14 Дәріс Аэрозольдер Дәрістің жоспары


Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері



бет5/8
Дата02.12.2023
өлшемі33,15 Kb.
#132139
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лек14

Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері. Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері ерекшеліктері келесі шарттарға негізделген:
- дисперсиялы фазаның бөлшегінің аз концентрациясы , мысалы, егер алтын гидролінің 1 см3 1016 бөлшегі болса, онда алтын аэрозолінің дәл осы көлемінде 107 аз бөлшек болады.
- дисперциялы ортаның- ауаның аз тұтқырлығы, сондай-ақ бөлшектердің қозғалысы кезінде пайда болатын үйкеліс (В) кооэффицентінің аз болуы.
Дисперциялы ортаның тығыздығы аз болуы ρ бөлшек >>ρ ауа
Осының барлығы, лиозольдерге қарағанда, аэрозольдерге бөлшектердің қозғалуы анағұрлым интенсивті болуына әкеп соғады.
Ең қарапайым жағдай, аэрозоль жабық ыдыста ( А-ни сырттан ауа кірмейтін) болғанда және бөлшектердің ρ тығыздығы мен τ радиусты сфералық формасы болуын қарастырамыз. Мұндай бөлшекке бір мезгілде кікелей төменге бағытталған ауырлық күші мен тіке қарама-қарсы бағытталған үйкеліс күші әсер етеді. Сонымен қатар, бөлшек соңы диффузияға әкелетін броун қозғалысында болады.
Аэрозольдерде седиментация мен диффузия процессінің санды бағасы үшін диффузияның меншікті ағымы i диф мен седиментацияның меншікті ағымының i сед -шамалары , яғни лиозольдердің седиментальді тұрақтылығының байланысының мәнін қолдануға болады. ( 10.1 бөлім).
kT dv
i диф = -——*——
B dx

kT dv
i диф =-——*——


B dx
Қандай ағым тиімдірек екенін анықтау олардың қатынастары қарастырады:

i сед 4πτ3 (ρ-ρ0 )gv


—— =———————.
dv
i диф 3kT ——
dx
Бұл теңдеуде (ρ-ρ0 )>>0. Сонымен қатар қатынас мәні бөлшектер мөлшерімен анықталады.
Егер τ>1 мкм. Болса, онда i сед >> i диф ,яғни сериментация тез жүріп, бөлшектер ыдыс түбіне шөгеді.
Егер τ>0,01 мкм болса, онда i сед >> i диф . Бұл жағдайда диффузияға интенсивті жүреді, нәтижесінде бөлшектер ыдыс қабырғасына соқтығысып, оған жабысады. Егер бөлшектер өзара соқтығыса, олар бірігіп, іріленеді және концентрация азаяды.
Сонымен, аэрозольдегі өте майда бөлшектер де, өте ірі бөлшектер де тез жойылады: біріншілері-қабырғаға жабысу немесе бірігу арқылы, екіншілері-ыдыс түбіне шөгуі арқылы. Орташа мөлшердегі бөлшектер жоғары тұрақтылыққа ие. Сол себептен, бөлшектер саны қаншалықты көп болса да, бірнеше секундтан кейін аэрозольдің 1 см3, көлеміндегі бөлшектер саны 103 ден аспайды.
Аэрозоль бөлшектеріне температура графинті өрісінде температураның өзгеруі бағытындағы қлзғалыс тән. Мысалы: термофорез, термоципитация, фотофорез құбылыстары.
Термофорез-бөлшектердің температураның төмендеуі бағытына қарай өздігінен қозғалуы.
Терпреципитация-жақын маңда ыстық денелер бар кездегі аэрозоль бөлшектерінің салқын беттерге тұнуы.
Фотофорез-аэрозоль бөлшектерінің бір жақты түсірілген жарық сәулесі батысымен қозғалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет