Білімділік:оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге, биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып,өсімдік тіршілігіндегі судың ролін түсіндіру.
Дамытушылық:білімгерлердің логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, өз беттерінше жұмыс істей алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік:дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекке баулуға жауапкершілікке және мақсатына жете білуге тәрбиелеу
Белгілі бір орта факторларына қатысты өсімдік ағзаларының бейімделу қасиетін экологиялық топтар деп атайды
Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің топтары төмендегідей жіктеледі:
1.Гидатофиттер
2.Гидрофиттер
3.Мезофиттер
4.Ксерофиттер
Гидатофиттер
Гидатофиттер ( гректің «гидатос» – су, «фитон»- өсімдікдеген сөз)– су өсімдіктері.Бұлар тұтастай суда тіршілік етеді.Сабақтарында механикалық ұлпа болмайды,судың көмегімен денесін ұстап тұрады.
Мысалы: Элодея, балдырлар
Гидрофиттер
Гидрофиттер (грекше «гидрос» – сулы) – суды мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер.Көбінесе су жағасында тіршілік етеді.Мысалы:күріш, қамыс
Мезофиттер
Мезофиттер (грекше «мезазос» – орташа)– ылғалыдылығы орташа,жеткілікті аймақтарда өседі.Жапырақтары ашық,әрі ірі болып келеді.Олар орманда,шалғынды алқаптарда өседі.Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің басым көпшілігі – мезофиттер.
Ксерофиттер
Ксерофиттер( грекше «ксерос» – құрғақ) - суы аз топырақта, ауасы құрғақ жерлерде тіршілік етеді.Ксерофиттер құрғақ және шырынды болып бөлінеді.Шырынды ксерофиттердің жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді.Кейде оларды суккуленттер деп атайды.
Ал құрғақ ксерофиттерді- склерофиттер деп те атайды. Ылғалы өте тапшы, булану аз жүретін орта өсімдіктері.
Кім жүйрік?
Мына қораптағы өсімдіктерді суға қатысты экологиялық топтарын табыңдар.