№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет1/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

№130 (28858)

9 ШІЛДЕ

СЕНБІ

2016 ЖЫЛ

АҚПАРАТТАР

ағыны


  Қазақстанда мерзімі өтіп 

кеткен  жалақы  қарызының 

көлемі  2,7  есеге  төмендеді. 

Сөйтіп, ол 276 миллионнан 10 

миллион  теңгеге  дейін  азай-

ды.  Денсаулық  сақтау  жəне 

əлеуметтік  даму  министрі 

Тамара  Дүйсенованың  айту-

ынша, бұған мемлекеттік еңбек 

инспекторларының  қызметі 

себепші  болған.  Мəселен, 

4  мыңнан  астам  тексерулер 

кезінде 6 мыңнан астам еңбек 

з а ң н а м а с ы н   б ұ з у ш ы л ы қ 

анықталған.

    Ұлттық  экономика 



министрі  қалалы  жерлерде 

шағын  несие  беруді  артты-

руды ұсынды. Мұны көтерген 

Қуандық  Бишімбаевтың  ай-

туынша, Елбасы тапсырмасы-

мен  алдағы  уақытта  бірқатар 

маңызды  шараларды  қамту 

көзделеді. «Біріншіден,  еңбек 

ресурстары  артылатын,  ау-

ылды  жерлерден  жастар 

көбірек  ағылатын  қалаларда  

шағын  несие  беруді  дамыту 

керек»,  –  деді  министр.  Осы 

арқылы  қалаға  келген  жастар 

жұмыссыздар қатарын арттыр-

май, кəсіпкерлікті дамытуға да 

мүмкіндік алулары тиіс.

  Биыл 4 облыстағы 183,4 



мың гектар жерде суландыру 

жүйелерін  қалпына  келтіру 

жобасы жүзеге асады. Су сіңіру 

жəне  суландыратын  жерлерді 

қалпына  келтіру  мақсатында 

биылғы  жылдың  маусым  ай-

ында  Ислам  даму  банкі  мен 

Еуропа Қайта құру жəне Даму 

банкінен мемлекеттік кепілдік 

есебінен 106 млрд. теңге (314,1 

млн. АҚШ доллары) құрайтын 

жобаларды  жүзеге  асыруға 

қарыздар тарту бойынша жос-

пар қабылданды. 

  Алматыда арықтар желі-

сін жөндеуге 600 мил лионға 

жуық теңге бөлінеді.  Оңтүстік 

астанада көбейген нөсер жауын-

дар арық желісіндегі кемші лік-

терді  айқын  көрсетіп  берді. 

Қа лада арық желісінің 50 пай-

ызы қанағаттанарлықсыз күйде. 

Осы ған байланысты, 495 млн. 

теңгеге 18,2 шақырымдық арық 

желісіне  ағымдағы  жөндеу 

жұмыстарын  жүргізу  жоспар-

ланды. 

  Полиция Астана күнінде 



жоғалып  кеткен  қыз  бен 

оның екі жасар інісін тауып 

алды.  «Елорда  полицейлері 

Алматы ІІД қызметкерлерімен 

бірлесе отырып, жоғалып кет-

кен  балаларды  Алматы  ав-

товокзалынан  тауып  алды. 

Олар  Алматы  қа ла сының  ІІБ-

не  жеткізілді.  Оқи ғаның  мəн-

жайы анықталып жа тыр», – деді 

Астана ішкі істер де пар таменті 

баспасөз қызме ті нің жетекшісі 

Софья Қылыш бекова.

  «Қазақстан  балалар 



көзімен» атты жас суретшілер 

байқауы өтті. Отан-анаға де-

ген  сүйіспеншілікті  дəріптеу 

м а қ с а т ы н д а   ө т к і з і л г е н 

конкурсқа  3  мыңнан  аса 

шығарма  келіп  түскен.  Кеше 

солардың  ең  таңдаулылары 

үздік  марапатқа  ие  бол-

ды.  Гран-при  иегері  атанған 

қарағандылық Анель Имишова 

бас қаланың кереметтілігін өз 

қаламына арқау етіпті. 

Хабарлар Үкімет жəне 

облыстық əкімдіктер сайтта-

ры, «ҚазАқпарат» агенттігі, 

«Хабар» телеарнасы материал-

дары бойынша дайындалды

Ізгі ниетті 

лебіздер легі

Елбасының туған күніне байланысты Əзербайжан Рес пуб-

ликасының Президенті Ильхам Əлиев құттықтау жеделхатын 

жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

  И.Əлиевтің  құттықтауында 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  дана 

басшылығымен  Қазақстанның 

саяси,  əлеуметтік-экономикалық 

жəне мəдени жасампаздық жолын-

да нық сеніммен қадам басып келе 

жатқаны айтылған.

«Еліңіздің халықаралық беделі 

күн  сайын  артып  келеді.  Қа зақ-

стан  мен  Əзербайжан  арасын-

да  ғы  екіжақты  қарым-қаты-

нас  ты  дамытудағы  жəне  оның 

бү гін гі деңгейіне жетуіндегі Сіз-

дің үлесіңіз зор. Біздің өзара сенім 

мен қолдауға негізделген серік  тес -

тігі міз тарихи терең тамырлас тық 

бай  ла ныстырып  жатқан  халық-

тары мыздың игілігіне алдағы уа-

қытта да қызмет ете беретініне се-

німдімін», – делінген жеделхатта.

Мемлекет  басшысына  Əзер-

байжан  Президенті  мықты  ден-

саулық, бақыт жəне мемлекеттік 

қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Грузия 

Президенті Гиоргий Маргвелашвили құттықтау жеделхатын 

жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 Грузия Президенті жылы ле-

бізді құттықтауы  мен  игі тілегін 

жол да ған.

«Сіз Қазақстан Республикасын 

өркендетуге бағытталған қа жыр-

лы қыз метіңіз арқылы баршаның 

құр метіне бөленген кемел мемле-

кеттік қайраткердің жарқын мы-

салы  болып  отырсыз.  Грузия 

мен  Қазақстан  Республикасы 

ара сын дағы дəстүрлі достық жə-

не  өзара  тиімді  ынтымақтастық 

алдағы уа қытта да нығая бере ті-

ні не сене мін», – делінген жедел-

хатта.


Г.Маргвелашвили жеке өзінің 

жəне  Грузия  халқының  атынан 

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан 

халқының  игілігі  жолында  жаңа 

табыстар тіледі. 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты 

емес  мүшелігі  сайлауындағы  Қазақстанның  жеңісіне  бай-

ланысты  Өзбекстан  Республикасының  Президенті  Ислам 

Кəрімов құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің 

баспасөз қызметі.

И.Кəрімов  жаһандық  бей-

бітшілік пен қауіпсіздікті сақтау 

жө ніндегі  өкілеттік  жүктелген 

осын дай өкілді органда мүшелік ету 

Қазақстанның халықаралық аре на-

дағы биік беделінің əлемдік қо ғам-

дастық тарапынан мойындалуы бо-

лып саналатынын атап өткен.

«Қауіпсіздік  кеңесіндегі  қыз-

меті  кезінде  Қазақстан  БҰҰ 

инс  титуттары  мен  органдарын 

же  тілдіру  үшін,  оның  жалпыға 

ор тақ  тұрақтылық  пен  орнықты 

даму ды қамтамасыз етудегі рөлін 

нығай ту  үшін  барлық  жағдайды 

жасай тынына нық сенімдімін», – 

делін ген жеделхатта.

И.Кəрімов  Нұрсұлтан  Назар-

баев қа мықты денсаулық, жұ мы-

сы на табыс, ал бауырлас Қазақстан 

хал  қына  игілік  пен  бақ-береке 

тіледі. 

Қарағанды  қаласында 

көмірді байытумен айналы-

сатын жаңа фабрика ашыл-

ды.  Кəсіпорынның  құрыл-

тай шыларының  бірі  əйгілі 

боксшы Геннадий Головкин. 

Былғары қолғап шебері об-

лыс əкімі Нұрмұхамбет Əб-

ді бековпен бірге өндіріс оша-

ғының ашылу салтанатына 

қатысты.

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

Жаңа кəсіпорынның қалыпты 

жұмыс  істеуін  «KAZ  Феррит» 

ЖШС  қадағалайтын  болады. 

Фаб рика ескі қаланың маңында, 

бұрынғы  трамвай  депосы  орна-

ласқан жерде орын тепкен.

Фабриканың тұсауы кесілген 

соң  Геннадий  Головкин  журна-

листерге қысқаша сұхбат берді. 

Атақты  спортшы  əңгіме  бары-

сында  кəсіпорынға  қанша  ин-

вестиция  салғанын  ашып  айт-

пады.  «Түзде  тапқан  табыстың 

бəрін  үйге  əкелдік.  Жарғылық 

капиталға  салған  ақшаның 

мөлшерін  айта  алмаймын.  Ал 

кəсіпорынның  бақылау  пакеті 

менің қолымда», – деді кеншінің 

баласы Г.Головкин.

Жаңадан ашылған кəсіп орын да 

Қарағанды мен Екібастұздың кө-

мірі байытылатын болады. Фаб-

ри каның қуаты жылына 500 мың 

тон на көмірге деп жоспарланған. 

Бұл  жерде  болашақта  150  адам 

тұ  рақ ты  түрде  жұмыс  істейтін 

болады.


Фабрика  құрылтайшылары-

ның  қатарында  Г.Головкиннен 

басқа «KAZ Феррит» ЖШС мен 

«Са мұ рық-Қазына»  ұлттық  əл-

ауқат қоры бар.

Кəсіпорын құрылтайшы ла ры-

ның айтуынша, жаңа фабриканың 

басым ба ғыт тағы міндетінің бірі 

қор ша ған ор таны қорғау мен эко-

логияны  сақ тауға  ерекше  көңіл 

бөлу болмақ.

ҚАРАҒАНДЫ

 Өңір өмірі

Боксшының байыту фабрикасы

Қазақстан Республикасының Заңы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 

қатысушы мемлекеттердің аумақтарында 

бірлескен жедел-тергеу топтарын құру 

тәртібі және олардың қызметі туралы 

келісімді ратификациялау туралы

2015 жылғы 16 қазанда Бурабайда жасалған Тəуелсіз Мемлекеттер 

Дос тастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен же-

дел-тергеу топтарын құру тəртібі жəне олардың қызметі туралы келісім 

ратификациялансын.



Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 шілде

№ 7-VI ҚРЗ

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев-

тың осынау бір сөзі жастар ға нағыз үлгі-

өнеге: «Отан ның болашағы, мемлекеттің 

келе шегі жастардың қолында, олардың 

өрісті  ойы,  өркенді  ісі,  табанды 

тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің 

арқасында биік белестерге жетеді». 

Қазақ  халқы  «ақыл  жастан,  асыл 

тастан»  деген.  Сонау  ғасырдан  бері 

қаншама  уақыт  өтсе  де,  қаншама 

ұрпақ  ауысса  да  халықтың  жастарға 

деген  сенімі  өзгерген  жоқ.  Жастар 

əркез  қоғамның  алға  бастар  күші 

ретінде танылған. Мамандық таңдау 

–  жасөспірім  шақтағы  ең  маңызды 

шешімдердің  бірі.  Үлкен  өмірге 

енді  ғана  аяқ  басқан  жасөспірім  ал-

дында  жүз  мыңдаған  мамандықтан 

өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті 

тұрады.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ 



мұның кез келгеніне икем ділік, білім, 

біліктілік  қажет,  зор  шеберлікті 

қажет ететін нəрсе. Былтыр елімізде 

қаншама  жеткін шек  білім  ошағын 

тəмамдап, үлкен өмірге қанат қақты. 

Олардың  басым  көпшілігі  ұлттық 

бірыңғай  тестілеуден  жоғары  ұпай 

жинап, біразы «Алтын белгіге» лайық 

екендіктерін дəлелдеп шықты.

Елімізге қандай мамандар қажет?

 Айтайын дегенім...

Экологияны 

экологтарға 

қайтару 


керек 

Жақында  Энергетика  министрі 

Қанат Бозымбаев «Қоршаған орта-

ны  қорғау  комитетін  экологтарға 

қайтарғымыз келеді. Басшылық та-

рапынан бұл мəселеде қолдау тап-

тым. Сондықтан, қызметкерлердің 

біліктілігіне  талапты  күшейтіп, 

жұмыстың нəтижесін арттыруға күш 

саламыз. Бұл органның ашықтығын 

қамту  керек,  себебі,  қоршаған 

ортаның мəселесі қоғамның ажыра-

мас бөлігі», дегенді айтты. Өйткені, 

экология мəселесіне бірден-бір жау-

апты министрліктің атауы 1995-2014 

жылдары аралығында 6 рет өзгеріп, 

ал  2014  жылы  тамыздың  2-і  күні 

біржола келмеске кеткен болатын. 

Соңғы рет Қоршаған орта жəне су 

ресурстары министрлігі деп аталған 

бұл  министрліктің  функциялары 

Энергетика министрлігіне ауысып еді. 



ДҰРЫС ЕКЕН!

ОЙЛАСУ

БАСТЫ БАЙЛЫҚ

10

3

5

 Еңбегімен еленген

 Көкейкесті

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Биыл риддерлік машина құ-

ры лысы  мамандары  өндіріс 

көлемін арттыруды жəне импорт-

ты  алмастыру  бағдарламасы 

бо йынша  жаңа  өнім  түрін  иге-

руді қолға алды. Қаладағы «Қаз-

цинкмаш»  ЖШС  кəсіпорыны 

техникалық тұрғыдан қайта жа-

рақ тандырудың  ауқымды  жо-

басын  жоспарланған  мерзімде 

жү зеге асырып, үдемелі индус-

трия лық-инновациялық  даму 

бағ дарламасының алғашқы бес-

жылдығының ең белсенді қаты-

сушыларының бірі болды. Атал-

ған жайт кəсіпорынның бүгінде 

шетелдік  əріптестермен  бірге 

іске асырып жатқан ірге лі жо ба-

ларына  иек  артуына  мүмкін дік 

сыйлады. 

– Биыл біз алдымызға үл кен 

мақсат  қойдық,  –  дейді  «Қаз-

цинк маш»  ЖШС  директоры 

Алек сандр Анчугин. – Яғни, ішкі 

жə не сыртқы нарықта сұранысқа 

ие жаңа өнім түрін шығару есе-

бінен өндіріс көлемін 10 пайызға 

арттыруға қол жеткізуді көздеп 

отырмыз.


Жуырда  «қазцинкмаштық» 

машина  жасаушылар  ерекше 

тап сырысты  орындады.  Атап 

айт қанда,  Шығыс  өңірінің  Бо-

ро  дулиха  ауданына  қарасты 

Жез кент  кентіндегі  Орловский 

байы ту  фабрикасының  кенші-

леріне арналған домалақ диірмен 

тасы іспетті тартқыштың ірі ау-

қымдағы бөлшегін жөнелтті. 

– Мыс кенін байыту үдерісіне 

қолданылатын  бұл  өнімнің  дай-

ын күйіндегі салмағы 25 тоннаны 

құрады. Ал біздің қос пешіміздің 

əрқайсысының мүмкіндігі 10 тон-

надан ғана болатын. Сондықтан, 

оны  алдын-ала  жаңа  сызбалар 

жасау  арқылы  қайта  жөндеуден 

өткізуге  тура  келді.  Тор  арқылы 

босатылатын домалақ диірменнің 

(4,5х6м)  кеспелтек  қабырғасын 

дайындауға екі ай уақыт жұмсалды, 

– деді кəсіпорын жетекшісі.

БЕТБҰРЫС


«Қазцинкмаш» ЖШС импортты 

алмастыратын өнім өндіруде



Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан»

Премьер-Министр  Кə рім 

Мəсімов  отырыстың  əлқис-

сасын əдеттегідей күн тəртібіне 

бекітілген негізгі мəселелерден 

тыс  қоғам  назарын  аударған 

түйткілдерден бастады. Айта-

лық,  алдымен  шомылу  мау-

сымы  басталғаннан  бергі 

жағдайға тоқталып, суға кетіп 

жатқандар қатарының азаймай 

отырғандығына алаңдаушылық 

білдірді.  «Биылғы  жылдың 

алты айының ішінде 198 адам 

суға  кеткен,  оның  ішінде  82-

сі  бала,  бұл  бағытта  қандай 

ж ұ м ы с т а р   а т қ а р ы л ы п 

жатқанын білгім келеді», деді 

К.Мəсімов. Алайда, Ішкі істер 

министрі    Қ.Қасымов  бұл 

өткен  жылдағыдан  төмендеу 

екендігін  алға  тартты.  Яғни, 

өткен жылы 265 адам суға ба-

тып кеткен. 

Түйінді түйткілдер 

Үкімет назарында



Кеше Үкімет отырысында Индус трия ландыру күні 

өткен телекөпірде Елбасы тапсырған бірқатар маңызды 

мəселе лер  талқыланды.  Сондай-ақ,  ауыл  шаруа-

шылығын дамытуға қатысты ұсыныстар қаралды.

Ынтымақтастық жалғаса бермек



Кеше  Мəскеуде  «Байқоңыр»  кешені  бойынша 

Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының төртінші 

отырысы  өтті,  деп  хабарлады  Премьер-Министрдің 

баспасөз қызметі. 

Оған Қазақстан тарапынан 

Премьер-Министрдің  бірін ші 

орынбасары Бақытжан Сағын-

таев, Ресей жағынан РФ Үкіметі 

Төрағасының  орынбасары 

Дмитрий Рогозин қатысты. 

Комиссия  мүшелері  Қа-

зақстан  жəне  Ресей  пре зи-

денттері Нұрсұлтан Назарбаев 

пен  Владимир  Путиннің  тап-

сырмалары бойынша Қазақстан 

мен  Ресейдің  кешенді  екі 

мемлекет  мүдделеріне  сай 

сақтау,  дамыту  жəне  пайда-

лану  жөніндегі  одан  арғы 

і с - қ и м ы л д а р   ж о л ы н   қ а -

лыптастыруды  қарастыратын 

«Байқоңыр» кешеніндегі одан 

арғы  ынтымақтастық  тұжы-

рымдамасының  жобасын 

əзірлеу барысын талқылады. 



(Соңы 4-бетте)

(Соңы 4-бетте)

(Соңы 4-бетте)

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 2-бетте)

Оның тиімділігі неде?



kazferrit.com

www.egemen.kz

2

9 шілде 2016 жыл

Меморандумға 

қол қойды

Астанадағы  «Тұлпар-Тальго»  зауытының 

дəнекерлеушілері  Қытай  астанасы  Бейжіңде 

өткен  халықаралық  «Arc  Cup»  байқауында 

екінші орынға ие болды. Байқауға əлемнің 25 

елінен 300 дəнекерлеуші қатысыпты. 

Дәнекерлеушілер 

байқауындағы белес

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

Командалық  байқауда  Қазақстан  мамандарының 

дəнекерлеу шеберлігін көрсеткен Владимир Шварц пен 

Михаил Гофман байқаудың жүлделі екінші орнын жеңіп 

алған. Қазақстан мұндай байқауға тұңғыш рет қатысып 

отыр екен. Дəнекерлеуші шеберлер газбен, майысқан 

электродпен, тот алмайтын болат, алюминий, мыс, ни-

кель бұйымдарын, титан құймасын дəнекерлеген. 

  Он  екі  жылдық  еңбек  өтілі  бар  дəнекерлеуші 

Михайл Гофман алюминий бұйымдарын дəнекерлеудегі 

шеберлігін  көрсетіп,  өзіндік  тəжірибесімен  бөлісті. 

Соңғы бес жылда алюминиймен жұмыс жасап жүрген 

Владимир Шварц темірден бағын сынап көрді. Əртүрлі 

металдармен  жұмыс  жасаған  дəнекерлеушілердің 

шеберлігін  арнайы  комиссия  бағалапты.  Байқауға 

қатысушылар  арнайы  ұйымдастырылған  көрменің 

құралдарымен де  танысқан.  

–  Біз  Қазақстанда  да  мықты  мамандар  барлығын 

көрсетуді  мақсат  еттік.  Қиындықтар  болды.  Оның 

ішінде басқа орта, басқа құрал-жабдықтармен жұмыс 

жасадық.  Біз  байқау  арасында  өзімізде  жоқ    оқу 

құралдарымен  таныстық.  Байқауға  посткеңестік 

елдердің  дəнекерлеушілері  қатысты.  Олармен  өзара 

тəжірибе алмастық, – деді М.Гофман.

  Мұндай  байқау  келесі  жылы  Шанхайда 

ұйымдастырылады  екен.  Бұйыртса,  қазақстандық 

дəнекерлеушілер келесі жылы  «алтынды» қанжығасына 

байлаудан дəмелі.

«Шаралар  қолға  алыну-

да.  Елімізде  50  мың  су  қоймасы 

бар, олардың ішінде біздің құтқа-

рушыларымыз  жұмыс  істейтін 

125-і ғана жарақталған. Біз жергі-

лікті  атқарушы  органдармен 

бірлесіп осы мəселемен айналысу-

дамыз. Негізгі себеп – су қойма-

лары ның жа рақталмауы жəне бала -

лар дың қараусыз қалуы, суға шо-

мылу кезінде қауіпсіздік шара ла-

ры ның сақталмауы. Бəрін қорытын-

дылап, баяндайтын боламыз», деді 

Ішкі істер министрі Қ.Қасы мов бұл 

мəселеге орай жауабында. 

Үкімет басшысы сонымен қатар, 

жақында орын алған Түркиядағы 

жарылысты еске салып, бұл рет-

те  біздің  елге  де  əуежайлардағы 

қауіпсіздікті  қымтай  түсуді  тап-

сырды.  «Ыстанбұл  əуежайында 

жақында теракт болғанын білеміз, 

сондықтан  біз  қазіргі  сəтте 

қауіпсіздік  мəселесіне  баса  мəн 

берудеміз.  Қазір  Президенттің 

тапсырмасы бойынша облыстар-

ды  аралағанда  əуежайлардағы 

қауіпсіздікті нақты көруге тырыса-

мын. Бəрі ойдағыдай тəрізді, бірақ 

мəселе жоқ емес. Оның бəрін соңы-

на дейін жеткізіп, керекті қаржыны 

бөлу қажет. Елбасы тапсырғандай, 

барлық мəселені түбегейлі шешу 

қажет»,  деді К.Мəсімов.



ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚҰРУҒА 

БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Бұдан  əрі  Үкімет  басшысы 

негізгі мəселелерге қарай ауысты. 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Индустрияландыру 

бағ дарламасының алғашқы жарты-

жыл дықтағы  қорытындысына 

арналған телекөпір кезінде берген 

тап сырмаларының орындалу бары-

сы қаралды. Мəселен, жұмыспен 

қамту,  бұқаралық  кəсіпкерлікті 

дамыту,  банк  секторының 

мүмкіндіктерін  белсенді  пайда-

лану,  ауылдық  кооперацияны 

ынталандыру,  суландыру  жəне 

суару  жүйесін  дамыту,  халықты 

қолжетімді баспанамен қамтамасыз 

ету, индустриялық-инновациялық 

жобаларды  қаржыландыру  бой-

ынша  жүзеге  асырылып  жатқан 

жұмыстар жайы баяндалды.  

 Елбасының 15 жыл ішінде 1,5 

млн. пəтер салу туралы тапсырма-

сына орай Ұлттық экономика ми -

нистрі Қуандық Бишімбаев тұр ғын 

үй  құрылысының  жаңа  бағдар-

ламасы  əзірленіп  жатқанын  ха-

барлады.  

«Халықтың  əлеуметтік  əлсіз 

бөлігі  сатып  алу  құқығынсыз 

жалға берілетін баспанамен қамты-

лады, бұл жұмыс күші қозғ а лысын 

шапшаңдатпақ.  Елбасы ның  тап-

сырмасы аясында биыл ғы жылдың 

10  ақпанында  «Бəй терек»  ҰБХ» 

АҚ  сатып  алу  жолымен  жалға 

берілетін баспана құры лысын ба-

стады. Оған Ұлттық қордан қаражат 

бөлінген,  қаржы  20  жыл  ішінде 

қайтарылады», деді Қ.Бишімбаев. 

Министр құрылыстың нысаналы 

бағытын  сатып  алу  құқығынсыз 

баспана  құрылысына  өзгертіп, 

бөлінген  қаражатты  қайтару 

мерзімін 60 жылға дейін ұзартуды 

ұсынды. «Елбасының тапсырмасы-

на сəйкес, «Самұрық-Қазынадан» 

бөлінген 97 млрд. теңгені 2018 жылы 

кредиттік тұрғын үй құрылысына 

бағыттау ұсынылуда. Сонымен қоса, 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымды  тарту  арқылы 

жеке тұрғын үй құрылысын қолдау 

шаралары  одан  əрі  жалғасатын 

болады.  Қазіргі кезде тұрғын  үй 

құрылысының жаңа бағдарламасы 

əзірленуде», деді Ұлттық экономи-

ка министрі. 

Қ.Бишімбаев  шағын  кəсіп-

кер лікті  қаржыландыру  жайын-

да  да  біраз  ақпаратпен  бөлісті. 

«Бүгінде  қаражат  көздерінің 

есебінен елімізде 120 млрд. теңге 

сомасына  556  мыңнан  астам 

шағын несие берілді, оның ішінде 

кəсіпкерлік мақсаттарға 64,6 млрд. 

теңге  сомасына  138  мың  шағын 

несие  берілді.  Мұның  бəрі  жеке 

сектордағы  дүниелер.  Ал  мем-

лекет тарапынан берілетін шағын 

несиелер  «Жұмыспен  қамту дың 

жол  картасы-2020»,  «Бизнес тің 

жол  картасы-2020»  секілді  бағ-

дарламалар бойынша беріліп жүр. 

«Агробизнес-2020»  бағдарла-

масында ұқсас құралдар бар, олар-

дың барлығы негізінен ауылдарға 

бағдарланған,  ірі  қалаларда 

мемлекеттік  бағдарламалар  бой-

ынша шағын несиелер берілмейді», 

деді Қ.Бишімбаев.

Министр  бағдарламалардағы 

шағын  несиелендіру  бағыттары 

көбіне  бір-бірін  қайталайтынын, 

ауыл мен қалада бірыңғай опе ра-

тордың жоқтығын, олардың нəти-

же лілігіне де мониторинг жүргізіл-

мейтінін  айтты.  Сонымен  қатар, 

ол ауылдағы кəсіпкерлік қызмет-

ті  шағын  несиелендіруде  жеке 

қосалқы шаруашылықтарды ауыл-

шаруашылық  кооперацияларына 

тартуға жəне осы кооперативтер 

маңында  инфрақұрылым  құруға 

назар аударылатынын атап өтті.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет