14-дәріс. Тақырыбы: Парасаттылық және заңның үстемдігі. Мақсаты: Парасаттылық және заңның үстемдігі туралы түсінік Жоспар



бет1/2
Дата30.11.2022
өлшемі46,63 Kb.
#53717
  1   2

14-дәріс. Тақырыбы: Парасаттылық және заңның үстемдігі.
Мақсаты: Парасаттылық және заңның үстемдігі туралы түсінік
Жоспар:
1.Парасаттылық және оның белгілері, адамгершілік қасиеттер.
2. Парасаттылық мектебі.
3.Заңның үстемдігі, белгілері, құрылымы
4.Академиялық адалдық саясаты.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие
6. Академиялық адалдықты сақтамаудың салдарлары
Негізгі ұғымдар: парасаттылық, кісілік қасиет, адалдық


Қазіргі таңда «парасаттылық» деген ұғымға баса мән берілетін болды. Себебі азаматтардың кісілік қасиетін, бойындағы іскерлік қабілеті мен білімі, мәдениеті, көрегендігі мен ақылын дәріптеу кең етек ала бастады, себебі қазіргі адам бойында матриалдық қызығушылық көбейген сайын, осы құндылықтар азайып бара жатыр.
Қазақ энциклопедиясында парасаттылық сөзінің мағынасын былай түсіндіреді: «Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет» (Сурет 3.12).

Сурет 3.12. Парасаттылық ұғымы.


Сонымен қатар, парасатты адамға адамгершілік, инабаттылық, салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері тән. Көпті көрген, көп білетін мұндай адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады. Дәстүрлі қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған.
Біріншіден, «парасаттылық» терминінің басқа да қыры бар. Ағылшын тілі сөздігінде integrity (парасаттылық) сөзі тұтастықты білдіреді. Сондықтан, егер медициналық терминологияны қолданатын болсақ, кез келген жүйенің бастапқы күйін зерттеп, жалпы скрининг өткізу арқылы біз оның иммунитетіне қауіп төндіретін аурудың анық және күшті ошақтарын, сондай-ақ емдеуді қажет ететін бүлінген органдарын нақты анықтай аламыз.
Екіншіден, халықаралық тәжірибеде «білімдегі парасаттылық», «медицинадағы парасаттылық», «сот жүйесіндегі парасаттылық», «бизнестегі парасаттылық» деген түсініктер біршама кең таралған.
Үшіншіден, парасаттылықты зерттеу ынтымақтастық пен өзара түсіністікке шақырады.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағатталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып саналады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы қалыптасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық тәжірибесіне әлем мойындаған халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізу басты шарттардың бірі.
Қоғамда азаматтардың бойында ақылдылық, білімділік, ізгі қасиеттер мен адамгершілік, инабаттылық, мейірімділік, ұстамдылық қасиеті, өнеге көрсету басым болу үшін мекемелерде, оқу орындарынд а, т.б. орындарда парасаттылық мектебін ашуды қолға алды.
Қазіргі кезеңде республиканың барлық өңірінде жастардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Парасаттылық мектебі» кеңінен ашылып жатыр.
Парасаттылық мектебінің негізгі мақсаты: жастар арасында адамгершілік қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті, ізгілік пен имандылықты,парасатты да зиятты тұлғаның мінез-құлқының үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың адал да жас өкілдерін дайындау.
Міндеттері:
– кемел руханият пен биік ақиқаттың жоғары зерделенген парасатын, сапалы мәдениеті мен әдебін, ар мен намысын қатар ұстаған зиялы ұрпақты қалыптастыру;
– жастар арасында азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбексүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу;
– мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға жастарды тарту және жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделіннасихаттау;
– университетте академиялық адалдық пен өнегелілікті қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде парасаттылық мектебін ашу босқа қолға алынып жатқан жоқ. Оны ашудың бірден бір себебі, азаматтар, әсіресе, жастар адамға тән кісілік қасиеттер: отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілік, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбексүйгіштік, төзімділік деген қасиеттерден қоғамдағы белгілі бір себептере байланысты алшақтап бара жатыр. Сондықтан жастардың бойында осындай ізгі қасиеттер мен ата-бабаларымыздың ғасырлар бойында жинаған ізгі қасиеттерін бойына жинау үшін осындай шараларды мемлекет қолға ала бастады.
«Парасаттылық мектебі» ең алдымен жастардың бойында биік адамгершілік қасиет пен мәдениет, әдеп нормаларын сақтауды үйретуді көздейді.
Адамгершілік деген не?
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес (Сурет 3.13.).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет