14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Перифериялық көктамыр катетерін қою көрсетпелері



бет63/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102
Перифериялық көктамыр катетерін қою көрсетпелері:

  • Пациент ауыз арқылы сұйықтықтар қабылдай алмаған жағдайда су балансын қолдау және коррекциялау үшін

  • Дәрілік ерітінділерді жиі енгізу үшін

  • Қан және оның компоненттерін құю үшін

  • Парентеральді тамақтандыру

  • Ота жасау

  • Аймақты анестезия

Перифериялық көктамыр катетері құрылысы,түрлері:
Перифериялық көктамыр катетері келесі бөліктерден тұрады :
Катетер (жұмсақ,иілгіш),Ине – өткізгіш (қатты),Бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша),Қорғаныс қақпақшасы,Кейде қосымша құрылғы – кішкене қанаттар
Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері
Катетер таңдаудың негізгі принципі - қолжетімді перифериялық көктамырлардың ең ірісіне қажетті енгізу жылдамдығын қамтамасыз ететін өлшемі кішкентай катетер қолдану. Катетер таңдауда пациенттің ерекшеліктерін,емдеу жоспарын,катетерді қолдану мерзімін ескеру керек. Перифериялық венозды катетермен жұмыс істегенде асептика қатаң сақтау,стерильді қолғаппен жұмыс істеу,дәрілік заттарды әр енгізген сайын стерильді бітеуішті ауыстырып отыру қажет.
Перифериялық катетер қою үшін көктамырды таңдау:
Көктамырдың келесі қасиеттерін ескеру ұсынылады:
1. Бүйір тамырлары жақсы дамыған , жақсы көрінетін көктамырлар
2. Бүйір болмаған дене жағының көктамырлары оңқайларда – сол жақ, солқайларда –оң жақ көктамырлары
3. Алдымен дисталды орналасқан көктамырларды қолдану
4. Ұстағанда жұмсақ және иілгіш көктамырларды қолдану
5. Оталық араласу жағына қарама қарсы жақтағы көктамырларды пайдалану
6. Диаметрі үлкен болған көктамырлар.
Перифериялық катетер қойылатын анатомиялық орындар:

  • Алақанның сырт жағындағы көктамырлар

  • Білектің ішкі бетінің көктамырлары.

Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ

  • Манипуляциялық үстелше,клеенкалық жастықша

  • Стерильді астауша

  • Қолданылған заттарға арналған астауша

  • Шприц көлемі 10мл 0,9 % NaCl ерітіндісімен

  • Стерильді мақта шариктері мен салфеткалар

  • Лейкопластырь

  • Қайшы

  • Тері антисептигі

  • Бұрау

  • Перифериялық венозды катетерлер

  • Стерильді қолғап

  • Бинт

  • Утилизацияға арналған контейнер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет