Топтық жұмыс
«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі
Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОҮБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе төмендегі тапсырманы орындау тапсырылады.
|
1- тапсырма
«Еңбекқор кірпі» ойын жобасындағы алма кейіпкерлерінің скриптілеріне талдау жасаңдар.
1) 3, 5, 6-суреттегі алмалардың скриптілеріндегі айырмашылықтарды табыңдар.
2) Алмалардың скриптісіндегі мұндай айырмашылықтардың себебін түсіндіріңдер.
Дескриптор
Ойын идеясын ұсынады.
Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Жұптық жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Төмендегі суреттерді пайдаланып, қандай ойын жобасын құрастырған болар едіңдер? Ойын идеясын ұсыныңдар. Ұсынған ойындарыңның алгоритмін сөзбен сипаттаңдар.
|
Дескриптор
Ойын идеясын ұсынады.
Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай «От шашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|