15) Ж. А. Кожекенова, А. Н. Бекназарова


Дүниежүзіндегі қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға көрсетілетін паллиативтік көмек тәжірибелері



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#132014
1   2   3   4
Байланысты:
ӘЛЕМДЕГІ-ЖӘНЕ-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ-ПАЛЛИАТИВТІ-КӨМЕК-ДАМУЫНЫҢ-САЛЫСТЫРМАЛЫ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дүниежүзіндегі қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға көрсетілетін паллиативтік көмек тәжірибелері. 
ДДҰ сарапшылар Комитеті 1989 ж. қатерлі ісік кезінде ауруды жеңілдету және белсенді қолдау терапиясы бойынша 
паллиативті көмекке жүйелі анықтама берген. Паллиативтік көмек:өлімді табиғи процесс ретінде қарастыру; өлімді 
тездетпеу, бірақ оның басталуын созбау; ауруды төзу деңгейін төмендету және науқасты мазалайтын басқа да 
белгілерін барынша жұмсарту; науқасқа психологиялық және рухани қолдау көрсетуді қамтиды; науқастың қайтыс 
болғанға дейін барынша ұзақ белсенді өмір сүру қабілетін қолдау жүйесін ұсынады; науқастың жанұясына ауру 
үстінде және қайтыс болғаннан кейін де көмек көрсету жүйесін ұсынады. 
Францияда қазіргі кезде егде жастағы, əлсіз адамдарға арналған мекемелер, хоспистер жалпы қарау ауруханасымен 
бірге бір стационарлық ведомство құрайды. 
Көрші Рессейде паллиативтік көмек дамуы жүз жылдықтан бері бастау алып келеді. Бірақ Ресейдегі бірінші хоспис 
1990 жылы Санкт-Петербург қаласында, ағылшын журналисті Виктора Зорзы мен дәрігер-психиатр Лахтадагы А.В. 
Гнездиловтың ұсынысымен, белсенді ат салысуымен ашылған. Көп жылдар бойы осы хосписте Гнездилов өзі бас 
дәрігер болып жұмыс істеді. Одан кейін Зорзының ұсынысы бойынша екінші хоспис Мәскеу қаласында ашылды. Әрі 
қарай жылдар өте Ресейдің көптеген қалаларында: Тулада, Ярославльде, Мәскеуде, Арханкельскіде, Ульяновскіде, 
Омскіде, Кемеровта, Астраханьда, Пермде, Петрозаводскіде хоспистер ашыла бастады. Қазіргі таңда Ресейде 130-дан 
астам паллиативтік құрылымдық орталықтар салынған, және 60 шақтысы ұйымдастыру үстінде. 
АҚШ-та хоспистер 1979 жылдан бастап құрыла бастады. Америкадағы хоспистік бағдармалар стационарлық көмек 
моделінен құрылмаған. 1970 жылдардың басында белгілі болған "американдық хоспис" қозғалысы алғашқыда үй 
күтімінде негізделген. Яғни ауру адам үйінде, жанұясының арасында болып, хоспис қызметкерлерінің қолдауына ие 
болатын. 1984 жылдың ортасына қарай, АҚШ территориясында 1000-нан астам хоспис бойынша бағдарламалар 


жұмыс істей бастады. Кейбіреуі толықтай еріктілердің күшімен, бірақ көбісі штаттық жұмыскерлер күшімен қызмет 
атқарған. Қазіргі кезде АҚШ-та бізде секілді хоспис 3 басты қызмет көрсетеді : үй жағдайында қызмет көрсету, 
стационарда және жанұясына көмек көрсету болып табылады. «Хоспис және Паллиативтік медицина Америкалық 
Академиясының» (Аmerican Academy of Hospice and Palliative Medicinе) статистикасына сүйенсек 2014 жылы АҚШ 
елінде 4000-нан астам хоспистер тілкелген. Ол хоспистердің 50% толықтай пайдасын иеленуге құқылы мемлекеттік 
емес ұйымдардың қолында. Америкада жалпы хоспистерді, паллиативтік көмек орталықтарын қаржыландыру 80% 
қайырымдылық қорларынан, мемлекеттік емес ұйымдардан, жергілікті қалалық ұйымдастырылатын іс-
шаралардан жиналады, ал қалған 20% мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады (ол жалпы ішкі өнімнің 
денсаулық сақтау саласына 10% бөлетініне қарамастан) (5). Паллиативтік көмекті дамыту үшін халықаралық 
деңгейде бірқатар ұйымдар жұмыс жасайды, соның ішінде ең елеулілері: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 
(World Health Organization), Паллиативтік көмекті іске асыру орталығы(Center to Advance Palliative Care) Ұлттық 
Хоспис және Паллиативтік көмек ұйымы (National Hospice and Palliative Care Organization), Үкіметтік емес 
Бүкіләлемдік хоспис паллиативтік көмек көрсету Одағы (The Worldwide Hospice Palliative Care Alliance) (6).
Палииативтік көмекті зерттеу, дамыту бойынша халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының бірі – Бүкіләлемдік 
хоспис паллиативтік көмек көрсету Одағы (The Worldwide Hospice Palliative Care Alliance). Ұйымның 80-нен астам 
елдерінде ұйымдастыру комитеттері жұмыс жасап, хосписті паллиативті көмек көрсетуге үн қатады. Ұйымның 
басты міндеті – әлем бойынша сапалы, қолжетімді паллиативті көмекті көрсету, белсене ат салысу болып табылады. 
Қазіргі кезде бұл Одақ – Ұлыбританияда тіркелген. Дүниежүзілік Хоспис Паллиативтік көмегінің Одағының (The 
Worldwide Hospice Palliative Care Alliance) 2015 жылғы статистикалық мәліметтері бойынша: 

Дүниежүзі бойынша жыл сайын 40 миллионан астам адам паллиативтік көмекке мұқтаж, осы науқастардың 18 
миллионнан астамы – көмек түрін ала алмай, стресстік жағдайға душар болып, қайтыс болады; 

Дамыған елдердің 78%-ы паллиативтік көмекке және хосписке аса мұқтаж; 

20 миллионнан астам халық өмірінің соңында паллиативтік көмек керектігін білдіреді 
Дүниежүзілік, соның ішінде Республикамызда қатерлі ісіктің таралу қаупі мен қайтыс болу коэффицентін ескеріп, 
онкологиялық аурудың 60%-ы өлімге әкелетіні белгілі болды. Осыған байланысты жұқпалы емес өте қауіпті 
аурудың соңғы кезеңдерінде көрсетілетін паллиативтік көмек түрі қазіргі кезде өте актуалды мәселелердің бірі 
болып отыр. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша паллиативті көмек деген - қауіпті аурумен зардап 
шегетін адам үшін мамандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозға қарамай аурудың белгілерін 
жеңілдету. Паллиативті көмек адамдардың неғұрлым ыңғайлы өмірін сүруіне үлкен үлесін қосып, обырмен 
ауыратын науұастардың қажеттілігін өтейтін бірден-бір маңызды мекеме болып саналады. Бұл көмек түрі обырдың 
асқынған түрінің жоғары үлесі бар науқастар тұратын елді-мекендерде және жазылу мүмкіндігі төмек аймақтарға 
әсіресе керек мекеме болып табылады. Паллиативтік көмек қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың 90%-ан 
астамын физикалық, психоәлеуметтік және рухани мәселелерін әлдеқайда жеңілдетуге үлке үлесін қосады.
Паллиативті көмек қазіргі заманда бүкіл әлемдік қоғамдық денсаулық сақтаудың ең маңызды мәселелерінің бірі 
болып саналады. Мәселен, дүние жүзі бойынша, әсіресе АҚШ пен Еуропа елдерінде, біздің Отанымыздың өзінде 
орташа өмір сүру жасы ұлғайып келуде. Ол әрине денсаулық сақтау мәселесіндегі жетістіктердің бірі болып 
саналады. Алайда, адам өмірінің жасы ұлғайғанмен, ауру түрі де, сипаты ба басқа көрініс бере бастады. Егде жастағы 
адамдарға үй жағдайында жастар үшін уақыттың тапшылығынан қарау мүмкін емес болып барады. Соның 
салдарынан осы жас категориядағы адамдарға қамқорлық көрсету қоғамдық денсаулық сақтау саласының мойнына 
артылады (7, 8). Халық құрылымының өзгерісіндегі егде адамдарға өмірлерінің соңындағы көмек көрсету- 
денсаулық сақтаудағы қаражатандырудың едәуір бөлігін алады деп санау қате пікір. Оның дәлелі ретінде 
бүкіләлемдік салыстыру анализі көрсеткендей , мемлекеттегі егде адам саны мен денсаулық сақтауға бөлінетін 
қаражаттың арасында анық тәуелділік жоқ (9). 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының 2005 жылғы 40 жылдың ішінде 
жинақталған ғылыми зерттеулерге сүйене отырып шығарылған буклетінде паллиативтік көмек туралы, оны 
дамыту жолдары анық көрсетілген. Осы зерттеулерде паллиативтік медицинаға қазіргі заманда денсаулық сақтау 
ұйымдарының тиісті көңіл бөлмейтіні анықталды. Яғни, 21 ғасырда қатері ісікпен ауыратын адамдардың саны 
күннен-күнге өсуде, сонымен қатар 70% өліммен аяқталатын қатерлі ісіктің қоғамдағы, денсаулық сақтаудағы 
маңызы зор. Осындай елеулі орынды ала келе, өмірінің соңында паллиативті көмек көрсететін мекемелерге 
мемлекет, денсаулық сақтау саласы өте аз қаражат бөлуде.Бірқатар елдерде соңғы он жылдықта мемлекеттік 
стратегияның қатерлі ісік жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, оның нәтижесінде паллиативті көмек 
саласын зерттеуге 0,5% төмен қаржыландыру жұмсалатыны белгілі болды. Мысалы, Ұлыбритания мемлекеттік 
бюджеттің және қайырымдылық қорлар қаражатының тек 0,18% ғана қатерлі ісік ауруының ғылыми 
жұмыстарына, өмірінің соңғы күндері және паллиативтік көмек туралы ғылыми еңбектерге жұмсайды. АҚШ-та 
қатерлі ісік мәселесі бойынша ғылыми жұмыстар бюджеттің 0,9% ғана паллиативтік көмек мәселесіне жұмсалады. 
Қатерлі ісіктің жұқпалы емес аурулардың өлім себебі бойынша елеулі орын алатыны белгілі бола, мұндай 
қаржыландыру пайызы мүлдем аз деп санауға әбден болады. 
Паллиативті көмектің қоғамда, медициналық мекемелерінің арасында осындай маңызды рөлін біле тұра, осы 
мәселені ғылыми зерттеу жұмыстарына қаржыландыру үлесі мүлде төмек екені анықталды. Бірқатар елдерде 
қатерлі ісік бойынша ғылыми жұмыстардың ұлттық стратегиясына бақылау жүргізілген, қорытындысында 
паллиативтік көмек саласын зерттеу нышандарына жалпы қаржыландырудың тек 0,5% құрайтыны белгілі болды. 
Қатерлі ісіктің жартысынан көбісі өлімге алып келетіні белгілі бола тұра, бұл статистика мәліметтері 
таңғаларлықтай төмен екені анықталды (10). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет