Тапсырма:
Жүрек – қан тамырлары жүйесінің аурулары,алдын-алу –реферат
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады.
Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай?
Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек- қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор.
Жүрек-қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бір себеп - стресс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады. Адамның көңіл-күйінің денсаулыққа әсері мол. Көңіл күйдің толқуы, мазасыздануы, біріншіден, адамның миы арқылы беріледі. Жағымсыз эмоциялар вегетативтік жүйені қоздырады, одан барып ағзадағы қан айналымына, ішкі органдарға, эндокриндік бездердің қызметіне әсер етеді. Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзылады. Оның әсері жүрек соғысының, ырғағының бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің, қан тамырларының тартылуына апарады. Мидың қан айналымы нашарлайды, мидың клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады
Жүрек-қан тамыры ауруларына әйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады. Мұндай тенденция 50-55 жасқа дейін, яғни әйелдердің жыныстық гармондарының жұмысы бәсеңдеген тұсқа дейін сақталады. Алдын – алуға, немесе жеңуге болатын қауіпті факторлар- холестериннің жоғары деңгейі, артериалды гипертония, темеку шегу, қант диабеті, семіздік, түрлі күйзелістер болып саналады.
Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол- темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық.
Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:
• Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
• Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
• Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту-
тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
• Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
• Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
• Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
• Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.
Жүрек – қан тамырлары жүйесінің ауруларына әсер етуші факторлар-өз ойыңызды жазыңыз.
Жүрек қан-тамырлар жүйесіне кері әсер ететін зиянды заттар: Ішімдік, алкоголь құрамындағы сивуш майы тамырдың кеңейуін тудырып, жүрекке салмақ түсіреді. Темекі, құрамындағы никотин керісінше тамырды тарылтып, қанның жүруіне кедергі жасайды. Аурудың туындауына тамақтың құрамының әсері де зор(технология пәні) Майлы, тұзды, кептірілген, қуырылған тамақтар қандағы холестеринді көбейтеді.
Никотиннің. алкогольдің,экологияның салауатты өмір салтына әсері-эссе,презентация.
Зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар қабылдау.
Жоспар :
1. Зиянды әдеттер
2. Темекі тарту, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасыназиянды ықпалы
Әдет — бұл, адам үшін орындалмаса болмайтын, орындалуы қажеттілікке айналған, онсыз бәрі ойдағыдай болмайтын іс-әрекет.
Зиянды әдеттер — бұл, адам денсаулығына зиянын тигізетін және өз мақсаттарын іске асыруға, өз мүмкіншіліктерін өмірінде толыгымен пайдалануға кедергі болатын әдеттер.
Зиянды әдеттердің ерекшеліктері қандай?
Зиянды әдеттер бірқатар ерекшеліктерге ие:
Көбіне зиянды әдеттер, соған ұшыраған адамның денсаулығына жағымсыз әсер ететіндей, айналасындағылардың денсаулығына да әсері бар.
Зиянды әдеттер нәтижесінде, міндетті түрде адамның қалған бар іс- әрекеттерін, оның ісін өзіне бағындырып алады.
Зиянды әдеттердің ерекше белгісі: үйренісіп кету, онсыз өмір сүре алмайтын халге жету.
Зиянды әдеттерден арылу өте қиын.
«Жақсы (пайдалы) әдеттер:
Ерте тұру,
Күнделікті таңертеңгілік жаттығу,
Қарама-қарсы (контрасты) душ қабылдау,
Тісті күніне 2 рет тазалау,
Ұйқы алдында серуендеу,
күнделікті үйді жинастыруға 10-15 минутты арнау,
«Көшеден» соң, дәретханадан соң, тамақтанар алдында міндетті түрде қолды жуу,
Үнемі денені жуу,
Киімнің, төсектің тазалығын қадағалау,
Бөлмені үнемі желдетіп отыру, әсіресе таңертең және ұйықтар алдында,
Күнделікті серуендеу,
Күн сәулесімен, таза ауамен шынығу,
Жалаң аяқ жүру,
Өмірге қуанып, күлімдеп жүруды үйрену,
Қант, шәй, какао, кофені пайдалануды қысқарту,
Жатар алдында тамақ ішпеу, т.б.
«Зиянды әдеттер»:
Темекі тарту,
Алкогольді қабылдау,
Есірткі қабылдау,
Уытты заттарды қабылдау,
Ойынға тәуелділік,
Шопингомания - «таңылған дүкенге тәуелділік»,
Компьютерге тәуелділік,
Теледидарға тәуелділік,
Sms-тәуелділік,
Құмар ойындармен әуестену,
Бас тарта алмаушылық,
Кешігу,
Ұмытшақтық,
Тырнақты тістеу, т.б. әдеттер.
Темекі тартудың зияны
Никотиннің адамға әсері - аса жағымсыз. Никотин тәжірибеде барлық органдарға әсер етеді, бірақ орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамырлық, эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары.
Никотин инсульт пен жүрек ауруларына әкелетін тамыр асклерозының өсуіне себеп болады. Никотин тромбтардың пайда болуына себеп болады, канцерогенді (обырдың (рак) өсуіне себеп болатын) әсерге ие. Адам ағзасына тигізетін зиянды әсерінің ең қауіптісі - бұл, келер ұрпақта тек дами беретін жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар.
Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы - бұл өкпе. Никотин және оның басқа компоненттері демді ішке тарту кезінде темекі түтіні кеңірдектен, қолқадан өтіп, альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин миға түседі, оның концентрациясы тек темекі тартып болған соң 30 минуттан кейін төмендейді. Никотиннің негізгі метаболизм (алмасу) процессі бауырда, бүйректерде және өкпеде өтеді.
Темекі тартпайтындар темекі тартатындардың ортасында болғанда, темекі тартатын адамдарға қарағанда обырға ұшырау қаупі 20% жоғары және егер де отбасында, пәтерде көп темекі тартылса, темекі шекпейтіндерде обырға ұшырау қаупі 70% артады. Ата-анасы темекі тартатын балалар тыныс ауруларымен, ата- анасы темекі тартпайтын балаларға қарағанда 2 есе көп ауырады.
Никотин жүйке жасушалары үшін өте уытты. Никотиннің аз дозасы өте қысқа уақытта ми қыртысының қозғыштығын күшейтеді, сосын жүйке жасушаларының қызметін басады, олар бірте-бірте әлсіреп, ақыл-ой қызметі мен мидың басқа да функцияларын төмендетеді. Қозу мен тежелу процесстерінің бұзылуы неврозға тән симптомдарды тудырады, олар қатты бас ауруларымен, ашушаңдық, дисфория, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысыздық, бас айналу, абыржулық, саусақтардың дірілдеуімен білінеді. Сонымен, темекі тарту қажеттілігі рақаттану үшін емес, невроз симптомдарын өшіру үшін туындайды.
Никотин жүрек жұмысын жеделдетеді, қантамырларды тарылтады, қан қысымын көтереді. Никотин әсерінен жүрек қызметінің, асқазан, ішек қызметі бұзылуы, т.б. басталады.
Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қанмен оттегіні жеткіліксіз алады, сондықтан темекі тартушының ақыл-ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ- қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді.
Темекі тарту қатты жөтелге, тыныс алудың қиындауына әкелетін қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. Әдетте, темекі тартушыларда қарлыққан, дөрекі дауыс қалыптасады, бұл әйелдер үшін тым жаман.
Алкогольдің зияны
Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті, өйткені, басқа органдарға қарағанда концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп туғызады. Алкоголь ми қабығының бұзылуына, ұюына және басқа бөлімдерінің бұзылуына әкеледі.
Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз әсер етеді. Мұнда алкогольдің адам ағзасына әсері, ас қорыту органдарының жасушаларының ішкі қабығының бұзылуына және зақымдануына, тканьдарының
күйіп, солуында; асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында; инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Бұл, өз кезегінде, қоректік заттардың сіңу процессінің бұзылуына әкеліп соғады, ас қорыту ферменттерінің бөлінуінің азаюы, асқазанда тамақтың іркілуіне әкеледі. Сонымен, алкогольдің денсаулыққа әсері, іштегі күрт ауырсынулармен, асқазан мәселелері, гастрит, қант диабеті, панкреатит, асқазан обыры ауруларымен білінеді.
Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкогольдің адам ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Алкоголь, адам қанының жасушалары - эритроциттердің бұзылуына себеп болады. Осының нәтижесінде деформацияланған қызыл қанды денешіктер оттегіні өкпеден тканьдарға (көмірқышқыл газын кері) тасымалдауға, сонымен қатар, басқа да бірқатар функцияларды орындауға қабілетсіз болады. Осының салдарынан алкоголь тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға, атеросклерозға, аритмияға ұшырайды.
Алкогольдің денсаулыққа әсері, сонымен қатар, қандағы қант реттелуінің бұзылуында болады. Бұл қауіпті зардаптарға: диабетті жағдайларға, тамырлар мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Жүрек-қантамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зиянсыз сусын болып саналатын - сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл өгіз жүрекке әкеліп соғады - оны тағы да сыралық деп атайды, бұл жағдайда жүректің көлемі үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға бейім болады. Осыдан - әртүрлі аритмиялар, қан қысымының көтерілуі пайда болады.
Алкогольдің денсаулыққа әсері жүйке жүйесінде де білінеді, соның салдарынан, психикалық уланулардың орталықтарының параличі: зейін мен есте сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл-ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің пайда болуы, адамның дағдарысқа ұшырау мәселелері.
Алкогольдің алдында, әсіресе бауыр қорғансыз болады. Алкогольдің әсерінен бауыр жасушалары жойылады - олардың орнында тыртық пайда болады, ол бауыр функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына әкеліп соқтырады.
Алкогольдің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы - бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін.
Ақыр соңында, алкогольдің көп дозасы алкогольдік комаға, ажалды нәтижеге әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |