Барлық оқушы үшін: Программа ортасының терезесімен танысады.
Көпшілік оқушылар үшін: Программалау ойын алаңында жобаны құрады.
Кейбір оқушылар үшін: ***.Scratch-те жобаны құрып, оны сақтайды және ашады.
Ширату тапсырмасы: «Комплименттердің бұрқасыны» ойыны. Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды/.