14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Магниттік-резонанстық томография



бет99/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

Магниттік-резонанстық томография (magneticresonanceimaging, MRI), магниттік-резонанстың көмегімен бейнелерді компьютерлік жолмен жасау.Зиянды болу қаупі бар рентгендік және гамма-сәулелерді пайдаланбай-ақ магниттік резонанстың көмегімен алынған құрылымдық және биохимиялық ақпарат медициналық патологияларға диагноз қоюда құндылығы өте жоғары. Бұл технология ісіктерді анықтау және таратпау үшін, жұмсақ ұлпалардан тұратын мидың, жүректің жәнебасқа ағзалардың суретін түсіру үшін баға жетпес құрал. Дегенмен бұл түсірілімді түсіру барысында пациентке ыңғайсыздық тудыратын жіңішке трубада қозғалыссыз жатуы керек.Аты аталған бұл әдістің тағы бір кемшілігі медицинада суреттерді түсіретін басқа аппарат түрлерімен салыстырғанда бұл құралда сканерлеуге ұзақ уақыт кетеді, бұл өз кезегінде ұлпалық қысқаруға сезімтал болғандықтан, көкірек қуысын немесе асқазанды сканерлеуге жарамсыз етеді.
Бөлімшеде өз мамандығын жетік меңгерген, тәжірибесі мол мамандар, алыс және жақын шетелдерде әлденеше рет білімін жетілдіруден өткен медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғарғы категориялы дәрігерлер жұмыс істейді.
- Магниттік- резонанстық томография
- Компьютерлік томография (КТ)
- Жүректің тамырларын тексеретін мультиспиральды компьютерлік томография. (МСКТ - коронарография).
Бұл аппарат әртүрлі паталогиялық жағдайлардағы, ауру дамуының алғашқы кезеңдеріндегі болмашы анатомиялық-құрылымдық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін жоғары шешімдік әлеуетке ие. МРТ-ны қолдану аймақтары іс жүзінде адам ағзасының барлық жерлерін қамтиды. МРТ- қазіргі таңда барлық диагностика жасаулардың ішіндегі клиникалық іс-тәжірибеге мықтап енген заманауи әдістердің бірі. МРТ диагноз жасаудың инвазинді емес (ағзаға араласпайтын) және тиімді, жоғары шешімге ие әдісі.
- Компьютерлік томография (КТ)64 бұрандалыSomatom Definition AS (Siemens) компьютерлік томографиясында - қарапайым талдаудан бастап, күрделі ангиографиялық зерттеулерді де, соның ішінде коронарографияны да жүргізетін, қаладағы осындай бірден-бір аппарат арқылы орындалады. КТ - нысанды рентген сәулесінің жіңішке шоғы арқылы айналдыра сканерлеу жолымен алынған суретті компьютерлік қайта құрылымдауға негізделген көп қатпарлы рентгенологиялық зерттеу. Бастапқы суреттер алынған соң, олар жұмысшы станцияда өңделеді, бұл кез-келген қажетті кеңістіктегі бейнелерді алуға және неғұрлым дәл және сенімді ақпарат үшін күрделі компьютерлік қайта құрылымдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Бас миының мултиспиралды компьютерлік томографиясы (МСКТ);
- Кеуде, құрсақ қуысы, кіші жамбас жасушаларының МСКТ;
- Сүйектік-буындық жүйенің МСКТ;
- МСКТ-ангиография, МСКТ, соның ішінде коронарлық тамырлардың үлгілеуге және үш өлшемде қайта құрылымдауға мүмкіндік беретін зерттелуі;
- Автоматикалық инжекторды пайдалану арқылы ішкі мүшелерді болюстық зерттеудің толық ауқымы;
- МСКТ-ның бақылауы арқылы пункциялар және биопсиялар жасау;
- Бас миының диффузиялық-сараптамалық зерттеуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар МРТ томографиясы;
- Омыртқаның және жұлынның МРТ (кешенді зерттеу мен миемографияны қоса алғанда); сүйектік-буындық (иықтық, тізелік, құйыршықтық-жамбастық буындардың, қолдың саусақтарының, табандардың және т. С. С.) жүйенің МРТ;
- Жұмсақ талшықтардың МРТ;
- Ішкі қабырғалардың МРТ;
- Құрсақ қуысы мен құрсақ арты органдарының МРТ;
- Кіші құйыршық ауданы органдарының МРТ;
- Сүт бездерінің МРТ;
- МР-ангиография (контрастысыз және венаның ішіне контрастылық препараттарын енгізу арқылы);
- Құрсақ қуысы мен құрсақ арты кеңістігі органдарының МРТ;
- МР - холангиография;
- МР - урография;

- Қан тамырлық және болюстық зерттеулер жүргізу үшін инжекторды пайдалану арқылы МРТ зерттеу.


- Контрастылы заттарды венаға енгізу арқылы зерттеулер жүргізген кезде әлемдегі жетекші өндірушілердің гипоаллергендік дәрі-дәрмектері қолданылады. Толық көлемде зерттеуден өту және қызықтыратын сала бойынша қорытынды алу үшін өзерттеудің осы түрін алдын ала болжам түріндегі диагнозбен ұсынған дәрігердің жолдамасын алуы керек. КТ және МРТ тексерілуге жолданған пациенттермен қысқаша әңгіме өткізіледі, соның барысында зерттеу жүргізудің барлық ерекшеліктері түсіндіріледі.
- Венаішілік контрастылық күшейту арқылы компьютерлік томография өткізуге ерікті ақпараттық келісу парағы.
- Венаішілік контрастылық күшейту арқылы магниттік-резонанстық томография жүргізуге ерікті ақпаратттық келісу парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет