№13 М. Мәметова атындағы орта мектеп



бет2/5
Дата03.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#121659
1   2   3   4   5

Жер бедері

  • Жер бедері жер бетінің ойлы қырлы сипатын зерттейтін сала болып табылады.Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Негізгі ұғымдар

  • Тау жыныстары
  • Эндогендік процестер
  • Экзогенді
  • Тектоникалық қозғалыстар
  • Жаңа тектоникалық қозғалыстар
  • Платформа
  • Сейсмология
  • Эрозия
  • Сел тасқыны
  • Жер сілкінісі

Тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. 
Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.
Шөгінді тау жыныстары[1] — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипстас тұзыоолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестасшымтезектас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.
Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлер. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы.
Эрозия (лат. еrosіo – мүжілу), геологияда – тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия – жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне байланысты беткі Эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу Эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Беткі Эрозия аңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал тілімдеу Эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады.
Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан козғалыстарды тектоникалық қозгалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық козғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) кезеңдерін қамтиды. Бұл козғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасты.
Қазакстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты Тау көтерілу процесі казір де жүріп жатыр. жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады.
Бірақ олардың бәрі апатты емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет