Дифференция- столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.
Орындық арқалығының ара қашықтығы - столдың артқы қырынан (көлденеңінен) орындық арқалығына дейінгі аралық, бұл аралық көкірек қүысының алдыңғы-артқы диаметрінен 5см жоғары болмауы керек. Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп, тыныс алу, қан айналу қызметі бұзылып, жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болып, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың басталуы жеделдеп, қызмет қабілеті төмендейді.
Орындықтың дистанциясы - столдың артқы қыры мен (көлденеңінен) орындықтың алдыңғы қырының аралығы. Орындықтың дистанциясы - теріс болуы керек, яғни орындықтың отырғышы столдың астына 4-8см кіріп тұруы керек; «Нөлдікң, әсіресе «оңң дистанцияда, оқушы столға қарай еңкейіп, алдына қарай созылып отыруға мәжбүр болады. Жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыздыққа ұшырап, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың дамуы жеделдейді. «оңң дистанция оқушы орнынан тұрып, столдан шығуы үшін ғана қажет. «Терісң дистанцияның «оңң дистанцияға ауысуы стол қақпағын ашу немесе орындықты жылжыту арқылы жасалады.
СЫНЫПТАҒЫ ЭЛЕКТР ШАМДАРЫ .Күн бұлтты болғанда, қыс күндері табиғи дарық жеткіліксіз болады, сондықтан бөлмелердің қосымша электр дарық шармдары болуы тиіс. Жарық шармдарының көлеңкесіз біркелкі дарық беруі үшін олардың сыртында дарық сейілдіргіштері болуы қажет. Жарық сейілдіргіштер ақ түсті шины дан, немсе жұқа қаңылтырдан, немсе пластинкалардан дасаллоды. Олардың пішіндері әр түрлі: айналмалы дөңгелектер, төрт бұрыш ты табақшалар немсе шины плафхондар т. б. Жасанды дарықтың мөлшері пайдаланатын электр шарманы байланнысты. Электр шармдарының дарық мөлшері ор партаға 150 люк стен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік шармдардың дарығы 300 люкс. Соған байланнысты электр шармдарын 2 немсе 3 қатар етіп, қуаттилығы 300 Вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік шармдардарының қуаттилығы 40 вт 12 шарм орнатылады.
Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы. Үстелдіңұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса, оқушының омыртқа сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады. Оқушының дұрыс отыруын қамтамасыз ететін парта столы мен орындықтың басты 3 көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және орындық дистанциялары. Парта орындықтарының арқалық дистанциясы столдың оқушы жақ шетінен орындықтың арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз болғанда оқушының кеудесі столдың шетіне тіреліп, кеуде сүйегі ішіне қисайып өседі де, көкірек қуысындағы тіршілікке маңызы зор жүрек, қолқа тамыры, жоғарғы және төменгі қуыс веналары іспетті үлкен қан тамырларының, өкпе, бауыр, бронхылардыңқызметіне, олардың дұрыс өсіп жетілуіне зиян келтіреді. Ал арқалық дистанция артық болғанда оқушы жазуды еңкейіп жазады да, омыртқа сүйектері қисықөседі және көздіңқызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды. Парта орындықтарының дистанциясы деп парта үстелінің оқушы жақ шеті мен орындықтың алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3 түрлі болады: нөлдік, оң және теріс дистанция. Егер столдың шеті мен орындықтың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, орындық дистанция нөлдік, арасында аралық болса — оң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса — теріс дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша оқушылардың дұрыс отыруына 4-5 см теріс дистанция қолайлы. Парта қақпағының ішкі жағына оныңөлшемі көрсетіледі.
Оқушы партасына қойылатын талаптар орындалған жағдайда оқушылардың денесі қисаймай дұрыс өсіп, яғни оқушылардың дұрыс өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалынады