К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған. Марксистердің айтуы бойынша, экономиканың циклдық дамуы өндірістің нәтижесін иемденудің жекекапиталистік формасының арасындағы қайшылықтар байланысты. Капиталдың қорлануы, өндіргіш күштердің дамуы өндірістің қоғамдасуын жоғарлатады, яғни капиталдың шоғырлануы және орталықтануы, индустриялық орталықтар мен ірі капиталистік кәсіпорындарының қалыптасуы. Марксизм теориясында аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстардың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ ерекшеліктері бар:
жерге шаруашылық объекті ретінде монополияның болуы;
аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;
табиғи фактордың әсері;
ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы.
Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Неоклассиктер мен неокейнсшілдер циклдік дамуының себебіне, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін көлемімен және осы мезгілде дейінгі жинақталған запасының арасында тепе-теңдік пропорция бар. Осы тепе-теңдік бұзылмағанша циклдық ауытқулардың болуы мүмкін емес. Осы екі бағыттарының циклдық теориядағы айырмашылығы тепе-теңдіктің сипаты мен себептері.
Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.
Циклдардың себептерін зерттеген бағыттардың бірі психологиялық теориялар. Психологиялық теориялардың бір бағыты XIX- XX ғғ. пайда болды, өкілдері У.Джевонс пен В.Парето. Циклдық дамуын тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің іс-әрекетімен байланыстырады, яғни баға мен құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің себептерімен. XX ғ. басында психологиялық теориялардың екінші бағыты пайда болған және А. Пигудың теориясымен байланысты. Басты себепті өндірушілердің өндірістік капитал салымының ерекшелігімен байланыстырады. Р. Лукастың шығарған экономикалық циклдың тепе-теңдік теориясы шаруашылық субъектерінің тәртібі және олардың экономикалық мәліметті қабылдауының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл теорияның басты ойы – ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуімен байланысты акселерациялық механизмнің өзара әсері.
Сыртқы факторлардың әсеріне тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер. Қазіргі кезде циклдардың себептерін зерттеуде математикалық әдістер қолдануда