы зор. Ағын суларды тазарту схемасын жасау көптеген факторларға байланысты. Бұл схема тазартылған судың қанша мөлшері өндірісті сумен жабдықтауға және қанша мөлшері суқоймаларына құйылатындығын есептеу үшін қолданылады. Ағынды суларды тазарту әдістері:

  • Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды сулардағы түрлі қосылыстарды өздерінің субстраты ретінде пайдалану әрекетіне негізделген.

  • Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды. 

  • Химиялық әдіс- қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып химиялық реакция жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды.

  • Физико-химиялық әдістер ағынды суды майда дисперсті, каллоидтық және еріген заттардан тазарту үшін қолданылады.

16. ХТҮ-гі тепе-теңдік.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп
жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын
– химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды. Үдерістің жүру барысында тура реакцияның жылдамдығы кемиді, кері реакцияның жылдамдығы артады. Бұл реакцияның жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік орнайды. Химиялық тепе-теңдік сыртқы жағдайлар өзгермеген кезде химиялық жүйені құрайтын заттардың молекулалар санының өзгермейтіндігін сипаттайды. Үдерістің жүру барысында тура реакцияның жылдамдығы кемиді, кері реакцияның жылдамдығы артады. Бұл реакцияның жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік орнайды. Химиялық тепе-теңдік сыртқы жағдайлар өзгермеген кезде химиялық жүйені құрайтын заттардың молекулалар санының өзгермейтіндігін сипаттайды. Өйткені тұрақты температура мен қысымда тепе-теңдік өлшемі Гиббс энергиясының (dG=0) минимумы болса, онда химиялық тепе-теңдік кезінде: компоненттің химиялық потенциялы және оның мөлшері 0ге тең болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет