16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты штаттық режимде жиынының б а ғ дарламас ы



бет7/7
Дата11.01.2022
өлшемі34,66 Kb.
#23931
1   2   3   4   5   6   7
Орындаған : Какимжанова.А.К

16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау штаттық режимде салтанатты жиынының

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы


Өтетін орны:

Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп фойе



Өтетін мерзімі:

__.11.2020ж. сағ.__.00




Мақсаты: Мектебіміздің «Жас Ұлан » ұйымы қатарына қабылдау, оқушыларды өз Отанын сүюге, өз елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі

Жалпы – 25 адам.





Уақыты

Ұйымдастыру шаралары

1.

10.30-11.00

Қатысушыларды сапқа тұрғызу. Жиынның ашылуы

2.

11.00-11.05

Дабыл маршымен республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туын енгізу

3.

11.05-11.08

Қазақстан Республикасының Гимні

4.

11.08-11.10

«Жас ұлан» ұйымы қатарына қабылдау рәсімі

5.

11.10-11.20

Республикалық «Жас Ұлан » ұйымы мүшелерінің анты

«Жас Ұлан» ұйымының әні



6.

11.20-11.25

Қонақтардың құттықтау сөзі

7.

11.25-11.27

Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туын шығару

8.

11.27-11.30

«Алға, Жас ұлан» әні -

9.

11.30-11.35

Жиынның жабылуы. Естелікке суретке түсу


16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты штаттық жиынының

С Ц Е Н А Р И І


Өтетін орны: Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп


Өтетін мерзімі:

.11.2020ж. сағ. .00


Жиын өтетін алаң жалау, шар, ұрандармен безендірілген. Сахна төріне қонақтарға арналған орын дайындалған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қойылған. Жиын төріне Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атрибуттары бейнеленген баннер, «Қазақстан -Нұрсұлтан - «Жас Ұлан» ұрандама сөздерімен безендірілген. Сол жақта дабылшылар тобы тұрады. Мектеп оқушылары қатар түзеп тұрады. Іс-шара басталғанға дейін патриоттық әуендер естіліп тұрады. Республикалық ұйымға қабылданатын мектеп оқушылары салтанатты сапта жиын төріне қарсы бетте тұрады. Салтанатты жиынға шақыратын және оның басталуын хабарлайтын фанфар ойналады.


Фанфар ойналып, ортаға Ұланбасшы шығады.
Ұланбасшы: Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, орай 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі жиынға мектеп басшылары мен ұстаздар.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынын бастаймыз!

Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Туына түзел, тік тұр! Ту әкелінсін!


Дабыл маршымен республикалық «Жас Ұлан» балалар мен

жасөспірімдер ұйымы Туы әкелінеді.


Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Ұланбасшы: Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі құтты болсын!

Жаса мәңгі ,Тәуелсіздік ұраны ,

Шарықтасын қазағымның жыр әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің «Жас Ұланы »

Кенен Әзірбаев жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.



  • Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру

  • Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

  • Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу

  • Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.
Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

Бұл жаңғыру – Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.


Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.


Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік

Бар қазақтың арман-жырын бір ету- хормен
. Жас ұландар, жас қырандар,

Еркін елдің түлегі.

Көркейе бер, гүл еліміз -

Балдырғандар тілегі.

Алға бас, қарышта, Жас ұлан,

Қанаты талмайтын, Жас қыран.

Жастықтың жігері бойыңда,

Өзендей күші бар тасыған.

Отанымның Жас ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Мәңгілік ел жолында,

Ант беруге дайын бол!

Ұланбасшы: Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуге дайынбыз.

Қазіргі таңда білім бағдарламалары елімізге ұтымды үлес қосып келеді. Табыс тізгіні білімді болашақ жастардың қолында. Біз – Қазақстан болашағымыз! Біз мақтаныш тұтуға лайықпыз!



Ұланбасшы: Ұйым,

Барлығы: Жас Қыран

Ұланбасшы: біздің ұран:

Барлығы: Қазақстан - Нұрсұлтан - Жас Ұлан (3 рет)

Ұланбасшы: Ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу құқығы құрметті қонақтарға беріледі.
Дабыл маршымен галстук байлау рәсімі жүргізіледі.
Ұланбасшы: «Жас Қыран » ұйымының антын айту құқығы Кенен Әзірбаев жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы ---------------------------------- беріледі.


«Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің

АНТЫ

Біз республикалық бірыңғай «Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып,


Өз Отанымыз – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Қыран » Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.



Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етеміз!
Ұйымға қабылданушы балалар: АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!
Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының әні орындалады.
Ұланбасшы: Құттықтау сөз ___________________________________ беріледі.
Құттықтау сөз

Ұланбасшы: Құрметті оқушылар, Сіздерді республикалық «Жас Ұлан » балалар ұйымына мүше болуларыңызбен құттықтаймыз!

Ұланбасшы: Ұйым! Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы Туына түзел, тік тұр! Ту шығарылсын!
Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Туы шығарылады.

«Алға, Жас ұлан» әні - «Алтын ғасыр»

Ұланбасшы: Республикалық «Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымына алғаш рет мүшелікке қабылданған балаларды құттықтай отырып, жиынды аяқтаймыз.
«Дала дастаны» әні - «Алтын ғасыр» вокалды тобының әні

Сазды әуенмен оқушылар сап түзеп жиыннан шығады. Естелікке суретке түседі.
Орындаған: Какимжанова.А.К

«Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп »КММ

Салтанатты іс-шара

Штаттық режимде

Тақырыбы : «Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау.

Өткізуші: Какимжанова.А.К

«Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп»КММ

Салтанатты іс-шара

Штаттық режимде

Тақырыбы : «Жас Қыран » балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау.

Өткізуші: Какимжанова.А.К

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет