Алматинский Технологический Университет
Реферат
Тақырыбы: “Экономикалық дамудың кластерлік принципі ₋ елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру”
Орындаған: Аппасов Эльдар
Тексерген: Алдакен А.С.
Алматы, 2022
Жоспар :
Кіріспе
1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы басқарудың маңызы
2. Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы
3. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
4. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында республикамыздың бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елі қатарына қосылу міндеті қойылды. Бұл міндетті қысқаша анықтап шығу үшін бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі Қазақстанның тұғырын, берілген рейтингін есептеу әдіснамасын және бірқатар басқа да мәселелерді қарастыру керек. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру ең алдымен бәсекеге қабілеттілік дегеннің мәнісін түсініп алу арқылы анықталады. Қазірдің өзінде Президенттің аталған Жолдауын талқылау барысында алға тартылған міндеттің әр түрлі түсінілгенін байқау қиын емес: көбіне әңгіме “ең дамыған”, “ең табысты”, “ең бәсекеге қабілетті” елдер туралы болып жатады. Біздің ойымызша, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдің бірі ету мақсаты қойылғанын анық түсіну керек. Және де жалпылама емес, белгілі бір әдіснама, дәлірек айтқанда, жыл сайын есептеліп отыратын Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) белгілеген бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі бойынша бәсекеге қабілетті ету мақсаты көзделіп отыр. 2013 жылдың қорытындысы бойынша БҚӨИ бағалаудың басқа үлгісі жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен алмасты. Бірақ Президент Жолдауы БЭФ елдердің бәсекеге қабілеттілігін БҚӨИ бойынша бағалап отырған 2010 жылдың наурызында жасалған болатын, сондықтан да бұрынғы нұсқада қабылданған бағалау критерийінің индексін де қарастырған жөн.
1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы басқарудың маңызы
Сонымен, Қазақстанның Бүкіләлемдік экономикалық форум анықтаған әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылу міндетін орындау үшін ең алдымен технологиялық даму және қоғамдық институттар дамуы сияқты мәселелерге ерекше назар аудару керек, өйткені макроэкономикалық ортадағы жағдаят біршама жағымды қалыптасып отыр. Қоғамдық институттар индексі келісімшарттар мен заңнамалық және жемқорлықтың
өзара бірдей деңгейдегі индексішілік индексінен құралады. Бұл екі индексішілік индекс те тексеру жүргізу және сауалнамалар арқылы есептеледі.
Бәсекеге қабілеттілік – күрделі экономикалық категория, ол төмендегідей бірнеше деңгейлерде қарастырылуы мүмкін:
• тауардың бәсекеге
• қабілеттілігі;
• тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі;
• саланың бәсекеге қабілеттілігі;
• елдердің бәсекеге қабілеттілігі.
Бәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастыруға болатын көп қырлы экономикалық категория. Бұл – мемлекеттің, тауардың, тауар өндірушілердің, салалардың бәсекеге қабілеттілігі. Осы деңгейлердің арасында тығыз байланыс бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік ақыр соңында белгілі бір өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіре алу қабілетіне байланысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2007 жылдың 28 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» №1332 Қаулысы қабылданды. Қаулыда Қазақстан үшін түрлі халықаралық рейтингтерде жақсы позицияларға жету ғана емес, экономикамыз бен қоғамымыздың тұрмыс жағдайының тұрақты өсуін қамтамасыз ету де маңызды екендігі атап көрсетілген
Қазақстанның бәсекелік артықшылығы еңбек нарығы және макроэкономикалық ортанының тиімділігі болып табылады
Сонымен қатар, Қазақстан денсаулық сақтау мен бастауыш білім, қаржылық нарық дамуы, компаниялар мен инновациялардың бәсекеге қабілеттілігі сияқты факторларда әлсіз позицияларды иеленіп отыр.
Орташа деңгейінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі институттар, инфрақұрылым, жоғарғы білім мен кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі, технологиялық дайындығы мен нарық көлемі позициялары бойынша тұр.
Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне негізгі техникалық қорлардың, әсіресе ауылшаруашылығындағы қорлардың, моральды және физикалық тозуы теріс әсер етіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың жасы 25 жылдан асады. Өндірістік қорлардың тозуы 70%-ға, яғни өндірістік қуаттың физикалық құлдырауы басталатын нормаға жетіп отыр. Жоғары деңгейлі технологияларды қолдану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі дамыған елдерден 10 есеге артта қалуда.
Қазақстанның экономикалық өсуін шектейтін негізгі факторларға – әлсіз банктік жүйе, корпоративтік басқару саласындағы кемшіліктер, шикізаттық тауарларға деген бағаның өзгермелілігі және нашар менеджмент жатады.
Негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моральды тозуының жоғарғы деңгейі.
Қалыптасқан өндірістік қуатты жеткілікті деңгейде қолданбау.
Өнеркәсіпте шикізаттық салалардың басым болуы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі.
Арта қалған қалалар мен аудандардың көп болуы.
Өңдеуші салалардың инвестициялық тартымдылығының төмендігі.
Жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және халықтың көп бөлігінің өмір сүру жағдайының төмендігі.
Кадрлық және ғылыми-техникалық қуаттың әлсіздігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің баяу дамуы.
2. Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы
Қазіргі таңда барынша монополияланған нарықтарға ірі көлемде капитал салуды қажет ететін салалар жатады. Бұл нарыққа әуе тасымалдаулары, телевизиялық бағдарламаларды эфир арқылы трансляциялау, ұлттық спутник байланысы т.б. жатады. 2001 жылы 19 қаңтарда «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заң қабылданды. Ол еркін бәсекені дамытуға, кәсіпкерлікті өркендетуге, тауар нарығының тиімді әрекет етуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ монополиялық қызметті шектеуге, алдын алуға және реттеуге бағытталды. Мұнда монополияға қарсы реттеу жүйесінің әрекет ету механизміне елеулі мән берілді.
Бәсекенің ел экономикасының қаншалықты дамығандығын көрсететін факторлардың бірі екендігі белгілі. Алайда кез келген бәсеке мемлекет тарапынан қорғалуға және қолдау көрсетілуіге тиіс. Бұл ретте әділ бәсекелестікті дамытудың маңызы ерекше. Дегенмен теріс бәсекелестік белгілері де ұшырасып қалып жатады. Осы жағымсыз құбылысты реттеу үшін Қазақстан Республкасында 1998 жылы 9 маусымда «Теріс бәсеке туралы» заң қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республиксының Конституциясына сүйенеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларынан тұрады. Теріс мақсаттағы бәсекеге ықпал етудің тиімділігнін арттыру үшін 2000 жылы 15 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының теріс бәсеке туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, оның нормалары теріс мақсаттағы бәсекеге айыппұл салу санкцияларын көздейді.
3. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажеттi болып отырған бәсекелiк ортаны тиiмдi қалыатастыру үшiн және оны дамуының мәселелерiн келесiдей шешу жолдары арқылы оң нәтижеге қол жеткiзуге болады. Сонымен, ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн келесi шараларды жүзеге асыруымыз керек:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн жоғарлатуды мемлекет өз қызметi деп алуы керек;
Отандық өнеркәсiптердiң арасында өзара бәсекелестiктi дамытып, олардың әлемдiк деңгейдегi бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
Өнеркәсiп салаларында фирмааралық кооперациялар құру;
Әр түрлi дамыған елдердiң компанияларының стратегиялық альянстарына кiруге талпыныс жасау;
Ғылыми-өндiрiстiк ресурстарды шоғырландыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық тиiмдi қызмет ететiн ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық бiрлестiктер құру;
ҒЗТКЖ-ның әр түрлi субъектiлерi арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру;
Тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту үшiн несие жүйесiн және лизингтiк қатынастарды дамыту;
Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру үшiн өнеркәсiптiң жоспарын құру, оның басты мақсаты iшкi және сыртқы нарықтағы қатаң бәсекелестiк күреске басымдылық көрсетуге бейiм iрi өнеркәсiп кәсiпорындарын ұйымдастыру;
Қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегияны саналы түрде жүзеге асыру.
Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
Қорытынды
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте маңызды және уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, әлемдік экономикада алатын орнымыз, экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жоғарғы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де бәсекеге қабілеттілік болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi.
2.Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
3.Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
4.Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |