№13 СӨЖ. Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары



Дата30.04.2022
өлшемі15,77 Kb.
#32984
Байланысты:
13 СӨЖ


№13 СӨЖ. Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары

Ұлттық қуіпсіздікті қамтамасыз ету; өзін өзі қорғай алуы; егемендік және территориялық тұтастық; аймақтық және жаһандық қауіпсіздік аспектілерін ескере отырып, Қазақстанның сыртқы саясаты

1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын дамытудың пайымы

Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде қадам басты. Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызы өскенін айғақтайды. Сонымен қатар, қазіргі заман болмысын ескерсек, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты ұлттық мүдделерді прагматизм қағидаттарымен жаңғыртуды және ілгерілетуді талап етеді. Бұл процеске бірқатар ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді. Маңызды ішкі факторлар ретінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түбегейлі өзгерістерді, трансформациялық кезеңнің аяқталуы мен елдің ұзақмерзімді және орнықты дамудың 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегиясына өтуін атап көрсеткен жөн. Сыртқы факторлар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдарын еңсеру қажеттілігінен, қақтығыстардың шиеленісуінен, адамзаттың қазіргі проблемаларынан, өңірлік және жаһандық деңгейлерде жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың пайда болуынан көрінеді.

2. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары

Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:

1) елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;

2) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;

3) орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;

4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;

5) өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;

6) 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;

7) ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

8) елдің "жасыл" даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;

9) ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;

10) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау;

11) шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт негізінде Ресей Федерациясымен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық салаларында одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырады.



Қазақстан Республикасы жоғары және биік деңгейлердегі саяси диалог шеңберінде Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетеді, энергетикалық, инвестициялық-технологиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, транзиттік-көліктік саладағы, аграрлық сектордағы, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесе пайдалану және экология саласындағы өзара іс-қимылды дамытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет