14 тақырып. Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу.
Нарықтық экономиканың циклдық дамуы.
Экономикалық цикл және оның кезеңдері.
Экономикалық өсу түрлері және себептері.
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
4
3 1 3
2
|
Циклдың фазалары:
Дағдарыс (құлдырау, рецессия).
Тоқырау (стагнация).
Жандану.
Өрлеу (бум).
|
14. сурет. Экономикалық цикл
|
|
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Достарыңызбен бөлісу: |