14 Дін философиясы



Дата28.04.2023
өлшемі18,77 Kb.
#88065
Байланысты:
14-апта


14 Дін философиясы

1 Дін дүниетаным ретінде. Дін ұғымы, мәні. Дін анықтамалары. Дін құрылымы және қызметі.


2 Дін және философиялық білім. Дін және өнер, арақатынасы.
3 Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Строс).
4 «Дүниежүзілік діндер» феномені. Әлемдік діндер: Буддизм. Христиан діні. Ислам діні. (тарихи-философиялық сипаты).
5 Неміс романтизміндегі діни-философиялық концепциясы (Шлейермахер). С.Кьеркегор діни философиясы


Кілт сөздер: дін, философия, дін және өнер, эволюционизм, структурализм, теоцентризм, креационизм, монотеизм, политеизм, атеизм, теософия, теология, буддизм, христиандық, ислам, суфизм, догматизм, деизм, пантеизм, эсхатология, фалсафа, халифат, тарикат, шариғат, фатализм, патристика, схоластика, апологетика

1 Дін дүниетаным ретінде. Дін ұғымы, мәні. Дін анықтамалары. Дін құрылымы және қызметі.


Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.
Діннің анықтамасы: қасиеттілік, құдайылық - абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі. Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Құдайдың барына сену, бірақ өміріңді онымен байланыстырмау. Мәселен, Эпикур құдайлардың барына күмәнданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады.
Діннің даму сатылары да біртекті, біркелкі емес:
- табиғи дін - бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді;
- зандық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді;
-ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.
Діни сана – жаратылыстан тыс күштерге, құдайга деген сеніммен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсінікгердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.
Ғалымдардың көпшілігі діннің басты, анықтаушы тамыры немесе себебі әлеуметтік себептер деп есептейді. Бұл себеп алғашқы қауымдық қоғам адамдарынан жақсы көрінеді. Кездейсоқтық үстемдік еткен алғашқы қауымдық қоғам адамдары табиғаттың дүлей күштеріне қарсы тұруға дәрменсіз, оларға тәуелді болды. Стихиялық табиғат күштерін билеуге, өзіне бағындыруға, қоғамдық қатынастарда күнделікті туындап отырған мәселелерді шешуге қажетті практикалық құралдары жоқ адамдардың сүйенгені өзінің санасының, қиялдауының жемісі - фантастикалық күштерге деген сенім болды. Діннің пайда болуының осы әлеуметтік себептерін қазіргі заманда да көруге болады. 90-жылдардың басында бүкіл посткеңестік кеңістікте діннің өте тез қарқынмен дамуы байқалды. Бұрынғы жүйе күйреп, жаңа бағыттар, жаңа қоғамдық қатынастар әлі анықталмаған сол кезеңде адамдардың бойын шарасыздық, қорқыныш, үмітсіздік биледі, өмірлік бағыт-бағдарын жоғалтқан адамдардың көпшілігі өздеріне қажет күш-қуатты, сенімді діннен іздеді. Діннің гносеологиялық тамырлары болып адамның танымдық және психологиялық қызметі негіздерінде қалыптасу мүмкіндігі жағдайлары, алғышарттары, мүмкіндіктері есептеледі. Таным процесі екі жақты танымның объективті мазмұнын және оның субъективті формаларын (түйсік, қабылдау, елестету, ұғым, пікір және т.б.) қамтитыны белгілі. Діни санада осы процестің екінші жағы басымырақ. Елестетуге, логикалық аналогиялар мен абстракциялар жасауға қабілеттілік тым әсіреленіп, танымдық бейнелердің нақты заттардан ажыратылу қаупі пайда болады. Рациональдік танымға көбірек назар аударудың нәтижесінде ұғымдарда дүние субъективті бейнеленеді.
Діннің әлеуметтік тамырларымен қатар психологиялық тамырларын да атап кеткен дұрыс. Бұрын белгісіз, жаңа әлеуметтік өзгерістер, қатынастар, жағдайлар жеке адамның бойында да, қоғамда да жағымсыз эмоциялар тудыратыны күмәнсіз. Әрине, адамдардың бәрі бірдей дінге бас ұрмайды. Бірақ психологиялық-эмоциялық жағынан алғанда тұрақсыз, абстрактылық ойлауға, қиялға, әсірелеуге елестетуге көбірек бейім адам дінді тезірек қабылдайды. Діннің қызметтері кең:
1 әлеуметтік - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды;
2 адамгершілік - дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады;
3 компенсаторлық- адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.
Діни дүниетаным бойынша бірнеше аса маңызды категорияларға тоқтала кетейік:
-»Теология» ұғымы (грек. theos Құдай және logos сөз; Құдай туралы ілім): а) діни мағынада құдайылық ашылудың зерделі ақиқатын методологиялық тұрғыда жасау; б) атеистік мағынада абсолютті шындық туралы ілімді рациональді-жүйелілік тұрғыда түсіндіру, қорғау, сонымен бірге сенушілердің өмірінің сипаттары мен нормаларын ұқсас тұрғыда негіздеу. Құдай ұғымы құдай болмыстың толықтығы. Құдай (жалпы арий. baha дарынды, жекеленген) жеке Мендерден жоғары тұрған және жетіспеушіліктері жоқ абсолютті тұлға, жоғарғы мән. Құдай ол жоғарғы, мәңгі, барлығында, жетелеуші барлығын тудырушы мән, өлмейтін рух. Дүниенің бірінші шындығы және соңғы мақсаты;
«Құдай – Тұлға ретінде». Құдай тек қана алғашқы мән ретінде түсіндірілмейді, сонымен біргеекі негізгі қатынаста болатын Тұлға ретінде түсіндіріледі: Біріншіден, Өзіне деген қатынасында; екіншіден, Өзінің туындыларына қатынасында. Құдай Өзіне құбылыс ретінде абсолютті Тұлға болып табылады. Христиандар Құдайдың абсолютті тұлғалығын Үштік ретінде сипаттайды: Құдай жалғыз және бір, бірақ үш сипатта болады. Құдай-Әке, Құдай –Ұл және Құдіретті Рух – бірлікті құрастыратын үш тұлға, сол уақытта да олардың мағынасы бір тұлға. Құдайдың бірінші мәні және оның тіршілік етуі өзіне деген қатынасы ажырамас бірлікте дәл келеді. Бірақ соңғы тұжырымды барлық теологтар құптамайды.
Құдайдың шығармашылық процесі теологияда үш негізгі модель-ілімдермен берілген: пантеизм, пантеизм және теизм ұғымдары:
Эманация. Неоплатондықтар жасампаздықты мәнді ашуы ретінде эманация ұғымында негідеген. Құдай дүниені өзінен тудыра отырып, дүниеге ауысуы. Эманация ( көне лат. emanatio ағу, шығу(истечение)) бір нәрседен екінші нәрсенің шығуын түсіндіретін философиялық ұғым. Оның көмегімен субстанцияның өзінің атрибуттары мен модустарында көрінуін, сонымен бірге мәннің құбылысқа ауысуын түсіндіреді.
Пантеизм. Пантеизм және теизм арасындағы идея (грек. pan en theos барлығы құдайда). Осы ілімге байланысты жаратылған дүние толығымен Құдайда болады, бірақ құдай дүниеде толығымен араласпайды, Құдай сонымен бірге дүниенің шегінен шығатын және дүниеге трансцендентті. Графикалық түрде оны былай сипаттауға болады: үлкен шеңберде (Құдай) кіші шеңбер (дүние) табылады, кіші шеңбер өзінің әрбір нүктесінде үлкен шеңберден шықпайды. Панентеизмге байланысты, Құдайдың тұлғалылық болмысы бар.
Теизм.Құдай өзінің тудырған дүниесінен бөлек шексіз Болмыс және Абсолютті Тұлға ретінде түсіндіріледі. Дүние Құдайдан шықпайды және оның ішінде болмайды, бірақта ол ештеңеден пайда болады, ex nihilo, ешқандай алғы шартсыз болады. Құдайдың тудырған табиғатына трансцентенттігіне байланысты. Оның туындылары әрқашанда жаңа, яғни ешқашан болмағанды тудырады. Құдай дүниені Сөзімен (Логоспен), Абсолютті Тілегімен немесе Абсолютті Еркімен тудырады. Теизм көбіне иудаизмге, христиандыққа және исламға тән.
Деизм. Теизмнен деизмді ажырата білу керек ( лат. deus құдай), ол Қайта өрлеу дәуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге байланысты Құдай дүниені тудырып, оның әрі қарай дамуында және физикалық заңдылықтарына араласпайды.Көрнекті деистер Толанд, Вольтер, Лейбниц болған. Деизм жаратуды бір актімен шектесе, теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады.
Атеизм (atheism құдайсыз) Құдайға тұлға ретінде сенімді терістеу және сыни анализ, сонымен бірге басқа да құдайларға, жоғарғы күштерге сенімді терістеу. Бұл сын философиялық, ғылыми немесе тарихи-ғылыми сипатта болуы мүмкін. Атеистік концепция өзінің сынаған діни ілімдеріне мағыналық құрылымына және ойлау образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі атеим мүлдем жоқ, бірақ әрбір атеизм нақты бір дінге(өзі терістейтін) байланысты болады. Осы тұрғыда оны сол сынаған дініне байланысты атау дұрысырақ: христиандық атеизм, мұсылмандық атеизм, иудейлік атеизм және т.б. Қазір атеизмді еркін ойлаумен, діни индифферентизммен, антиклерикализммен араластырады. Атеизм Құдай өмір сүреді және оның болмысын дәлелдеуге болады дейтін монотеизмге қарсы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет