14-дәріс. Тақырыбы: Парасаттылық және заңның үстемдігі. Мақсаты: Парасаттылық және заңның үстемдігі туралы түсінік Жоспар



бет2/2
Дата30.11.2022
өлшемі46,63 Kb.
#53717
1   2
Байланысты:
Лекция-1665326688860

Сурет 3.13. Адамгершілік ұғымы.

Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.


Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қатынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеуметтік қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады.
Адамгершілік деген әдеп ұғымымен үндес келеді дейді.
Сонда әдеп деген не?
Әдеп - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы.
Әдеп:
1. Моральдық категория, адамдар қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіретін ұғым. Белгілі бір халықтың әдет-ғұрпында тұрақтанып қалыптасқан этикалық тәртіп, тәрбие, ізеттілік, сыпайылық, ибалылық. Қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіреді. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты.
2. Халықтың әдет-ғұрпында қалыптасқан этикалық тәртіп. Игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыпппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек негізі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен қоғамдық даму министрлігі бірлесіп «Адалдық алаңы» жобасын да іске асыра бастады.
Сыбайлас жемқорлық барлық елдер үшін күрделі және көп қырлы мәселе, оған қарсы іс-қимыл кешенді және үйлестіріліп жүзеге асырылуы тиіс.
Елбасының тапсырмасы бойынша бүкіл ел көлемінде «Adaldyq alańy» бірыңғай брендімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер құрылды.
Бүгінде жоба бірегей алаң – мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіретін көпір болып табылады.
Барлық аймақтарда жергілікті облыс/қала әкімдіктерімен бірлесіп «Adaldyq alańy» аймақтық жобалық кеңселері құрылды.
Жоба аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда».
Шетелдік ғалымдар да сыбайлас жемқорлықпен күрес пен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызды орын алатын әрекеттердің бірі-ол ынтымақтастық екендігін көрсетеді. Олардың пайымдауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларымен танысу, оларды терең насихаттау, жиі сауалнамалар жүргізу, сараптау, меритократия құндылықтарын нығайтады, қатысуды арттырады және білім сапасы жоғары білім беру жүйесі саясат пен мәдени құндылықтарды дұрыс қолдануға шақырады .
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі идеологиялық бағыттардың бірі – жастардың бойында адалдық пен мәдениеттілікті, ізгілік пен имандылықты, парасатты тұлғаның мінез-құлқының үлгісін қалыптастыру арқылы олардың құқықтық жауапкершілігін арттыруды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді көздейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Парасатты адам болу үшін қандай қасиеттер басымдық танытандығын талдаңыз
2. Адамгершілік қасиеттерін қандай әрекеттерден көруге болады, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білудегі рөлін негіздеңіз
Пайдаланылған әдебиеттер:
Академиялық адалдық саясаты туралы оқыңыз:
https://zhetysu.edu.kz/
Парасаттылық / https://kk.wikipedia.org
Тинистанова С.С. Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Оқу құралы- Талдықорған, 2022.- 177 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет