130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте


Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»



бет32/35
Дата12.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#100735
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Цифрлық сауаттылық 3-сынып 1635158643

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • 1, 2 және 3-суретте берілген программалық қосымшаларды қандай ортақ атау біріктіреді?

  • Сен желіде қандай программа қосымшаларын қолданасың?

  • Әлеуметтік желі мен мессенджер қосымшалары-ның айырмашылығы бар ма? Ойыңды ортаға сал.

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Күлегештер» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті тақта

Оқулық

Жұмыс дәптерлері


Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы
(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу
«Жәшіктегі кітаптар» әдісі
Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді.
– Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар».
– Оқушылар: «Кітап».
– Мұғалім: «Дұрыс, кітап!».
Оқушылар әрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мәтінін оқиды. Содан соң балалар 5 минуттай бір-біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет