№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


 Жылдың жекелеген кезеңдеріндегі коэффициенттерді есептеу



Pdf көрінісі
бет25/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57

4. Жылдың жекелеген кезеңдеріндегі коэффициенттерді есептеу

20. Демографиялық көрсеткіштердің салыстырмалы есептеулері айға жəне айдың əрбір күніне жиналумен (кезең) 

ауыстыру коэффициентін жəне халықтың орташа санын қолданумен жүзеге асырылады.

Айға (кезеңге) ауыстыру коэффициенті үтірден кейін алты санға дейінгі дəлдікпен келесі формула бойынша 

есептеледі:

К

t



 = DN/ dn

мұнда:


К

t

 - айға (кезеңге) ауыстыру коэффициенті;



DN - жылдағы күндер саны;

dn - айдағы (кезеңдегі) күндер саны;

t - ай (кезең).

Айға (кезеңге) ауыстыру коэффициентінің көмегімен деректер жылдық мəнге келтіріледі. Жылдағы күндер саны 

365 (толық жылы – 366) күн деген есеппен алынады.

Айға  (кезеңге)  халықтың  орташа  саны  үтірден  кейін  бір  санға  дейінгі  дəлдікпен  келесі  формула  бойынша 

есептеледі:

S

t



 = S

+( ОП



/2

мұнда:



S

t

 - халықтың орташа саны;



S

1

 - есепті жылдың 1 қаңтарына халық саны;



ОП

t

 - жалпы өсім, кему (–); 



t - ай (кезең).

21. Жылдың жекелеген кезеңіндегі туу мен өлім-жітімнің жалпы коэффициенттері келесі формула бойынша 

есептеледі:

К (N


t

) =( N


t

 * К


t

 )/S


t

 * 1000


мұнда:

К (N


t

) - туу коэффициенті;

N

t

 - туылғандар саны;



К

t

 - ауыстыру коэффициенті;



S

t

 - халықтың орташа саны;



t - ай (кезең).

К (M


t

) = (M


t

 * К


t

 )/S


t

 * 1000


мұнда: 

К (M


t

) - өлім-жітім коэффициенті;

M

t

 - қайтыс болғандар саны;



К

t

 - ауыстыру коэффициенті;



S

t

 - халықтың орташа саны;



t - ай (кезең).

Бұйрық  Қазақстан  Республикасының  Əділет  министрлігінде 2015 жылғы 11 желтоқсандағы 

Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12399 болып  енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 11 наурыз                            №193                            Астана қаласы



Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы

«Мемлекеттік  мүлік  туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы  Қазақстан  Республикасының  Заңы 202-бабының 

1-тармағына сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін

Бағалау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн

ішінде  мерзімді  баспа  басылымдарына  жəне  «Əділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесіне  ресми  жариялауға 

жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан

Республикасының Ұлттық экономик а вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.ДО САЕВ

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

______________ Б.Сұлтанов

2015 жылғы 10 наурыз

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 11 наурыздағы №193 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағала у қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік 

туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сəйкес əзірленген 

жəне мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тəртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау (бұдан əрі – бағалау) – тиісті саланың уəкілетті органы мен 

жергілікті атқарушы органның мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, оның 

ішінде мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару 

жөніндегі қызметінің тиімділігін айқындау құралы.

3. Бағалау мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті жəне мемлекетке 

тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару тиімділігін айқындау 

мақсатында жүргізіледі.

4. Бағалау:

1) есепті кезеңде тұтас жəне түрлері бойынша: республикалық жəне коммуналдық мемлекеттік мүліктің жай-

күйі туралы талдамалық ақпаратты;

2) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалауды, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларды жəне мемлекетке 

тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметтерінің 

тиімділігіне қарай тиісті салалардың уəкілетті органдарын жəне жергілікті атқарушы органдарды бағалауды;

3) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар əзірлеуді қамтиды.

5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)  жергілікті  атқарушы  орган  (əкімдік) – облыстың, (республикалық  маңызы  бар  қаланың  жəне  астананың), 

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) əкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік 

басқаруды жəне өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

2)  ұйымдар – мемлекеттік  заңды  тұлғалар  (мемлекеттік  мекемелер  жəне  мемлекеттік  кəсіпорындар)  жəне 

мемлекеттің  бақылауындағы  акционерлік  қоғамдар  мен  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер  (бұдан  əрі – 

мемлекеттің бақылауындағы АҚ (ЖШС));

3) тиісті саланың уəкілетті органы – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге 

асы ратын жəне «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының 

өзге де заң дарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Респуб-

ли ка сының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлік ке 

қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органға берген жағдайда, Қағидалар осындай мемлекеттік органға қолда нылады.

6.  Осы  Қағидалар  Қазақстан  Республикасының  тиісті  салаларының  уəкілетті  органдарына  жəне  жергілікті 

атқарушы органдарына қолданылады.



2. Бағалауды жүзеге асыру тəртібі

7.  Бағалауды  ұйымдардың,  тиісті  салалардың  уəкілетті  органдары  мен  жергілікті  атқарушы  органдардың 

мемлекеттік мүлік пен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметінің 2013 жылғы нəтижелері бойынша 2014 жылдан 

бастап жыл сайын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган жүргізеді.

8. Бағалау екі кезеңмен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезең – тиісті салалардың уəкілетті органдарынан жəне жергілікті атқарушы органдардан бағалау 

жүргізуге қажетті ақпарат жинау;

2) екінші кезең – тиісті салалардың уəкілетті органдарының жəне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік 

мүлікті басқару жөніндегі қызметін балдық жүйе бойынша бағалау (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес əрбір 

көрсеткіш бойынша 2 балдан артық емес).

9. Бағалау мынадай ақпараттың негізінде жүзеге асырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша тиісті саланың уəкілетті органының немесе жергілікті 

атқарушы органның мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нəтижелері туралы есеп (бұдан əрі – есеп).

Есепте бағалау критерийлері бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы тиісті саланың уəкілетті ор-

ганы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық 

капиталына  қатысу  үлестерін)  иелену  жəне  пайдалану  құқығы  мен  мемлекеттік  заңды  тұлғаларды  басқаруды 

жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган ауысқан ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.

Есеп жасау үшін ақпарат көзі мыналар болып табылады:

ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі;

мемлекеттік кəсіпорындардың жəне мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) бекітілген, түзетілген даму 

жоспарлары мен оларды орындау жөніндегі есептері;

мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарының  ұйымдарды  бюджетке  салықтық  емес  түсімдер  түскен  кез-

де жəне мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан 

тексеруінің нəтижелері;

мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына бекітілген мүлікті түгендеуді, паспорттауды жəне қайта бағалауды 

жүргізу нəтижелері;

2) еркін нысанда жасалатын жəне мынадай мəліметтерді қамтитын есепке талдамалық жазба:

жағымды жақтары мен кемшіліктерін баяндай отырып, есептің көрсеткіштерін талдау;

есепті жылы тиісті саланың уəкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) 

мем лекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену жəне пайдалану құқығы мен мем ле-

кеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган ауысқан ұйымдардың атаулы тізбесі;

төлемге  қабілетсіз  мемлекеттік  кəсіпорындарды  жəне  мемлекет  бақылауындағы  АҚ-ны  (ЖШС-ні)  қаржы-

экономикалық сауықтыру жөніндегі ұсыныстар;

ұйымдарды басқару кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен проблемалар;

ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;

3)  осы  Қағидаларға 3-қосымшаға  сəйкес  нысан  бойынша  мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарының 

ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде жəне мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан 

Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нəтижелері туралы мəліметтер;

4) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері

10.  Аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдары  мемлекеттік  жо-

спарлау  жөніндегі  уəкілетті  органға  жыл  сайын,  есепті  жылдан  кейінгі  жылдың  жиырмасыншы  қазанына 

дейін  осы  Қағидаларға 2-қосымшаға  сəйкес  нысан  бойынша  есепті,  есепке  талдамалық  жазбаны  жəне  осы 

Қағида ларға 3-қосымшаға  сəйкес  нысан  бойынша  мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарының  ұйымдарды 

бюджетке  салықтық  емес  түсімдер  түскен  кезде  жəне  мемлекет  активтерін  пайдалану  кезінде  Қазақстан 

Респуб ликасының  заңнамасын  сақтауы  тұрғысынан  тексеруінің  нəтижелері  туралы  мəліметтерді  ұсынады.

 11. Тиісті салалардың уəкілетті органдары жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 

жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 

жылдың бірінші қарашасына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша есепті, есепке талдамалық 

жазбаны жəне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 

ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде жəне мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан 

Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нəтижелері туралы мəліметтерді ұсынады.

12. Тиісті салалардың уəкілетті органдары жəне жергілікті атқарушы органдар бағалау жүргізу үшін ұсынылатын 

ақпараттың дұрыстығын жəне толықтығын қамтамасыз етеді.

13. Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

1) «Қаржылық нəтижесі теріс ұйымдардың санын азайту» критерийі қаржылық нəтижесі теріс ұйымдардың бо-

луын/болмауын немесе санының өзгеруін көрсетеді.

Нөлдік қаржылық нəтиже оң нəтиже ретінде айқындалады;

2) «Мемлекеттік  кəсіпорындардың  таза  табысының  бір  бөлігінің  жəне  мемлекет  бақылауындағы  АҚ  (ЖШС) 

акцияларының  мемлекеттік  пакетіне  (жарғылық  капиталына  қатысу  үлестеріне)  дивидендтердің  (табыстардың) 

бюджетке  түсуін  қамтамасыз  ету»  критерийі  мемлекеттік  кəсіпорындардың  таза  табысының  бір  бөлігінің  жəне 

мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің (мемлекеттік қатысу 

үлесіне таза табыс бөлігінің) бюджетке түсуінің уақтылылығы мен толықтығын көрсетеді.

Осы  критерий  бойынша  есепті  кезеңде  оң  қаржылық  нəтижеге  ие  жəне  акциялардың  мемлекеттік  пакетіне 

(мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бір бөлігін) бюджетке 

аударудан босатылмаған мемлекеттік кəсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаралады.

3) «Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау» критерийі бойынша мыналар айқындалады:

Мемлекеттік  органдардың  аппаратын  жəне  ерекше  үй-жайларын  орналастыруға  арналған  алаңдар 

нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;

Мемлекеттік  органдарға  көліктік  қызмет  көрсету  үшін  қызметтік  автомобильдердің  тиістілігі  нормативтерінің 

бұзылуы белгіленген ұйымдар саны;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жəне Қазақстан Республикасының орталық атқарушы 

органдарына  ведомстволық  бағыныстағы  мемлекеттік  мекемелерге  қызмет  көрсетуге  арналған  арнайы  көлiк 

құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;

Əкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік 

кəсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

Көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кəсіпорындар саны;

4) «Мемлекеттік  заңды  тұлғалардың  балансында  бекітілген  мүлікке  түгендеуді,  паспорттауды  жəне  қайта 

бағалауды жүргізу» критерийі бойынша балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік 

заңды тұлғалардың болмауын/болуын көрсетеді;

5) «Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы 

бойынша мемлекеттік кəсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру» критерийі бойынша 

мыналар айқындалады:

мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік меке-

мелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік 

мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

6) «Даму  жоспарының  көрсеткіштерін  жоспарлау  сапасы»  критерийі  бойынша  бекітілген  (түзетілген)  даму 

жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды да-

мыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін 

сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кəсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ 

(ЖШС) саны айқындалады. 

