Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!»
Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеуарқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы тиіс, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Сабақтың ортасы (26 мин)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу «Жауап беретін әріптес» әдісі Оқушылар алдымен мәтінді толық оқиды. Содан соң оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін, оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. /Бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуға, бір-бірімен талқылауға, бір-біріне сұрақ қоюға тиімді болып келеді./
Топтық жұмыс «Көршіме айтамын» әдісі «Көршіме айтамын» әдісі оқушылардың өз ойларын ауызша немесе жазбаша білдіруі үшін қолданылады.
Төменде берілген 1-тапсырма бойынша сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз. Содан кейін оқушылардан ойларын көршісімен талқылауын сұраңыз. Топ ішінде бір-бірімен талқылау жүргізіп, тапсырманың алгоритмін көрсетеді.
1- тапсырма 1-суретте өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін тап. Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсын.
Дескриптор
1-суреттегі өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін табады.
Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсынады.