Күшейткіштің сипаттамалары
а) Кіріс кедергісі. – кіріс клеммалары арасындағы кедергі, оны мына формуладан көре аламыз:
b) Күшейту коэффициенті. Күшейткіштің күшейту коэффициенті – күшейткіштің шығысындағы сигналдың кіріс сигналының мәнінің қатынасына тең:
Бірнеше каскадты күшейткіштердің коэффициенті барлық қолданылатын каскадтардың күшейткіш
c) Күшейткіштердің амплитудалық сипаттамалары – бұл шығыс сигналының максималды мәнінің кіріс сигналының максималды мәніне тәуелділігі.
Теңдеу бойынша қарастырылған кернеу күшейткіші үшін амплитудалық сипаттама тәуелді екенін көре аламыз:
Сигнал пішінінің өзгермеуі үшін кіріс сигналының өзгеру шегінде күшейту коэффициенті бірдей болуы керек. Ол үшін біз сызықтық амплитудалық тәуелділігі бар күшейткішті пайдалануымыз керек:
d) Жиілік сипаттамасы. Күшейтілген сигнал синусоидальды емес болған жағдайда оны тиісті жиілікпен сипатталатын жеке гармоникаларға бөле аламыз. Бірақ әр гармоника үшін коэффициент әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан күшейткіштің жиілік сипаттамасын ескеру керек.
Күшейткіштің жиілік сипаттамасы – бұл күшейткіш коэффициентінің сигнал жиілігіне тәуелділігі:
Синусоидальды емес сигнал бұрмаланбай күшейтілуі үшін, күшейту коэффициенті жиілікке тәуелді болмау керек, яғни K(v)=const. Жалпы жағдайда бұл шарт орындалмайды, нәтижесінде жиілік деп аталатын сигнал пішінінің бұрмалануы пайда болады.
Күшейткіштің өткізу жолағы – бұл күшейткіш коэффициенті тұрақты болатын жиілік аралығы.
Генераторлар – тұрақты кернеу көздерінің энергиясын әртүрлі пішіндегі электромагниттік тербелістердің энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Генераторлардың классификациясы:
сигнал пішіні бойынша: гармоникалық тербеліс генераторы және арнайы пішіндегі тербеліс генераторы (импульстік тербелістер);
сигналдың жиілігі бойынша;
қуаты бойынша;
жұмыс принципі бойынша (өздігінен қозатын генератор және сыртқы қозуы бар генератор).
Гармоникалық тербеліс генераторлары транзисторларда немесе үшэлектродты шамдарда жұмыс істейді. Олардың жұмыс істеуінің жалпы қағидалары өздігінен тербелмелі жүйелердің жұмыс істеу принциптеріне негізделген.
Релаксациялық тербелістер – синусоидальды емес пішіндегі электромагниттік тербелісі.
Релаксация тербелістерінің генераторлары: амплипульс терапиясында, флюктуоризация, «Электросон» аппаратында, диадинамотерапия,электростимуляцияда қолданылады.
Амплипульстерапия - аппараттың генераторы 5000 Гц жиілікте синусоидальды токтар тудырады,амплитудасы бойынша төмен жиілікпен 10-150 Гц шегінде модуляцияланған («Стимул» аппараты).
Флюктуоризация - тиісті аппараттың генераторы амплитудасы мен жиілігі бойынша 100-2000 Гц шегінде кездейсоқ өзгеретін төмен күш пен аз кернеудің синусоидальды тогын тудырады.Мұндай токтарды қолдану тіндердің тітіркендіргішке тәуелділігін азайтады (ауырсынуды басатын құрылғы-АСБ).
Электросон - тиісті аппараттың генераторы тікбұрыш пішінді импульстармен төмен жиілікті және төмен күшті импульстік ток жасайды.
Диадинамотерапия – тиісті аппараттың генераторы жартылай синусоидальды импульстермен ток жасайды («Тонус» аппараты).
Электростимуляция – құрылғының генераторы адамның жүйке-бұлшық ет аппараттарының (ACMаппараты) қызметін қалпына келтіру үшін импульстік токтар (көбінесе, экспоненциалды импульстар) жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |