Сабақтың ортасы (26 мин) (Т) №1 тапсырма. Қандай командалық блоктар берілген? Олар қандай қызмет атқарады? Сипаттаңдар (6-сурет).
Дескриптор:
Берілген блоктарда кандай команда берілгенін анықтайды.
Командалардың қандай қызмет атқаратынын сипаттайды.
ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.
Бес жұлдыз - Жарайсың! Төртбұрыш - Жақсы! Үшбұрыш - Талпын!
Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында.
Бос орындарды толтыр.
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Жұмыс дәптері.
32-бет
(Ж) 2-тапсырма Роботты артқа қозғалтатын блокты атаңдар?
Блоктардан робот қозғалысы жайлы қандай деректерді оқуға болады (6-сурет)?
Дескриптор:
Роботтың артқы қозғалысын іске асыратын блокты анықтайды.
Блоктардан робот қозғалысы жайлы қандай деректерді оқуға болатынын айтады.
ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.
Бес жұлдыз - Жарайсың! Төртбұрыш - Жақсы! Үшбұрыш - Талпын!
(Ө) Дәптермен жұмыс істеу. «Суреттер сөйлейді» әдісі. ***. 3- тапсырма Жолда жүру ережесін сақтамау өміріңе қауіпті. Суреттерде ережені кім бұзды? Балалар ма, әлде жүргізушілер ме (7-сурет)? Тапсырма: 1. 1-жағдайда кім артқа жүруі керек? 2. 2-жағдайда кім артқа жүруі керек? Себебін түсіндір.