14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Рентгенологиялық кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі



бет97/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Рентгенологиялық кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

  2. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз.

  3. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  4. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.



Ескерту:

  • ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан: шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс соктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды алып тастаңыз;

  • тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.



Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даЙЫНДАУ


Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.
ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

  3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

  4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

  5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

  6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

  7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.



Ескерту:

  • т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

  • биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.

Білім алушының қолы ________________


2020 ж. "маусым" 25
________________________________________________________________________________
(«Әдістемелік жетекші») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет