Тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта жазады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды.
Тапсырмаларға, тақырыпқа сай оқушының өз ойын білу мақсатында қолданылады.
«Бағдаршам» әдісі
Бағдаршам түстерін пайдалана отырып, оқушының тапсырманы түсінгенін анықтауға болады.
Сабақты түсіну дәрежесін анықтау мақсатында қолданылады.
«Басбармақ» әдісі
Басбармақ жоғары қараса – түсіндім, көлденең қараса- түсінгендеймін, төмен қарай- түсінбедім дегенді білдіреді.
Тақырыпты түсінген-түсінбегенін білу мақсатында қолданылады.
Рефлексияның 3-4 түрін айқындап, талдау жасаңыз. Рефлексия талдау Рефлексия түрлері:
І. Мақсатына қарай:
эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы
әрекетттік рефлексия.
оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.
1 Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы. Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Сабақтың басында және аяғында.
2 Әрекеттік рефлексия.
Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білуді үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
3 Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.