1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Робот және робот түрлерімен танысады.
Көпшілік оқушылар үшін: Роботтың түрлерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін: ***.Білім беру роботының негізгі моделін жинайды.
Ширату тапсырмасы: «Қар көшкіні» ойыны. Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосады. Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды»т.б) сиақты сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!».
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.
4. Топтастыру:
«Конверт» әдісі Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
(МК, Ұ) Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Робот дегенді қалай түсінесің?
1-суреттегі роботтар сияқты тағам дайындайтын, үй шаруасына көмектесетін тағы қандай құрылғыларды айта аласың?
Саған робот жайлы қандай ойын, мультфильмдер ұнайды? (2-сурет)