б) өндірістік кооператив шаруашылық серіктестіктің кез – келген нысанында қайта құрыла алады.
б) өндірістік кооператив шаруашылық серіктестіктің кез – келген нысанында қайта құрыла алады.
в) жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктің басқа түрлерінде , өндірістік кооператив немесе акционерлік қоғам нысандарында қайта құрылуына болады.
14.3 Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы ( банкроттығы)
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы заңына сәйкес, банкроттық деп борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігін айтамыз.
Ал дәрменсіздік – сот немесе борышкер мойындаған, кредиторладың ақшалай міндетемелер бойынша талаптарын ( жалақы төлеу жөніндегі талаптарын қоса алғанда) борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі.
Басқаша айтсақ, банкроттық – шаруашылық субъектінің қарыздық міндеттемелері бойынша төлем жасай алмауы және қаражаттың жоқтығынан ағымдағы негізгі қызметін қаржыландыру мүмкіншілігінің болмауы.
Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы мынадай жағдайлармен байланысты болып келеді.
Кәсіпкердің кінәсінан емес, ойламаған міндеттемелердің туындауымен немесе төтенше жағдайлардың ( апатты жағдайлар, әскери іс- әрекеттер, саяси тұрақсыздық, елдегі дағдарыс т.б.) орын алуымен байланысты бақытсыз жағдайлармен;
Кредиторларға қарыздарды төлеуден қашу мақсатымен өз мүлкін саналы түрде жасыру нәтижесінде орын алатын жалған жағдайлармен;
Кәсіпкерлік қызметте тәуекелді операцияларды жүзеге асыру кезінде жасалған жұмыстардың тиімсіздігі салдарынан орын алатын абайсыз (епсіз) жағдайлармен.
Кәсіпкерлік қызметте тәуекелді операцияларды жүзеге асыру кезінде жасалған жұмыстардың тиімсіздігі салдарынан орын алатын абайсыз (епсіз) жағдайлармен.