7) «Мемлекеттік кəсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы» 



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 17 наурыз                            №215                           Астана қаласы



«Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын 

науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды 

ұйымдастыруға жəне өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 

санитариялық қағидаларын бекіту туралы

«Халық  денсаулығы  жəне  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасының 2009 жылғы 18 

қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сəйкес бұйырамын:

1.  Қоса  беріліп  отырған  «Қарсы  профилактикалық  егулер  жүргізілетін  инфекциялық  аурулармен  ауыратын 

науқастарға  қатысты  санитариялық-эпидемияға  қарсы  (профилактикалық)  іс-шараларды  ұйымдастыруға  жəне 

өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ə.Б. 

Мəтішев) заңнамада белгіленген тəртіппен: 

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында 

жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орна-

ластыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. 

Жақсылықовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр Е.ДОСАЕВ

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі

___________ Т.Дүйсенова

2015 жылғы «26» наурыз

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 17 наурыздағы №215 бұйрығымен бекітілген

«Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты 

санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға жəне өткізуге 

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. «Қарсы  профилактикалық  егулер  жүргізілетін  инфекциялық  аурулармен  ауыратын  науқастарға  қатысты 

санитариялық-эпидемияға  қарсы  (профилактикалық)  іс-шараларды  ұйымдастыруға  жəне  өткізуге  қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық  қағидалары  (бұдан  əрі – Санитариялық  қағидалар) 

қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-

эпидемияға  қарсы  (профилактикалық)  іс-шараларды  ұйымдастыруға  жəне  жүргізуге  қойылатын  санитариялық-

эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) абацилдену – бактерия бөлуді тоқтату;

2) гемофильдік инфекция – аэрогендік берілу механизмі бар, инфлюэнца таяқшасы туғызатын, əсіресе тыныс 

алу органдарының, орталық нерв жүйесінің жəне көз конъюнктивасының зақымдалуы, менингит, сепсис, пневмония, 

эпиглоттит түрінде болатын бірнеше клиникалық көріністерімен сипатталатын жіті антропоноздық инфекциялық ауру;

3) дифтерия – аэрогендік берілу механизмі бар, мұрын-жұтқыншақта, көмейде, кеңірдекте, мұрында фиброзды-

қабыну процесімен білінетін жəне айқын уланумен сипатталатын, көбінесе ауыр асқынулар (күркілдек, миокардит 

жəне басқалары) туғызатын антропоноздық жіті респираторлық ауру;

4) инкубациялық кезең – қоздырғыштың организмге ену уақытынан бастап аурудың белгілері пайда болғанға 

дейінгі уақыт аралығы;

5) көкжөтел – аэрогендік берілу механизмі бар, улану белгілерімен сипатталатын, жоғарғы тыныс жолдарының 

катаральдық қабынуы салдарынан өзіне тəн қалшылдаған жөтел жəне құсу болатын антропонозды жіті респираторлық 

бактериялық инфекция;

6) қызылша – қоздырғышы аспирациялық механизмімен берілетін, қалтыраумен, уланумен, дақты-папулалық 

бөртпенің  кезеңді  пайда  болуымен,  энантемамен,  конъюнктиваның  жəне  жоғарғы  тыныс  алу  жолдарының 

зақымдалуымен сипатталатын антропоноздық жіті респираторлық вирустық ауру;

7)  қызамық – аэрогенді  берілу  механизмі  бар,  əсіресе  желке  жəне  артқы  мойын  лимфалық  түйіндерінің 

ұлғаюымен,  макуло-папулездік  бөртпемен  жəне  төмен  деңгейдегі  уланумен  сипатталатын  антропоноздық  жіті 

респираторлық вирустық ауру;

8) моновакцина – микроорганизмдердің бір түрінің немесе серологиялық нұсқасының негізінде жасалған вакцина;

9) пневмококк инфекциясы – аэрогенді берілу механизмі бар пневмококктар себеп болатын түрлі клиникалық 

көріністерімен, көбінесе өкпенің зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобы;

10) полиомиелит – жалпы улану белгілерімен жəне жиі нерв жүйесінің енжар перифериялық салдарының түрі 

бойынша зақымдалуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру;

11)  сіреспе – қоздырғышы  байланыс  механизмі  арқылы  берілетін,  көлденең-жолақты  бұлшық  еттерінің 

титаникалық  жəне  құрысулық  тартылуымен  байқалатын,  орталық  нерв  жүйесінің  белгілі  құрылымының 

зақымдалуының ауыр ағымымен сипатталатын зооантропоноздық жіті инфекциялық ауру;

12) эпидемиялық паротит – аэрогенді берілу механизмі бар, жалпы улану, бір немесе екі сілекей бездерінің 

үлкеюі, бездік органдар жəне нерв жүйесінің жиі зақымдануымен сипатталатын антропонозды жіті респираторлық 

вирустық ауру.

2. Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға 

қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға жəне 

өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3.  Қарсы  профилактикалық  егулер  жүргізілетін  инфекциялық  аурулардың  тіркелуін  болдырмау  мақсатында 

«Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін жəне халықтың жоспарлы 

егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы 

№ 2295 қаулысымен (бұдан əрі – № 2295 қаулы) бекітілген мерзімдерде балаларды профилактикалық егулермен 

қамту 95%-тен кем болмауы тиіс.

4.  Дифтерияға,  сіреспеге  жəне  көкжөтелге  қарсы  иммундау  тұтас  жасушалы  жəне  жасушасыз  көкжөтел 

компоненті бар адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасын қамтитын вакциналармен (бұдан əрі – 

құрамында АКДС бар вакцина), сондай-ақ антигендердің азайтылған құрамы бар адсорбцияланған дифтерия-сіреспе 

анатоксинімен (бұдан əрі – АДС-М) жүргізіледі.

Көкжөтел компонентіне қарсы көрсетілімдер бар болғанда иммундау АДС-М-мен жүргізіледі:

егер реакция құрамында АКДС бар вакцинамен бірінші вакцинацияға дамыса, онда АДС-М-мен екінші егуді 3 

айдан ерте емес уақытта жүргізеді;

егер реакция құрамында АКДС бар вакцинамен екінші вакцинацияға дамыса, онда дифтерия мен сіреспеге 

қарсы вакцинация курсы аяқталған болып саналады. Екі жағдайда да АДС-М-мен бірінші ревакцинацияны 9-12 

айдан кейін жүргізеді;

егер реакция құрамында АКДС бар вакцинамен үшінші вакцинацияға дамыса, АДС-М-мен бірінші ревакцина-

цияны 12-18 айдан кейін жүргізеді. 

5. Дифтериямен ауыратын науқастардың ошақтарында:

1) № 2295 қаулымен белгіленген мерзімдерде егілмеген адамдарды;

2) алған егулері туралы құжатпен расталмаған адамдарды;

3) жасына қарай соңғы ревакцинациядан кейін 10 жылдан астам уақыт өткен адамдарды иммундау жүргізіледі.

6. Дифтериямен ауырып жазылған адамдарды иммундау стационардан шығарылғанға дейін жүргізіледі. Бұрын 

вакцинацияланбаған адамдарға АДС-М-нің бір дозасы егіледі, содан кейін вакцинацияның бастапқы курсы (4 апта 

интервалмен 3-доза) жəне бірінші ревакцинация (6 ай интервалмен 4-доза) жүргізіледі. Ішінара вакцинацияланған 

адамдарға 2 дозадан  тұратын 4 апта  интервалмен  вакцинация  курсы  жəне 6 ай  интервалмен  бірінші  ревакци-

нация  жүргізіледі.  Одан  кейін  иммундау  № 2295 қаулыға  сəйкес  профилактикалық  егулер  мерзімдеріне  сəйкес 

жүргізіледі. Толық иммундалған адамдарға, егер соңғы доза 5 жылдан астам уақыт бұрын егілген болса, АДС-М-

нің бір дозасы егіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет