Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Жауынгерлерді тәрбиелеу педагогикасы
№14 Студенттің өзіндік жұмысы
Орындаған:5В050300 “Психология” 3 курс студенті Өтесінова Айдана
Тексерген: Тильмагамбетова Р.Е
Жауынгерді тәрбиелеу - бұл күрделі процесс. Оның негізгі құрылымын тәрбиенің обьектісі, субьектісі , мақсаты, қарым-қатынас жүйесі, әсері, сондай-ақ осы бөлшектердің өзара байланысы кұрайды. Тәрбиенің субьектісі әрқашан ұжымдық.
Бұл командирлер, саяси қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар. Өткізіліп жатқан жұмыстың табыстылығы олардың қызметінің бірлігіне, мақсаттылығына, ұйымшылдығына тікелей байланысты. Командир бірыңғай бастық ретінде жеке күрамның нәтижелі тәрбиесінде маңызды орын алады. Тәрбиенің кез-келген субьектісі сатылай бағынушылық жүйесінде тәрбие обьектісі больш табылады.
Тәрбиенің обьектісі - бұл бөлімшенің жауынгерлері оның жеке құрамы. Сондықтан тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші бір ұжымның мүшелері болып қалады. Ұжым тек тәрбиенің обьектісі ғана емес сонымен қатар субьектісі де больш табылады. Ол әрбір жауынгерге қалыптасушылық әсер етеді, ал олар өз кезегінде ұжымға әсер етеді.
Әскери тәрбиелеу бойынша командирлердің, басшылардың жұмыстары келесілерді қамтиды:
- бағыныштылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу;
- жеке тәрбиелік жұмыстарды жоспарлау;
- тәртіпілікті қалыптастыру деңгейін үнемі бағалу (жауынгердің қызметке қатынасы, оның іс-әрекеттері, қол жеткен нәтижелері, қоғамдық белсенділігі, ықыласы, басқаларға ықпалы);
Жауынгердің тәрбиесі оның психологиялық қасиетінің ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. Жауынгерді жарғы талаптарына сай, тәртіп ережелерімен қаруландыру тәрбиенің негізі болып табылады. Меңгерілген білімдер базасында терең және мықты сенім. калыптасады. Төрбиеші жүмысында негізінен жауынгердің саналығына сүйенеді. Әскери ұжымдағы қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын тәртіп
ережелерін дәстүрге, әдет-ғұрыпқа айналдыра білу, тәжірибесі өте маңызды.
Барлық процесс біліммен қаруланудан сенімнің қалыптасуы мен
тәртіптің әдеттенуіне дейін бірлікте іске асады. Жарғылық тәртіптің тәжірибе жинақтауға бағытталған жұмысы жауынгердің білімін тереңдетеді және кеңейтеді.
Өз кезегінде білім жүйесінің қалыптасуы жақсы әдеттің құрылуына негіз болып табылады. Сондықтан да тәрбиелік жұмыстар жауынгер санасына, оның ішкі сезімі мен ерік жігеріне және тәртібіне толық әсер етеді деп түжырымдауға болады.
Тәрбие жұмысының нәтижелілігі жауынгердің тәжірибесі мен әрекет арқылы аныкталады.
Тәрбие жүмысының негізгі сипаттамасы тәрбиешілердің біріккен өзара әрекеті ретінде жауынгерлермен әскери ұжымдардың қазіргі заманғы ұрыстық талаптарына сай сапаларды калыптастыруы және койылған талапты нақты орындай білуі болып табылады.
Тәрбиелік жұмыстың негізгі міндеті жауынгерде ғылыми дүниетанымдығын қалыптастыру. Әрбір жауынгерде толық философиялык, экономикалық және әлеуметтік саяси көзқарастарының қалыптасуы осы міндеттерді шешуге сенімді негіз болады. Жауынгерде дүниетанымдық көзқарасын дамыту мен бекіту жан - жақты тәрбиелеу жұмыстары арқылы жүзеге асады. Саяси идеялық тәрбие - бұл тәрбие процесінің басты бөлігі. Ол жауынгерде саяси саналылықты, дұшпанның дәріптеуіне мойынсұнбау, қоғамдық саяси белсенділікті, сақ болуды және әскери міндетін орындауға әрдайым дайын болуды қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Сақтағанов Б. Әскери психология : Оқулық / Б. Сақтағанов. - Алматы : Өлке, 2012. - 352 бетТұрдалиева А.Ш. Әлеуметтік психология : Оқу-әдістемелік құрал / А. Ш. Тұрдалиева. - Алматы : Отан, 2015. - 106 бет
2.Шерниязова В.В. Развитие навыков конфликтологической компетентности у студентов вузов как основы профессиональной адаптации : Учебно-методическое пособие / В. В. Шерниязова. - Алматы : Отан, 2015. - 182 с
Достарыңызбен бөлісу: |