14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Бициллин ерітіндісін дайындау



бет66/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102
2. Бициллин ерітіндісін дайындау
Қолданылатын жағдайлар: Ревматизм, мерез, соз, ауруларында
Қолданылмайтын жағдайлар: Пенициллинге аллергиялық реакция байқалғанда
Әзірле:

  • Бициллині бар флакондар (бициллин - 1, бициллин - 5)

  • Бициллин ерітінділері (0,25%; 0,5% новокаин ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді (физ.ертінді), иньекцияға арналған сұйықтық

  • Шприц 5,0 – 10,0 мл, инелер, кескіш, зарарсыздандырылған мақта тампоны

  • Залалсыздандыру ерітінділері, спирт, пинцет, зарарсыздандырылған лоток

Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
2. Флакондарды тексеру: этикеткасын қарау, мөлшері, сақтау мерзімі, мөлдірлігі және бүтіндігін тексеру.
3. Шприц, инені құрастыру.
4. Иньекциялық ине өткізгіштігін алдын ала тексеру.
5. Бициллині бар флаконның металл қақпағын пинцет көмегімен алу.
6. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен сүрту.
7. Бициллин ерітетін ампуланы кескіш көмегімен кесіп, антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен ампула ұшын сындыру.
8. Ерітіндіні қажетті мөлшерде сорып алу, алдын ала дайындалған флаконның резеңке қақпағын тесу арқылы енгізу.
9. Шприцті инеден босатып алып, флакондағы бициллин ерітіндісін араластыру, ақ суспензия пайда болады.
10. Нұсқауға сәйкес бициллин суспензиясын сорып алу, ауасын шығару.
11. Иньекциялық инені алмастыру, бұлшық етке енгізу.
12. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен теріні баса отырып инені шығару, уқалау.
13. Пайдаланған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес жойылады.
14. Қолды жуу, кептіру.
Ескерту: Бициллин суспензиясы ақ сүт тәріздес, тез қатады, иненің бітелуі жиі байқалады. Иньекциялық иненің (ІІ) алдымен тексеру, тез бұлщық етке енгізу.
Ауаны ерітінді дайындаған ине (І) арқылы шығару.
Саудалық атауы: Гепарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет