14-тақырып. Сыртқа шығару процестері. Бүйректің құрылысы мен қызметі Дәрістің жоспары



Pdf көрінісі
Дата21.04.2022
өлшемі107,37 Kb.
#31831


14-тақырып. Сыртқа шығару процестері. Бүйректің құрылысы мен 

қызметі 

 

       Дәрістің  жоспары:  

1.  Зат алмасудың қалдықтарын денеден шығарудың маңызы 

2.  Зәр шығару мүшелерінің  құрылысы мен қызметі 

3.  Бүйректің қызметінің реттелуі 

4.  Зәрдің  түзілу механизмі  

 

Зат алмасуының  қалдықтарын денеден  шығарудың маңызы. Зат  алмасуы  

нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минералды  

қосындылар ыдырайды. Олардың  тіршілікке қажетті заттары  ішек-қарын  мен 

бауырдан  қанға  өтіп,  бойға  сіңеді,  ал  зат    алмасуынан  пайда  болған  қажетсіз 

қалдық    заттары  клеткадан  ұлпалардан,  денеден  шығарылады.  Көмірсуының   

қос  тотығы мен  су  буы  өкпе  арқылы тыныс  алу  мүшелерінің жолдарымен 

сыртқа    шығады.  Органикалық  минералдық  күрделі  қосындылардың  

ыдырауының  соңғы  бөлшектері  аралық    өнімдері  қорытылмай,  бойға  сіңбей 

қалған керексіз заттар,  мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір  

тұздар,  зиянды  микроорганизмдердің    токсиндері    ішек    пен    бүйрек  арқылы 

шығарылады. Су мен  онда  еріген  тұзадр, сүт  қышқылы, хлорлы қосындылар 

терлегенде  термен  шығарылады.  Демек  зат    алмасуының  ыдырау    өнімінің 

соңғы    қалдықтарын,  зиянды,  улы  заттар  денеден  сыртқа    өкпе,  ішек,  бүйрек, 

қан    тамырлары  тері  арқылы  шығарып  дене  тазартылыпы,  организмнің  ішкі  

ортасының  қалыпты  тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін  

сыртқа шығару  мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.  

 

Бүйректің  құрылысы  мен  қызметі.  Сыртқа    шығару  мүшедерінің  ішінде 



бүйрек  ерекше  орын  алады.    Адамның    бүйрегі    жұп    мүше.    Ол    бел  

омыртқаларының  екі  бүйірінде  қабырғалардан    төмен  орналасқан.    Оң  

бүйректің орналасуы сол жақ  бүйректен сәл  жоғарырақ.  Екеуінінің құрылысы 

бірдей. Бір  бүйректің массасы 120-150 г. ысрты дәнекер ұлпасымен қоршалған.  

Бүйректің  қалың  майы қаптап  тұрады.  

  Бүйрек  сыртқы қызғылт  қоңыр түсті  қыртыс   қабаты және  ішкі   ортаңғы  

ақшыл    милы    қабаты  болады.    Бүйректің  сыртқы  жиегі  дөңестеу,  ішкі  жиегі  

ойыстау  келеді.  Қан    тамырлары,  нервтері  және    несеп  ағар    түтікшелері   

бүйрекке  ойыс    жағынан    кіреді.    Бүйректің    ойыс    жағында    бүйрек    түбі 

болады, ол  бүйрек  тостағаншаларына  жалғасады.   Бүйректің  тостағаншаға  

жалғақан  ұшында бүртіктері  болады. 

Несепағардың ұзындығы 30 см ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай 

жүріп  отырып  қуыққа  келіп  жалғасады.  Оны  құрсақ  және  жамбас  бөлігіне 

бөледі, ол кіші жамбас ішімен төмен қарай жүріп отырып іштік астынан қуық 

қабырғасының төменгі жағынан қиғаш өтіп түбіне таман ашылады. Несепағар 

қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат, іш жағын астарлап ұзына 

бойы қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Мұның өзі 

екі  бағытта  жатқан  ет  талшықтарынан  тұрады:  сыртқы  —  сақиналы,  ішкі  — 

ұзына бой. Ет талшықтарының жиырылу нәтижесінде бүйректен бөліп шыққан 

несеп  әрдайым  қуыққа  қарай  ағып  отырады.  Несепағардың  сыртқы  қабатына 




 

 

келсек,  ол  дәнекер  тканінен  түзіліп,  сыртын  қоршаумен  бірге  айнала  жатқан 



органдармен байланыстырып орнына бекітіліп отырады. Осы аталған несепағар 

қабаттары  жалпы  жақсы  жетілмеген,  сондықтан  да  ішінде  ағып  жатқан  несеп 

іштік астынан да керініп жатады. 

Қуық  —  зәрдің уақытша  жиналып  тұратын  органы.  Ол  жамбас  қуысында 

шат сүйегінің артында орналасқан. Ер кісілерде қуық артында несепағар мен тік 

ішек  және  шәует  көпіршіктері  жанаса  жатады.  Ал,  әйел  адамда  қынап  пен 

жатыр жатады. Оның алдыңғы кеңістігінде бос болбыр май ткані болады. Қуық 

пішіні жалпы оның созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай 

езгеріп отырады. Ол несепке толған кезде алмұрт тәрізді келеді, оның төменгі 

жағын  түбі,  жоғарғы  жағын  ұшы,  орта  бөлігін  қуықтың  денесі  дейді.  Қуық 

түбінен несеп каналы басталады. Қуық сыйымдылығы 700 см

3



Несеп каналы қуықтың зәр шығаратын түтігі. Ол ер адамда шәует жолымен 

бірігіп келсе, әйел адамда бөлек болады. Ер адамдардың несеп каналы басталар

ортаңғы және соңғы бөлімдерден тұрады.  

1. Басталар бөлімінің ұзындығы 3—4 см оны қуық түбіндегі предстат безі 

қоршап  жатқандықтан предстат  бөлімі деп  атайды. Осы  бөлімнің екі  жағынан 

шәует  шашқыш  ағысы  мен  предстат  безінің  түтікшелері  ашылады.  Несеп 

каналының  қуықтан  басталар  жерінде  жазық  салалы  ет  талшықтарынан 

түзілген ішкі қысқыш сфинктер жатады. 

2.  Ортаңғы  бөлімі  қысқа  (1-3  см)  және  жіңішке  болып  келеді.  Ол 

жамбастың түп жағында орналасқан. Бұл бөлігі бұлшық еттер мен шандырлары 

арқылы шат сүйегіне берік бекемделген.  

3.  Соңғы  бөлімі  —  басқа  бөлімдеріне  қарағанда  ұзындау  (16-18  см),  бұл 

жыныс  мүшелерінің  астыңғы  кеуекті  денесі  болып  саналады.  Оның  басталар 

жерінде бадана (Куперово) бездің бірнеше түтіктері ашылып, оның шығаратын 

несеп  каналына  шығып  отырады.  Несеп  каналының  ішкі  қабаты  басталар 

бөлігінде  —  ауыспалы,  ортаңғы  бөлігінде  көп  қатарлы,  ал  соңғы  бөлігінде  — 

бір  қабатты  эпителиймен  жабылған.  Эпителий  қабатындағы  бокал  тәрізді 

бездер үнемі кілегей шығарып, зәрдің оңай ағуына жағдай жасайды. Кілегейлі 

қабаттық  сырт  жағында  ұзынша  және  көлденең  орналасқан  ет  талшықтары 

жатады. 


Әйел  адамның  несеп  каналы  —  ер  адамның  несеп  каналына  қарағанда 

қысқа,  әрі  кең  келеді,  орташа  үзындығы  2—3  см.  Қуықтан  басталып  төмен 

қарай жүріп отырып, жамбас түбінен (диафрагмасынан) өтіп, клитер мен қынап 

кіре  беріс  аралығында  ашылады.  Несеп  каналы  қабырғасы  кілегейасты,  ет 

қабаттарынан  түзілген.  Кілегейасты  қабаты  қан  тамырлы  келеді.  Кілегейлі 

қабат  ұзына  бой  қатпарлана  жатады.  Несеп  каналының  қуықтың  басталар 

жерінде жазық салалы ет талшықтарынан түзілген еріксіз қысқышы болады, ал 

жамбас  түбінен  өтер  жерде  көлденең  жолақты  ет  талшықтарының  түзілген 

ерікті қысқышы жатады. 

 

Несеп    нефронда    түзіледі.    Ол  екі    кезеңнен  тұрады.  Бірінші  кезенде  



алғашқы    несеп,  ал  екінші  кезенде  соңғы  несеп  түзіледі.    Нефрон 

капсуласындағы    тамырлар  шумағында  қан    қысымы  жоғары,  сондықтан  

қанның  сұйық  бөлігі  капсула  ішіне  сүзіледі.    Мұның    нәтижесінде    алғашқы 

несеп  пайда    болады.  Алғашқы    несептің    құрамы  қан    плазмасымен    бірдей, 




 

 

бірақ  оның  құрамында  белок пен қан клеткалары болмайды. Екінші кезенде  



алғашқы  несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий 

иондары,  организмге  қажетті  заттар  қайтадан    кері  сіңеді,  ал  мочевина  несеп  

қышқылы,  сульфаттар  сияқты    зиянды  тіршілікке  қажетсіз    заттар  Генле  

иінінен  кейінгі  екінші  деңгейлер    иірім  каналдарда    қалып,  нағыз    несептің  

құрамына  кіреді.  Соңғы    нефронның  жинағыш    жолдарымен  ағып,  бүйректің 

бүртіктеріне,  одан  тостағаншасына,  одан  бүйрек  түбіген,  содан  соң  ұзындығы 



30 см-дей несеп ағар  арқылы қуыққа барады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет