14.1 Кәсіпкерлік қызметті тоқтату және кәсіпкерлік ұйымдардың таратылуы
14.2 Кәсіпкерлік ұйымдарды қайта ұйымдастыру (қайта құру) мен сауықтыру
14.3 Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы ( банкроттығы)
,
14.1 Кәсіпкерлік қызметті тоқтату және кәсіпкерлік ұйымдардың таратылуы
Еліміздің заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет заңды тұлға құрмастан ( дара кәсіпкерлік) және заңды тұлға құру ( түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар құру) арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты олардың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы мен таратылуы бойынша өзіңдік ерекшеліктері бар.
Осыған байланысты олардың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы мен таратылуы бойынша өзіңдік ерекшеліктері бар.
Сондықтан дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметті тоқтату себептері мен шарттарын, тарату үшін қарастырайық.
Дара кәсіпкерлік үшін де заңды тұлғалар үшін де кәсіпкерлік қызметті тоқтату 2 түрде: ерікті және мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерлік үшін де заңды тұлғалар үшін де кәсіпкерлік қызметті тоқтату 2 түрде: ерікті және мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.
Бірлескен кәсіпкерлік жағдайында оған қатысушылардың жартысы кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға дауыс берсе, онда кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешім қабылданды деп саналады( егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе).
Дара кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде тоқтатылады:
Ол банкрот деп танылса;
Тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтардың орын алуына байланысты дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз болса;
Күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып қызметін жүзеге асырса;