Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиет
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6Т1
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба»
|
Оқу бағдарламасына сілтеме:
|
6.2.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Өлеңдердің тақырыбы мен идеясын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді идеясы арқылы дұрыс анықтайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Өлеңдердің идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Бағалау критерийлері:
|
өлеңдерде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;
өлеңдердің идеясын өз көзқарасы арқылы жеткізеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тақырып пен идея
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
Құрмет, ынтымақтастық
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, тарих
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақтамен жұмыс
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Абай Құнанбаевтың шығармашылық өмір жолы
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Психологиялық ахуал
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол...
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа қатысты ізгі тілектер айтып шығады.
Оқушыларды «Талап», «Еңбек», «Терең ой», «Қанағат», «Рақым» қимақағаздары арқылы топқа бөлу
Оқушыларды сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру
|
|
Ортасы
5 минут
20 минут
5 минут
|
Ой шақыру
1.Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін кезектесіп айтады.
2.Топтағы оқушылар өлеңдерді тыңдай отырып, лирикалық кейіпкер бейнесін ашатын жолдарды түртіп алады.
3. Тыңдай отырып, мәтіннен өз өміріне, іс-әрекетіне септігін тигізер қандай қорытынды жасағанын айтады.
Абай ақынның шығармаларын қандай бағыттарға бөлер едіңіз?
«Өлең – cөздің патшасы...» деген пікірмен келісесіз бе?
Неліктен Абай атамыз ақын мен оның өлеңіне жоғары талап қояды деп ойлайсыз?
Сіздіңше, Абай атамыз өлеңдері арқылы бізге қандай өсиет қалдырды?
Топтық жұмыс
«Джигсо» әдісі
1-қадам: Өлеңдегі көтерілген мәселелер қаншалықты өзекті? (Оқушылар пікірі тыңдалады)
2-қадам: Оқушыларға тақырыптар ұсынылады. Өлең жолдарына сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алып, топпен үзіндінің тақырыбы, идеясы, әлеуметтік, қоғамдық мәселесіне талдау жасайды.
1-топ: Өлеңім – жастарға үлгі...
2-топ: Өлең – cөздің патшасы...
3-топ: Бес нәрседен қашық бол...
4-топ: Бес асыл іс...
5-топ: Ғылымға көңіл берсеңіз...
3-қадам: Мазмұн жинақтау топтарына қайта бөлінеді (топтағы рет санына байланысты, мысалы, 1-нөмірдегілер 1-топқа т.с.с.). Бұл топқа келген оқушылар өз топтарында жасаған талқылау жұмыстарын біріктіріп, өлеңдердің ортақ тақырыбы мен идеясын, көтерілген әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шығарады.
4-қадам: Осы топта өздері оқып, талдап келген шумақтарға талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам: Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды. Олар өлеңдердің басты тақырыбы мен идеясын түсіндіретін карталарын (кестелерін) жасайды. Топтарда жасалған карталардың (кестелердің) мазмұнын талқылайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |