16 Жартылай өткізгіштердің электр физикалық қасиеттері. Электронды-кемтіктік өткел. Электронды сұлбалардың көмекші, пассивті элементтері. Жартылай өткізгішті диодтар



бет8/15
Дата02.12.2023
өлшемі114,44 Kb.
#131474
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
16 Жартылай өткізгіштердің электр физикалық қасиеттері. Электро

Пьезоэлектрлік датчик. Пьезоэлектрлік датчиктің жұмыс істеу принципі кристалл диэлектриктерді деформациялау кезіндегі поляризация құбылысына негізделген. Осы датчиктердің кіріс шамасы – қысым, механикалық кернеу, ығысу болса, шығыс шамасы – электрлік кернеу. Медицинада пьезодатчиктер кеңінен артериялық қысымды және артерия пульсін тіркеуге қолданылады.
Индукциялық датчик. Индукциялық датчиктің жұмыс істеу принципі тұрақты магниттегі катушканың ЭҚК негізделген. Индукциялық датчиктің кіріс шамасы механикалық орын ауыстыру, сондықтан оларды жылдамдық өлшейтін құралдарда пайдаланады. Мысалы, өкпенің вентиляциясын тіркеу аппаратында.
Тензодатчик. Тензодатчиктің жұмыс істеу принципі механикалық деформация нәтижесінде өткізгіштің активті кедергілерінің өзгеруі - тензоэффектіге негізделген. Медициналық техникада пневмограмманы тіркеуде, кеуде қуысының жасушаларының периметрлерінің, дем алу жиілігін анықтауда қолданылады. Тензодатчиктер жилет түрінде созылмалы болып келеді. Сезгіш элемент екі резиналы, графитпен толтырылған деформация кезінде кедергісі өзгеретін түтікше датчиктің сезгіштігі деп аталады.
23. Медициналық электрониканың негізгі түсініктері. Күшейткіштер мен генераторлар. Медициналық аппаратураның сенімділігі
Медициналық электронды жабдықты екі топқа бөлуге болады: медициналық құрылғылар мен медициналық аппараттар.
  • Медициналық құрылғы –диагностикалық немесе емдік өлшеулерге арналған техникалық құрылғы (медициналық термометр, электрокардиограф және т.б.).


  • Медициналық аппарат – терапиялық, хирургиялық немесе бактерицидтік қасиеттің (УВЧ терапия аппараты, жасанды бүйрек аппараты және т.б.) энергетикалық әсерін (жиі мөлшерленген) жасауға, сондай-ақ кейбір субстанциялардың белгілі бір құрамының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құрылғы.


Медициналық-биологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын құрылғылар мен аппараттардың негізі:


  • Медициналық-биологиялық ақпаратты алуға, беруге және тіркеуге арналған құрылғы. Бұл құрылғылардың көпшілігінде электр сигнал күшейткіші бар.


  • Емдеу үшін денеге әртүрлі физикалық факторлар мен мөлшерлеу әсерін беретін құрылғы. Физикалық тұрғыдан алғанда, бұл құрылғылар әртүрлі электр сигналдарының генераторлары болып табылады.


  • Кибернетикалық электрондық құрылғылар.





Күшейткіш
Электр сигналының күшейткіші) – бұл сыртқы электр энергиясының көзіне байланысты қуат, кернеу, ток электр сигналдарының амплитудасын олардың пішінін өзгертпестен арттыратын құрылғы. Оларда күшейтілген электр сигналдарын қабылдайтын кіріс және күшейтілген электр сигналы босатылатын шығысы бар.
Күшейткіштер орындалу мақсаты бойынша келесідей жіктеледі:
  • Кернеу бойынша


  • Ток бойынша


  • Қуат бойынша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет