13-ші боөж тақырыбы: Адаптация және компенсация үрдістерінің морфологиялық сипаттамасы. Тақырыптың негізгі сұрақтары



Дата22.05.2023
өлшемі1,87 Mb.
#96241
Байланысты:
12-ші-апта-ЖалпыПА. (3)


13-ші БОӨЖ


Тақырыбы: Адаптация және компенсация үрдістерінің морфологиялық сипаттамасы.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гипертрофия (гиперплазия) – түрлері, себептері, морфологиясы.

  2. Миокард гипертрофиясы. Компенсация және декомпенсация кезеңдерінің морфологиялық сипаттамасы.

  3. Атрофия – түрлері, себептері, морфологиясы.

Макропрепараттарды сипаттау:

  1. Гипертония ауру кезіндегі миокард гипертрофиясы, «бұқа жүрегі». Жүрек салмағының артуын, жүректің ұзындығы бойымен және көлденең өлшемдерін; сол жақ қарыншаның, қарыншааралықтың, трабекулалы және емізікшелі бұлшықеттерінің қалыңдауын, солжақ қарынша қуысының көлемінің өзгеруін сипаттаңыз. Үдерістің маңызын, гипертрофия сатысын атаңыз.



  1. Гидроцефалия. Басмидың бүйір қарыншаларының күрт кеңеюін, ми тінінің жұқаруын сипаттаңыз. Процестің негізін, атрофияның түрін жазыңыз.






Микропрепаратды қарап суретін салу:

1)Эндометриидің безді кисталы гиперплазиясы. (Г-Э бояуы). Өлшемі мен пішіні әр түрлі бездердің көбейюіне байланысты эндометрийдің қалыңдауын сипаттаңыз.



2) Тері атрофиясы (Г-Э бояуы). Эпидермистің мүйізді және басқа қабаттарының жұқаруын, дермада пилосебацеялық кешеннің құрамдас компоненттерінің жойылуын (шаш фолликулалары, май бездері) сипаттаңыз.



Дайындыққа арналған негізгі материал:

  1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.

  2. Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.


https://drive.google.com/file/d/1Bc4nMYm9Q_GQc2eJCCINomENndP0rAaW/view

14-ші БОӨЖ




Тақырыбы: Регенерация. Жаралардың жазылуы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. «Регенерация» түсінігінің анықтамасы, оның басқа гиперпластикалық процестерден айырмашылығы, регенерацияның механизмдері.

  2. Регенерацияның түрлері, олардың морфологиялық сипаттамасы.

3. Жараның жазылу түрлері, олардың морфологиялық сипаттамасы.
Макропрепараттарды сипаттау:

  1. Ірі ошақты кардиосклероз. Жүректегі тыртықтың пішінін, түсін, консистенциясын, ораналасуын сипаттаңыз. Регенерацияның түрін анықтаңыз.


Микропрепаратды қарап суретін салу:

  1. Грануляциялық тін (Г-Э бояуы). Грануляциялық тіннің құрылымдық компоненттерін – 1) тамырлық компонент (капиллярлар); 2) жасушалық компонент (лейкоциттер, макрофагтар, плазмалық жасушалар, лимфоциттер); 3) дәнекер тіндік компонент (фибробласттар, фиброциттер, коллаген талшықтары)- сипаттаңыз. Жара жазылуы кезінде осындай тіннің пайда болу мерзімін атаңыз.




  1. Баретт өңеші (Г-Э бояуы). Көпқабатты жалпақ эпителийдің бірқатарлы цилиндр тәрізді безді эпителийге ауысуын, бокалтәрізді жасушалардың пайда болуын (ішектік метаплазия ошақтарын) сипаттаңыз. Себептері мен нәтижелерін жазыңыз.





Дайындыққа арналған негізгі материал:
Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.
Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.

https://drive.google.com/file/d/1Bc4nMYm9Q_GQc2eJCCINomENndP0rAaW/view

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет