1370-1405 жылдарға дейін 35 жыл билік құрған,27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Әмір Темірдің империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің (қолбасшы) баласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Ол Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы «хан» емес «әмір» деп атайды. Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Мауреннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген. Оның анасы Текене-қатын Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі Шағатай тұқымындағы әміршілерінің бірі болған.
Темір түрік,тәжік тілінен өзге парсы тілін де жақсы меңгерген, ғалымдардың тарихи шығармаларын тыңдап, сөйлеуді ұнататын және өзінің әңгімелерімен мұсылман тарихшыларын таң қалдыратын.
Әмір Темірдің «Әмір Темір аманаты» кітабында оның жастық шағы туралы мәліметтер айтылады:
«Жеті жасқа толғанда, мені медресеге тапсырды және қолыма сөздер кестесін ұстатты. Оқи бастадым, жетістіктерге кереметтей сүйіндім. Тоғыз жасқа толғанымда, бес уақыт намазды үйрендім және мектептегі барлық оқушыларға бастық болып алдым. Өзім қатысқан барлық жиындарда ғұламалардың жанына отыруға ұмтылдым. Тіземен шөкелеп отыратынмын. Үлкендерді құрметтеуді әдетке айналдырдым.Көшеде балалармен ұрыс-ұрыс ойынын ойнап, өзімді әмір етіп тағайындадым, ойынды басқаратынмын және бір топты екінші топпен ұрысуға машықтандыратынмын». Атақты тарихшы Арабшах Темірді тиран және жауыз ретінде атаған оның қарсыласы ол туралы былай айтады:
«Темір мығым денелі, ұзын бойлы, кең маңдайлы, кең кеуделі, зор дауысты және оның күшіне жететін жан болмағандығын айтады. Оның ұзын сақалы болды, оң аяғы мен оң қолы мертік болған. Ол 80 жасқа жетпей қайтыс болғанымен, ол өлген шағында өзінің қаталдығы мен ақылынан еш айырылмаған. Ол өтірікшінің жауы болған, әзілдер оны қызықтырмаған, шындық ащы болса да, оны жақсы сүйген.Өзі тұрған жерде қарақшылық, өлтіру мен әйелдерге деген зорлық-зомбылық туралы айтқызбаған. Сәтсіздіктер немесе жеңістер оның еңсесінің түсуінееш әсер етпеген. Ол өзін сыйлата білетін және әскеріне жолдас болған». 5.Әмір Темірдің жеке билігінің орнауы (1370-1405 жж.):
1361 жылы Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлиятының билеушісі болды. Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмір Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрдағы өзінің қолына алды.
Әмір Темірдің әскерлерінің шабуылдарының арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388 жж.), Шығыс Түркістан (1376 ж.), Герат (1381 ж.), Хорасан (1381ж.) Қандағар (1383 ж.), Сұлтания (Оңтүстік Әзірбайжан , 1384 ж.), Тәбріз (1384 ж.), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды.
1384-1391 жылдар аралығында Әмір Темір Алтын Орда және Моғолстан жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған.
1390 жылы жорықтардан кейін Моғолстан Темір толық тәуелділігіне түсті.
90 жылдары Әзірбайжан, Дағыстан, Түркістан, Грузия, Иран Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді.
1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Ливан (Палестина) мемлекеті бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады.
1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады.