7.1.2.1 нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы);
7.1.1.6 кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.8 кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
7.1.2.2 түзулердің параллельдік аксиомасын білу;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Геометрияның негізгі ұғымдарымен.танысады, ойын жеткізе отырып, негізгі ұғымдарды түсіне тырып фигуралар туралы түсіктерді ұғынады
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды.
Қатынас туралы біледі, есептер шығаруда қатесіз пайдаланады біледі
Кейбір оқушылар: Геометриялық негізгі ұғымдарға анықтама береді, өмірден , қоршаған ортадан геометриялық фигураларды таба біледі.
Геометриялық ұғымдар мен терминдер арқылы жауап береді, яғни математикалық сауатты болады.
Ұйымдастыру сәті Амандасу. Психологиялық ахуал тудыру. «Шапалақ» техникасы бойынша оқушылар жұпқа, үш-үштен, төрт-төрттен бөлінеді. Соңында төрт шапалақ бойынша топқа бөліп отырғызу. Және әр топқа сабақтың тақырыбын ашу үшін сөздер беріледі. Сол арқылы сабақтын тақырыбына шығады және сабақтың мақсатын қояды.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.