15-тақырып. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру жолдары


Оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмысы



бет2/2
Дата06.12.2022
өлшемі20,71 Kb.
#55252
1   2
Байланысты:
15ә

Оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмысы. Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақта-ры оқушылардың өздіктерінен орындайтын жүмыстары-мен үштастырылып отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көз-деледі: 1) кітаппен жүмыс жасауға дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз ең-бектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағ-дай жасау.
Өздігінен орындалатын жүмыстың негізгі мазмүны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.
Мүғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіке басшылық керек, ал қан-дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілей-ді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жүмыс бірнеше этаптан түратын болса, онда ол жұмыо тың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Балалардың өздігінен орындайтын жүмыстарынық түрлері:
1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында бе-рілген материалдардың тізімі) таныстыру: оқу кітабын-да қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы-ғандарыңды кітаптың мазмүнынан белгілеңдер.
2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мүнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су-реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.
3. Жоспар жасау жүмысы: текстерді бөлікке бөлуг қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, тексті мүғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.
4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланың жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару. Үйге текстің мазмүнын қайта оқып шығу-ды бермей, творчестволық тапсырма беру керек. Мыса-лы «... туралы айтылған жерлерді табыңдар, текске қандай сүрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстары-на көңіл бөлу — олардың белсенділігін көтереді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Оқушыларға өздіктерінен жүмыс орындату қандай мақсат көз-дейді?
2. Балалардың өздігінен орындайтын жүмысынын, түрлері қандай?
3. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір тақырып бойынша оқушыларға ездігінен орындауға қандай жүмыстар беруге болатынын анықта.
Сыныптан тыс жұмыстар Ю.К. Бабанский мен Победаносцевтің еңбектерінде үлкен мән берілген. Олар бұлай деп ой тұжырымдайды:"Богатые воспитательные возможности внеурочной работы заключаются в том, что здесь в большой мере, чем на уроках, учитываются и удовлетворяются индивидуальные запросы, интересы, потребности ученика и создаются предпосылки для интенсивного развития его способностей ".
Сабақтан тыс уақытта жан-жақты ойластырылып істелген сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың білімін толықтыруда, тілін дамытуда, пәндерге қызығушылғын арттыруда, тәрбиелеу жұмыстарының пәрменділігін арттыруда атқаратын қызметі өте күшті. Оқушылардың сабақтан кейінгі бос уақыттарын дұрыс шешу , ұйымдастыру мәселесінің маңызы өте зор.
Оқушының бос уақытын пайдалы мәнді өткізуіне мұғалім, күшті әсер ете алады. Бұл әсер сабақтан тыс уақытта сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыстардың зор тәрбиелік мәнін ғалымдар өз еңбектерінде кең дәлелдеген.
Қорыта келе, дәрісте сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты, сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру, сыныптан тыс оқу барысындағы әдістемелік ұсыныстар қарастырылды.
Көрнекті материал: СТОД матнриалдары
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсатын анықтаңыз.
2. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру жөнінде не білесіз?
3. Сыныптағы оқу мен сыныптан тыс оқуды салыстырыңыздар, олардың ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз.
4. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру барысында қандай әдістемелік ұсыныстарды ескерер едіңіз?  
5. Сыныптан тыс оқудың жоспарын құрастырыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет