№13 М. Мәметова атындағы орта мектеп



бет1/5
Дата03.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#121659
  1   2   3   4   5

Беткейлік процестер және жер бедері

Сүлейменов Алмасбек

Жоспары :

  • Беткейлік процестер
  • Беткей түрлері
  • Жер бедері
  • Жер бедеріндегі процестер
  • Қорытынды

Беткейлік процесс

  • Жер беті - беткейлерден жэне жазық бағыттағы кеңістіктердің үйлесуінен тұрады. Ал беткей дегеніміз көтеріңкі және ойпауыт бедер пішіндерін бір-бірінен оқшаулайтын еңіс жазықтықтар. Беткейлер дамыған аймақтарда ауырлық күш әсерінен топырақтың төмен қарай сырғып ауысуы үлкен рөл атқарады. Жалпы құрлық бетінің 80%-ы беткейлер алып жатыр. Сондықтан беткейлер қалыптасуының және олардың ауқымында өтіп жатқан табиғи процестердің маңызы өте зор.

Беткей етегіне қарай бағытталған үгілген материалдың ауырлық күш әрекетіне борпылдақ тау жыныстар бөлшектерінің өзара тұтасу күші және олардың астында жатқан түпкі тау жыныстарының ілініс күші кері әсер етеді. Осы үгілген материалдың ауырлық күші мен тұтасу күштері арасындағы арақатынас беткейлер үстіндегі процестердің бағытын және қарқындылығын белгілейді. Бұл процестер көптеген факторларға байланысты болып, олардың әрі қарай дамуына себепші болады.

  • Беткей етегіне қарай бағытталған үгілген материалдың ауырлық күш әрекетіне борпылдақ тау жыныстар бөлшектерінің өзара тұтасу күші және олардың астында жатқан түпкі тау жыныстарының ілініс күші кері әсер етеді. Осы үгілген материалдың ауырлық күші мен тұтасу күштері арасындағы арақатынас беткейлер үстіндегі процестердің бағытын және қарқындылығын белгілейді. Бұл процестер көптеген факторларға байланысты болып, олардың әрі қарай дамуына себепші болады.

Беткейлердің үстінде болып жатқан процестер үгілген материалдың шайылып жойылуына, тасымалдануына немесе олардың жиналып шоғырлануына экеп соғады. Соның нәтижесінде өңделген және аккумуляциялық бедер пішіндері пайда болады. Беткейлік денудация бұл бедер пішіндерін қалыптастыратын негізгі экзогендік факторлардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, беткейлік денудация аллювийлік, мұздық, теңіздік және басқа шөгінділер түрлерінің (генетикалық типтерінің) көзі болып табылады.
Тау жыныстарының үгілуі мен беткейлік процестер өзара тығыз байла-нысты, демек беткейлерден борпылдақ тау жыныстарының шайылып кетуі түпкі таужыныстарының жер бетіне шығуына мүмкіндік береді де, оның тез үгілуіне әкеліп соқтырады. Керісінше, беткейлердің баяу шайылуы үгінділердің жиналуына әкеледі, соның себебінен түпкі тау жыныстарының одан әрі үгілуіне кедергі жасалады. Сөйтіп, беткейлік процестердіңқарқындылығы ақырында денудация жылдамдығын белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет