1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру.
1.5.2.2. Жұлдызша айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру.
1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.
1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Сызықтық алгоритм құрады.
Көпшілік оқушылар үшін: Жоба скриптерімен жұмыс істейді.
Кейбір оқушылар үшін: ***. Программадан роботтың қандай қозғалыста болатынын анықтайды.
Ширату тапсырмасы. «Карусель» жаттығуы Топ мүшелері 2-ге бөлінеді. 1-ші топ – ішкі, 2-ші топ – сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарама-қарсы тұрған адамдар болып бірігеді. Әрбір топқа кезекпен жетекші белгілі бір рөл беру керек, олар тез арада сол рөлді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы; мұғалім – оқушы; дәрігер – қаралушы; полиция – жүргізуші; әке – бала; анасы – қызы.
Сабақтың ортасы (26 мин)
(Ө) 1-тапсырма «Нан қалай алынады?» алгоритміндегі қадамдар шатасқан. Алгоритмнің дұрыс ретін тап.
Дескриптор:
Берілген суреттегі нан алгоритмімен танысады.
Алгоритмдегі шатасқан қадамдарды табады.
Алгоритмнің дұрыс реттілігін құрастырады.
ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Жасыл түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс - Талпын!
(Ж). №2 тапсырма Роботтың жылдамдығы = 40, 60 см алға жүріп тоқтайды. Қозғалысқа қажетті программа блоктарын таңда. Бір айналым = 20 см.
Дескриптор:
Берілген суреттегі командалық блоктармен танысады.
Қозғалысқа қажетті программа блоктарын дұрыс таңдайды.